-де етістігі түрлi жолдармен ашық райда, бұйрық райда, шартты райда тұрып экспрессивтiк мағына бередi;
-де етістігі күрделi етiстiктердiң құрамында түрлi грамматикалық формаларда келiп, түрлі модальдық реңкте жұмсалады;
- деп көсемше тұлғасы айрықша зерттеудi қажет eтті, өйткенi ол: 1/ жай сөйлемде сан қырлы қызмет атқарады; 2/ eкi дербес сөйлемдi тұтас құрмалас сөйлемге бiрiктiредi; 3/ автор сөзiн бөгде сөзден ажырату үшін қызмет етеді.
Сонымен, де етістігі әр түрлi тұлғалық-семантикалық өзгерiстерге ұшырай отырып, қазiргi қазақ тiлдерiнде әлсiреген лексикалық мағынаға қосымша грамматикалық мағынаны бiлдiретiн күйде, сондай-ақ,
лексикалық мағынасын толық жоғалтқан күйде (демек, дегенмен және т.б.) кездесетiнiн және «дәл», «тура» деген мағынада толық мағыналы сөздің орнына жұмсалатынын көрсетті.
Деп көсемшесiнiң көп қырлы қызметi бұрыннан лингвисттүркiтанушылардың назарында болып келдi. Түркітану ғылымында деп көсемшесiнiң синтаксистiк қызметiне бiрқатар арнайы зерттеулер жасалды.
Қазақ тiлiндегi жалпы көсемшелердiң, оның ішінде деп көсемшесiнiң қызметiн алғаш рет белгiлi тiлшi-ғалым Н.Т. Сауранбаев жан-жақты зерттедi. Аталған мәселе жайында Н.Сауранбаев былай деп жазды: «Қазiргi қазақ тiлде де нақты өзiн көрсететін немесе нақты қабылданатын мағынаны бiлдiре алмайды. Оның мәнін алдында тұрған сөзбен немесе сөздермен байланыстырып қана бiлуге болады. Сондықтан ал дербес күйiнде не әдеби тiлде, не ауызекi тiлде қолданылмайды». Өз еңбегiнiң соңында автор ойын былайша түйiндейдi: «Деп» тұлғасының eкi жағын байқауға болады: бiрiншiсi тұтас сөйлемнiң де етiстiгiмен байланысы. Бұл байланысты семантикалық байланыс деп атауға болады. Екiншi өзiнiң семантикалық тобымен де етicтiгiнің келесi сөйлеммен байланысы. Бұл байланыс -п аффиксiмен көрсетiледi. Соңғысын синтаксистiк байланыс деп атауға болады. Сондықтан деп тұлғасы қазiргi тiлде жалғаулық қызметiн атқарады» [27,200].
Осындай ойды орыс ғалымы А.Н. Кононов [34] та бiлдiредi: «diye» сөзi de-mek «айту» етістігінің көсемше тұлғасы болып табылады; басқа түркі тiлдерiнде diye түрік сөзiне сол eтістіктің басқа да түрлi көсемшелерi te-//-de, tebI/deb, diyib; deyin // tiyin (көне түркі ескерткiштерi тiлiнде) сәйкес келедi.
Бiрқатар нақты материалдарға сүйене отырып, деп-(деб) - тiң негiзгi үш қызметiне тоқталамыз:
1. деп -(деб) жалғаулық сөз ретiнде eкi дербес сөйлемдi сабақтас құрмалас сөйлемге бiрiктiредi:
Бiр-ақ секiрiп шығам деп,
Бiр-ақ қарғып түсем деп,
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Мертiгедi, жатады.
Сөйтiп құдай ұрады (Абай).
Күйеуiнiң келгенiн күтпей-ақ бәйбiшеге осы сырды айтайын деп, қойларды үpкітe, қотанды қақ жарып Сәрсенбайдың ақ үйiне қарай жөнелдi (F.Мүсiрепов).
Абай өлеңiндегi көп бағыныңқылы сабақтас деп көмекшi етістігі арқылы сыңармен жарыспалы сипатта байланысып, басыңқ,ы сөйлемдегi істң себебiн бiлдiрсе, F.Мүсiрепов, М.Әуезов шығармаларынан алынған сөйлемдерде деп мақсат бағыныңқылы сабақтас жасайды. Абай шығармасынан алынған соңғы сөйлемде де деп өзi қатысқан сөйлемдi себеп бағыныңқылы сабақтасқа айналдырады.
2. деп (-деб) көмекшi етістігі автор сөзiн тiкелей жеткiзiлген бөгде сөзден ажырату үшін қызмет етеді:
«Бәсе, көрсек көремiз! Әлi түлкi қанжығаға тұрған жоқ. Асығып, аптықпа!» деп бұрылып жүріп кетті (М.Әуезов). Қоспан қолындағы қaғазды паршалап жыртты да: - қойды басқарманың өзiнен алыңыз,-деп айтты (T.Aхтанов).
Осындай тәсiлмен бөгде сөз басөа да түркі тiлдерiнде берiледi, бұл орайда «деп» көсемшесi автор сөзiн төл сөзден ажыратып қана қоймайды, бөгде сөз бар eкенін (қатысып тұрғанын) де көрсетедi.
3. Қазақ тiлiндегi нақты материалдар көрсеткендей, «деп» көсемше тұлғасы жай сөйлемде әр түрлi қызмет атқара алады. Осыған байланысты Н.Сауранбаевтың «қазақ тiлiндегi деп арқылы бiрiккен жай сөйлемнiң қ,ызметi алуан түрлi, ол ерекше зерттеудi қажет етедi» деген пiкiрiнiң өте дұрыстығын атап айту қажет.
Қазақ тiлiндегi нақты материалдар негiзiнде, «деп» көсемше тұлғасы жай сөйлемде басқа да лексикалық тұлғалармен логикалық және грамматикалық байланысқа түскіне қарай, мағынасы жағынан әр түрлi грамматикалық байланыстарды бiлдiретiндiгi қайта қарауды қажет ететiндiгiн дәлелдеуге ұмтылдық.
1) «Деп» көсемше тұлғасы iштей сөйлеуде басым рөл атқарады. Iштей сөйлеу дегенiмiз - сыртқа айтылмайтын, дыбысталмайтын, субъектiнiң өзiне қарата айтылған ішкі сөзі.
Мысалдар: «Амандығын бiле кетейiн», - деп Қартк,ожа бiртанаудiкiне келдi. - «Казак-орыстар шығындады», - деп Қартқожа қыстыгүнi eciткен (Ж.Аймауытов).
Келтiрiлген мысалдардан iштей сөйлеу және автор сөзi бiр жақта жеткiзiлетiнi көрiнiп тұр. Осылайша «деп», бiр жағынан осы eкi сыңарды бiрiктiрушiнiң рөлiн атқарады, екiншi жағынан iштей сөйлеудiң бар екендiгiн бiлдiредi.
2) «Деп» көсемше тұлғасы айтушының өзi қолданатын эксперссивтi-эмоциялы сөздердiң қатысын көрсетедi. «Алла» деп ұшып түсті (Ж.Аймауытов). «Па, шiркiн-ай!» деп сүйсiне күрсiндi (Т.Әлiмқұлов).
Осы сөйлемдерде деп етістігі өзi қатысқан сөйлемдегi мағына арқылы, айтушының сүйiнiшiн, қорқынышын, қаупiн, сескендiгiн, т.б. көңiл күйiн бiлдiредi. Оның үстінe деп көмекшi eтістігі пысықтауыш қызметінде жұмсалып, өзі қатысқан компоненттің мағынасын толықтырып, айқындап тұр.
«Деп» көмекшi сөзi баяндауыштың берiлу тұлғасына қарай әр түрлi синтаксистiк қатынас пен байланысты бiлдiредi: себептi байланыс, түсiндiру мақсатындағы байланыс және ризалықты, күмәндiлiктi бiлдiретiн байланыс.
Жұмыс iстесiн деп өзiммен бiрге ала келдiм (З.Шүкiров). Әйтеуiр осылай айтуды қажет деп тапты (Т .Ахтанов). Ол кici не деп ойлайды екен? Осылай iстey керек деп түсiндiрдi (М.Мағауин).
Бiрiншi сөйлемде себептi байланыс екiншi, төртiншi сөйлемдерде түсiндiру мақсатындағы байланыс, үшiншi сөйлемде күмәндiлiктi бiлдiретiн байланыс орныққан.
Деп-деб-дип осындай ұқсас мағыналарымен барлық түркі тiлдерiнде кездесетiнiн атап айту қажет.
Орхон - Енисей ескерткiштерi тiлiндегi етiстiктердi зерттеген М.Ахметов «йiн - ге бiтетiн көсемше тi (айту) сөзiмен бiрге көмекшiлiк рөл атқара отырып, 22 рет кездесетiнiн» [8,24] көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |