КІРІСПЕ
Еліміздің жаңа қоғамдық қатынасына өтуіне байланысты және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы нәтижесінде қазақ тіліндегі жаранмалар көптеп өмірге келе басатады. Қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени салаларда жарнама қазақ тілінде кеңінен жариялануда.
Жарнама - қоғамдық өмірдің аса маңызды саласы. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Жарнама ақпарат береді, үйретеді, жарнамаға қарап адам әрекет етеді, қалай сөйлесуді, қалайша өз ойын жарнамалауды үйренеді. Жарнаманың қызметі бүгінгі күні жан-жақты көріне бастады. Жарнама – құрал, жарнама - жан азығы. Жарнама – сауда құралы. Жарнама – тіл қызметінің аясын дамытатын сала. Жарнама – пайда көзі. Жарнама еліміздің даму тарихының бүгінгі кезеңінде тіліміздің табиғи-тілдік ортасын кеңейтіп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат ортасына айнала бастады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты жарнама тілінің әлеуметтік және лингвистикалық қызметті зерттеуді қажет ететін мәселеге айналды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты, оның әлеуметтік қызметі кеңейді, тіліміздің өмірдің күллі саласында еркін қолдануы жолында ешқандай тосқауыл, кедергі кездеспеуге тиіс болса да оның аясын кеңейтуге, өмірдің барлық саласына енуіне кедергілер көп десе де болады.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігін өмірдің кез келген саласында таныту қиын болғандықтан, әр салада аз да болса алға жылжу байқалады. Көп мүмкіндіктердің ішінде жарнама саласындағы мүмкіндік те бар. Қазақ тілінде “Жарымжан жарнама” деген сөз тіркесе пайда болды. Оның себебі - жаңадан ашылған жарнама беретін теледидар мен радио бағдарламалары, жарнама агенттіктері жарнамалауды бірізділікке, бір жүйеге түсіре алмай отыр, жарнамалар саласындағы жаңалықтар тиісті нәтижелер бермей, көпшілік назарына ілікпей отыр. Орыс тілді жарнамалардың толқыны қазақ тіліндегі жарнамалардың қадамын аштырмай келеді. Соған қарамастан мемлекеттік мәртебелі тіліміз жарнама тілі ретінде көшеде, радио, теледидар, кино, газет сияқты бұқаралық ақпарат арналарында жиі қолданыла бастады. Бірақ ол өзінің қолданылу аясын мейлінше кеңейте алмай келеді. Мысалы, айналамыздағы жарнамалардың көпшілігі орыс не шет тілінде жариялануда. Бұл жағдай әр қазақ ұлтжандыларын, ана тілін құрметтеуші отаншылдарды мазалауда. Жарнаманың қазақ тілінде адымын алшақтата баса алмай келе жатқандығының себебі айтпаса да түсінікті. Біріншіден, жарнаманы орыс тілінде жариялауды оңай көреміз, екіншіден, шын мәнінде жарнама тілі мен стилі қазақ тілінде әлі де болса қалыптаса қойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |