Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет60/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Кеңестік кезеңге дейін

Кеңестік кезеңде

Тәуелсіздік алғаннан кейін

I.

Түркістан

Түркістан

Түркістан

?.

Шорнақ

Шорнақ

Шорнак

3.

Сауран

Сауран

Сауран


4.

Шолаққорған

Шолаккорған

Шолаққорған

5.

Ермоловка

Ермоловка

Ермоловка

6,

Қарнақ

Атабай

Қарнақ

7.

Георгиевка

Георгиевка

Көксүйек

(Шошкабүлақ)



8.

Фогелево

Фогелево

Рабат

9.

Ленин

Қаратас,

Қазығүрт

10.

Майтебе,

Майлыкент болысы, №5 ауыл

Қарасу артелі, Көктерек к/з, Калинин с/з, Жданов к/з, Қызыл Жүлдыз с/з

Жуалы с/з, Кектерек белімшесі, Мичурин с/з

11

Иіржар

Славянка

Мырзакент

1?

Мамаевка

Мамаевка

Көлтоған

13.

Ақбастау

Глинково

Ақбастау

Профессор М.Мырзахметұлы өзінің «Қазақ топонимдері мен антропонимдері» атты мақаласыңда былай деп жазады: «Мысал ретінде алар болсақ, менің Түлкібастағы туған ауылым ертеде «Майтөбе» деп аталса, ол патшалық Ресей тұсында Майлыкент болысының «№5 ауылына» айналып шыға келді. Ал, кеңестік дәуірде, колхоздастыру саясаты тұсыңда, әуелі «Қарасу» ауыл шаруашылық артелі, соңынан «Көктерек» колхозына айналды. Колхоздарды ірілендіру кезінде «Калинин» колхозы, «Жданов» колхозы, артынан «Қызылжұлдыз» колхозы атанып, ақыры «Жуалы» совхозының «Көктерек» бөлімшесіне айналды. Совхоздың орыс тұрғындары арыз жазып, ол совхозды «Мичурин» атындағы совхозға айналдырып алды. Сонымен о бастағы «Майтөбе» ауылының аты сегіз рет басқаша аталып, оның тарихи атынан қазіргі «Мичурин» совхозының тұрғындары мақұрым қалып, топонимикалық ұлттық санасынан бір ұрпақ өмірі ішінде көз жазып қалып отыр» [47].



Орыстандыру саясатының ықпал-әсерімен пайда болған Қазақ жеріндегі жер-су, елді мекен атауларындағы жөнсіздікке сексенінші жылдардың соңында алғаш рет қарсылық білдірген тілші-ғалымдар Ә.Қайдаров пен Т.Жанұзақов болды: «...Қазір сиқы бұзылған картамыз Қазақстан шекарасын қайта қарауды талап етіп отырған кейбір экстремистік күштердің көзіріне айналды... Оның өз тарихына, мәдениетіне, тіліне құрметтеуді ғана емес, соңдай-ақ жеріне ежелгі тарихи атауларын қайтаруды талап етуге толық құқы бар...

Идеологиялық сипаттағы орыс атауларының пайда болу процесі Қазақстан территориясын Оңтүстік Қазақстан аймағын жаппай қамтыды. Шың мәнінде Кеңес дәуірі қазақ жерінде топонимикалық төңкеріс жасады, ұлттың өзіңдік ерекшеліктерін айқын сипаттайтын байырғы топонимдерді идеологиялық топонимдер ығыстыра бастады. Күштеп ұйымдастыруға байланысты жаппай отырықшылыққа көше бастаған бұрынғы көшпелілер ұрпақтары ұжымшарлар мен кеңшарларға бірігуге мәжбүр болды. Осыларға қойылған жаңа атаулар ойконимдердің едәуір бөлігіне айналып жатты.

Социалистік құрылыстың енгізілуіне, революция көсемдерінің есімдеріне, партия мен комсомолдың кезекті съездеріне, т.б. байланысты болған идеологиялық топонимдердің астарында жасандылық айқын аңғарылып тұрды.



Зерттеуші ғалым Қ.Рысбергенова кеңес дәуірі топонимдерін хронологиялық және тақырыптық белгілері бойынша бірнеше топқа беледі Осы ұстанымға қосыла отырып, мұны өз зерттеуімізге негіз етуді жөн көрдік.

Кеңестік кезеңнің алғашқы он жылдыктарында (20-30-40 жж.) пайда болған топонимдер. Мысалы, Түркістан ауданының ұжымшар атаулары: Большевик, Коммуна, Батрак, Кедей, Жаңа шаруа, Қызыл орақ, Иждохат, Қызыл байрақ, Қызыл шаруа, Кеңес, Голощекин атындағы, Ежов атындағы, Каганович атындағы т.б. кептеген атаулар. Бұрынғы Киров ауданы бойынша: Победа, Большевик, Партком, Молотов атындағы, Куйбышев атындағы, 1 май атындағы, т.б.

Бұрынғы Мақтаарал ауданы бойынша: Путь Ильича, Ушинское, 15 лет Каз ССР, Свердловск, Прогресс, Красный авангард, Маяк, Победа, Заветы Ленина, Дружба, Дзержинский, Октябрь революциясы, Правда, Ленин жолы, т.б. Бұрынғы Жетісай ауданы бойынша: Интернациональное, Советабад, Рассвет, Красный Луч, Жданов, Кеңесшіл, Искра, Красный Октябрь, Крупская, Қызыл әскер, Прогресс, Трудовосток, т.б.

Отырар ауданы бойынша: Новый быт, Стахановец, Тыңғылық, Жаңа бақыт, Жаңа жол, Мирзоян атындағы, Молотов атындағы, Ногин атындағы, Ынталы т.б.

Ұсақ ұжымшарлар мен артельдерді кеңшарларға біріктіріп, ірілендіргеннен кейін пайда болған топонимдер (50-60 жылдар).

Мұңдай жасаңды кеңестік топонимдер бұрынғы КСРО-ның барлық аймағында қалыптаса бастаған топонимдік жүйеге тән болып келді. Орыс тілінің негізіндегі идеологиялық топонимдердің едәуір белігі берік қалыптаса бастады, сонымен қоса қабат ұлт тіліндегі кеңестік топонимдер де кең қанат жайды.

Темендегідей орыс тіліндегі кеңестік топонимдер құлаққа сіңісті болып бара жатты: Коммунизм, Социализм, Ленинизм, Заветы Ильича, Путь Ильича, Новый мир, Интернационал, Красная Заря, Октябрь т.6.

Кеңестік кезеңнің идеологиялық сипаттағы қазақ модельдері де ерекше назар аударады: Бостандык, Бірлік, Ленин туы, Қызылту, Достық, Мәдениет, Коммунизм таңы, Жаңа өмір, Қазақстанның 30,40, 50, 60 жылдығы атындағы т.б. кептеген атаулар бірнеше рет қайталанып қойылып отырды. Оңтүстік өлкедегі алғашкы колхоздастыру кезеңінде жасанды номинация негізінде пайда болған идеологиялық атаулардың семантикасы алғашында ұсақ артельдерге біріктірілген кедей шаруаның ат коюшы белсенділердің әлеуметтік жағдайға байланысты сол кездегі сауатының, сана-парасатының төмендігін көрсетсе керек. Батрак, Кедей, Қызыл Орақ, Ықылас, Ортакшыл, Ұйымшыл, Бейнеткеш, Төңкеріс, Тұрмыс Түзеу, , Жаңа Тіршілік сынды алғаш идеологиялық жасанды атаулар 20-30 жж. аймақтағы әлеуметтік жағдай деңгейіне, саяси талап-тілекке сай қойылған. XX ғ. 50-60 жж аймақта шаруашылықтар ірілендіріліп, идеологиялық атаулар репертуары да түрлене бастағандығын байқауға болады: Новый мир, Заветы Ильича, Коммунизм таңы, Мәдениет, Красная Заря, әлем пролетариаты көсемдерінің есімдерінен қойылған меморатив-атаулар саны үдей түсті. Бір үлгідегі атаулар облыс аумағында әлденеше рет қайталануы, біріншгден, атаудың мекен-жай бағдарлау, идентификациялық қызметін қиындатады, екіншіден, жалпы топонимдік жүйені, оның ішінде ұлттык жүйені семантикалык, эстетикалық жағынан жұтандатып жібереді. Оны төмендегі кестеден байқауға болады.

2-кесте

ОҚО топонимдік жүйесіндегі идеологиялық атаулардың статистикасы

Р/с

Елді мекен атгары

Қайталану жиілігі

Р/с

Елді мекен аттары

Кайталану жиілігі

1

Ленин

23

6

Целина

9

2

Октябрь

12

7

Жеңіс, Победа

11

3

Коммунизм

9

8

60 лет, 20 лет, 13 лет, 30 лет, 40 лет, 10 лет (Октября,КазССР,Казахстана)

16

4.

Киров

9

9.

Социализм

8

5.

Калинин

9

10.

Алгабас

8


Белгілі бір мақсатты көздеген осындай атаулар аймақтың топожүйесі мазмұндық, рухани тұрғыда байыта алмады; себебі олардың қай-қайсысында болмасын табиғи динамика болған жок, ұлттық қайнар көзден алшақ жатқан бұларға жасандылық тән еді. Біздің зерттеуіміз қазақ даласында үстемдік құрған кеңестік кезеңде қызыл атауларының топонимияда кең орын алғанын көрсетті. Аймақты тұтас қамтыған бұл науқанның дәлелдерін топонимиядан көптеп кездестіруге болады. Осындай жасанды атаулардың бір кездегі үкімет саясатының бағдары, қоғамның коммунистік рухты насихаттаған тәлімі.

3.3 Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі кезендегі аймақ ойконимдік жүйесіндегі өзгерістер. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде даму жолына бет бұруы, халқымыздың демократиялық үрдістерге қол жеткізіп, ұлттық сана деңгейінің өсуі елімізде үлкен өзгерістерге ұшыраған географиялық елді мекен, жер-су атауларын ұлттық негізде бастапқы халықтық қалпына келтіруге айқын бағыт ашып отыр. Ұлттық тіл, мәдениет, салт-дәстүр және топонимикалық таным-көзқарас белсенді өрлеу жағдайын бастан кешіріп отырған қазіргі кезде аймақтағы бірқатар қалаларға, поселкелер мен ауылдарға бұрыңғы тарихи атаулары қайтарылып, тарихи әділеттілік орнады.

Ежелгі тарихи атаулардың қайтадан колданысқа енуі. Республика Министрлер кабинетінің, Мемлекеттік ономастикалық комиссия қаулысына сәйкес халықтың ежелгі тарихы мен рухани мәдениетінің маңызды куәсі болып табылатын ұлттық топонимдер мен әкімшілік-территориялық бөліністер атауларын қалпына келтіру Оңтүстік Қазақстан аймағында да жүйелі түрде жүзеге асырылды. Облыс орталығы -Чимкент қаласы ендігі жерде Шымкент атауына ие болды. Глинково селосы Акбастау (Алғабас ауданы) аталып, Обручевка селосы Қараспан деп аталып, Амангелді селосы ендігі жерде Нұртас ауылы атала бастады (Нұртас Оңдасынов көрнекті мемлекет кайраткері, ғалым).

Ежелгі атаулары көміскіленіп, не мүлдем жойылып кеткен елді мекендерге, жер-суга жаңа ұлттық нақыштағы атаулардың беріле бастауын казақ топонимиясындағы жаңа үрдіс деп есептеу керек. Еліміздің егемендік алуының нәтижесінде бұл өңірде ежелгі жер атаулары қайтарылды немесе бірқатар жерлерге уақыт талабына орайластырып жаңа атаулар қойылды. Айталық, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Ильич поселкесіне - Атакент, Қиров поселкесіне - Асыката, Славянка поселкесіне – Мырзакент атауы берілді. Негізінен қазақ халқы тығыз қоныс тепкен Оңтүстік Қазақстан



аймағындағы тілдің шұрайлы да құнарлы бай саласы ерекше экспрессиялық реңк беретін елді мекен, жер-су атауларында сыры тереңде

жатқан шежіре тұнып тұр.

Зерттеу барысында аймақтың топонимдік материалдарындағы тілдік қабаттардың ежелгі), түріктік және кірмелік қасиеттері айқындалды. Тарихтың небір аумалы-төкпелі қилы кезеңдерін бастан кешірген қазақ халқы жергілікті топомодельде ұлттық бояу-нақышын берік сақтап қалған



  1. Оңтүстік Қазақстан аймағының 1450-ден астам топонимдері жиналды, оның 630-ға жуыгы елді мекен, 10-ға жуық қала, 10-дай тау атаулары болды, 110-ға жуық өзен-көл, 55-тей кұдық, 380-ге жуық сай-сала, шатқал, 190-нан астам қыстау, 30-дан астам жота, құм, 25-тей арық-бұлақ, 15-тей темір жол бекеттері, т.б. атаулары анықталды.

Қорыта айтқанда, Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің лексика-семантикалық сипаты, негізінен алғанда еліміздің өзге де аймақтарындағы топонимдермен ұқсас келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы топонимдік жүйесінің динамикалық даму сипатын айқындауға бағып-алған ғылыми-зерттеу жұмысының негізіп тұжырымы былайша сипаттауға болады:

  • аймақ жер-су атаулар жүйесінің өзіміз ой елегінен өткізген бір ғасырдан астам уақыт арасындағы дамуы мен қалыптасуындағы ұлттық атауларда тілдік, тарихи, мәдени және рухани сабақтастық берік сақталған;

  • ОҚО-ның тарихи топонимдік жүйесінің негізін көптеген көне тұлғалы төл қазақ атаулары құрайды;

  • аймақта ежелден үздіксіз түркілік негіздің болуы, ұлттық демографиялық фонның басымдылығымен түсіндіріледі; аймақтың саяси, мәдени-әлеуметтік өмірінде кең маңызды рөл атқаруымен, Жібек жолы маршрутына таяу орналасуымен байланысты болуы;

  • ұлтгық салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмай сақталып келген Оңтүстік өңірдің жер-су атаулары қазірге дейін негізінен алғанда өзіндік нақышымен, болмыс-бітімімен ерешеленеді.


ҚОРЫТЫНДЫ
Топоним – тілдің атауыштық қызмет атқару барысында алынатын нәтиже. Осы үдеріс кезінде адамзаттың қоғамдық, жеке тәжірибесі, жаратылысы туралы ғасырлар бойы жинаған ақпарат тілдік тұлғада сақталып, жүйеленеді. Топонимдердің негізгі тілдік қызметтерін сараптау барысында, олардың бір-бірімен тығыз байланыстығына көз жеткіземіз. Топонимияны ақпараттық күрделі семиотикалық жүйедегі мәдени одақ ретінде қарастыруға болады.

Қорыта келгенде, топонимдік жүйенің динамикалық даму сипатын айқындауға бағытталған диплом жұмысының негізгі тұжырымы төмендегідей сипатталады:



  • аймақ жер-су атаулар жүйемінің өзіміз ой елегінен өткізген бір ғасырдан астам уақыт арасындағы дамуы мен қалыптасуындағы ұлттық атауларда тілдік, тарихи, мәдени және рухани сабақтастық берік сақталған;

  • ұлттық топонимдер қазақ топырағындағы қилы кезеңдерде жүрген саяси, тарихи, мәдени дағдарыстарға шыдас беріп, өзінің ұлттық тәлім-тәрбие берудегі орны ерекше, атқарар рөлі орасан зор.

Сонымен, жұмыста топонимикалық жүйенің базалық стереотиптер түрлері анықталады:

  • адам баласының мифологиялық санасының нәтижесінде топонимдер киелі қасиеттерге ие болып, мифологиялық және (қасиетті) топонимдер пайда болды;

  • қазақ этносының басты шарушылық түрі-көшпелі мал шаруашылығы болғандықтан, көшпелі топонимиялық стереотип қалыптасты.

Мемлекет, өкімет, саяси институттар адамзат тарихына енген кезде идеологиялық топонимиялық стереотип дүниеге келді. Оның басты ерекшелігі – географиялық нысаналарды атауға белгілі бір саяси партия немесе жеке қайраткер, сондай-ақ жалпы мемлекет ұсынатын идеологияны насихаттап нығайта түсушілер үшін атау процесіне қатысып отырған.

Қазақ топонимдерін қолданудың тарихи аспектісі, әсіресе географиялық атаулардың әлеуметтілігінде айқын көрініс берді. Барлық географиялық атаулар, негізінен адамзаттың әлеуметтік саладағы іс - әрекетінен туындайды. Ежелгі заманда қоршаған ортаның ерекшеліктерін атау негізіне жақындатып ат қойған адам, кейінірек топонимиялық жүйе қалыптастыру үшін әлеуметтік деңгейде қызмет жасай бастады.Себебі географиялық нысаналар атауларының әлеуметтік аспектісі топонимиялық процесс жүріп жатқан мемлекет не қоғамның саясаты, идеологиясымен тығыз байланысты.

Шынайы қазақ халықтық топонимиясы жүздеген жылдар бойы жергілікті халықтың көшпелі өмір салтына жақын болып қалыптасып, аталып та қолданылып келген, ал отаршылдық топонимдер – шовинистік саясат жүргізілуінен туындаған элементтер.

Қазақстан топонимиясын идеологияландыру қазан төңкерісінен кейін де анағұрлым ұлғая түсті. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан картасында жергілікті халыққа бейтаныс мыңдаған жаңа географиялық атаулар пайда болды.

Қайта құру басталған кезде, мәдениет ескерткіштерді, тарихи атауларды қайта қалпына келтіру үшін үлкен қоғамдық қозғалыс басталды.

Қазақ топонимиялық атаулардың орыс тіліндегі аудармалары қазақ этносының ұғымына сай келмегенімен қоймай, қазақ сөздерін бұрмалап, мағынасын өзгертіп жіберген. Қазақстан тәуелсіз ел болғандықтан, осы мәселеге баса назар аударылып жүр. Теқ қана мемлекеттік деңгейде қарастырып қоймай, қазақ топонимдерін бүкіл әлемдік деңгейде көтеру керек, себебі географиялық атаулар халықаралық қарым-қатынастарда маңызды рөл атқарады.

Көне Эллада философтары өмір сүрген заманда-ақ «белгілі бір затқа берілген атау сол заттың табиғи қасиетіне сай ма, әлде ол кейбіреулердің өзара келісімінен туындаған атау ма» деген сұрақтар төңірегінде қызу пікірталастар болған.

Қандай да бір заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану, я анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір заттың өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп, қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер әр түрлі болуы мүмкін.

Ономастика ғылымы қазіргі таңда жақсы дамып келеді. Осыған байланысты оның зерттейтін ғылыми мәслелерінің де көкжиегі кеңейе түсуде. Өйткен себебі жаңа ғылыми бағыттар анықталып, зерттеу нысанын әр түрлі аспектіден қарастыру қажеттігі туындап отыр.

Қазіргі кезде ономастикада, әсіресе, қазақ ономастикасында атауларды тарихи-диахрониялық бағытта қарастырудың маңызы артып келеді.

Сонымен «ономасиологиялық тәсілдің объектіні семасиологиялық тұрғыда қарастырудан өзгешелігі семантикалық талдау мағына анықтауға, ашуға ол жайында констатация жасауға бағытталса, ономасиологиялық талдау ең алдымен ақиқат дүниенің қандай үзігі, қандай тіл арқылы белгіленіп тұр, «не нәрсе» «немен белгіленіп тұр, бұл тілдік таңба экстралингвистикалық дүниенің қай денотатына қатысты деген бағытта жүзеге асады. Сондықтан ономасиологиялық талдауда белгілі бір лексикалық бірліктің нендей лексикалық мағынаны білдіретіндігін айқындау емес, аталмыш лексикологиялық бірлік ақиқат өмірдегі объектілердің қайсысын атап тұр деген сауалдың жауабын қарастырады.

Осы арада атап өтерлік бір жай – проблеманың болашағы мен өзектілігіне қатысты. Оны қазақ тілінде киім атауларын зерттеген Ә.Алмауытованың мына пікірі, біздің ойымызша, анық көрсетеді:

«Қазіргі қазақ қоғамдық санасы мен танымы, әлеуметтік, тарихи, мәдени, рухани жаңғырулар т.б. экстралингвистикалық факторлар мен тілдік жағдаят атау құбылысына синхрондық та, диахрондық та тұрғыда қарап, ғылыми дәйекті ономасиологиялық интерпретацияны қажет етеді.

Тіл білімінің бір саласы – ономасиология тіліміздегі жалқы есімдерді және олардың пайда болуы, қалыптасуы, даму тарихы мен заңдылықтарын қарастырады.

Қазақ есімдерін (тек қана қазақ халқы есімдерін емес) зерттеуге арналған когнитивтік әдіс кезінде, біздің көзқарасымыз бойынша, тілдік таңбаларда есімдерде берілген білімді концептілеу мен категориялау процестері ескерілуі керек. Ғалам туралы аталған білімдерді мән-мағынасын ашу (интерпретация), елестету, іске асыру кезінде тілдік процестерді, ғаламның ономастикалық тілдік бейнесін, оның концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізуге тиіспіз. Жалқы есімдерді суреттеу мен талдауға қатысты когнитивтік проблемалар мен мәселелердің деректері өздігінше бөлек өмір сүрмейді, олар есімдердің семиотикалық, лингвомәдениеттанулық, этнолингвистикалық, әлеуметтік лингвистика аспектілерімен жақындайтындығын, тіпті қиюласатындығын ап өту қажет. Тілдік концептілерде көрінген ғалам туралы, дүниенің тілдік бейнесі туралы білімдер этномәдени, әлеуметтік мәдени т.б. факторлармен байланысты болып келеді, сол себепті олардың арақатынасы жалқы есімдердің когнитивтік семантикасын суреттеуде ескерілуі тиіс.

А.В.Суперанская жалқы есімдердің семантикасы деп, негізінен экстралинвистикалық сипаттағы компоненттердің тіркестерін қандай да бір көлемде түсіндіруді қарастырады. «Ол тілдік, сөйлеу және арнаулы ономастикалық функциялар, статистикалы және эстетикалық маңызды ақпараттардан жинақталады. Жалқы есімнің мағынасы (семантикасы) – оның белгілік, экстралингвистикалық факторы», – дегенді айтады. Е.Б. Шерешевская жалқы есімдерді зерттеу кезінде «тіл-сөйлеу» (язык-речь) диохотомиясын, онимнің «айырушы-таңба, танушы-таңба» қызметін атқаратын мағынасын, жалқы есімдерді «жақын мағына» деп атауды ескеруді қажет деп санайды.


Е.Б. Шерешевскаяның пікірінше: «Жақын немесе формалды құрылысына, түріне қарайғы мағына неғұрлым көп мазмұнмен иолықтырылады, бұл мазмұн белгілі бір сәттерде бірқатар себептерге байланысты денотатпен (таңбаланушы, белгіленушімен) таныс адамдардың бойында әр түрлі таныстық белгілері, психологиялық үйленісімділік болып келеді».

Осы сатыда біздер жалқы есімдердің кейінгі мағынасына, В.И. Болотовтың мәлімдеуі бойынша энциклопедиялық мағынаға кез келіп тұрмыз.

Сөйтіп, Е.Б. Шерешевская жалқы есімдердің энциклопедиялық мағынасы деп, жалқы есімдердің денотаты туралы барлық ақпаратты ұғынуды ұсынады.

Егер есімдердің семантикасына, басқа бір формаларына қатысты тұжырымдар мен қысқа анықтамаларды (дефиницияларды) (мұнда олардың толық емес тізбегі берілген) ( қазіргі когнитивтік лингвистиканың мета тіліне көшірсек, әңгіме осы таңбалардағы жалқы есімдерде келтірілген білімнің түрлері мен типтері туралы болады. Бұрынғы КСРО-да когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына дейін Г.В.Колшанский: «Номинацияның мәні тілдік таңбаның затты білдіруінен немесе қандай да бір затқа қатысты болуынан емес, адамның танымдық қызметінің нәтижесі ретінде кейбір абстракцияның көрінісінен, жеке және жалпы шынайы заттар мен құбылыстардың диалектикалық қарама-қайшылығын бейнелейтін абстакциядан (дерексіз, жалпылықтан) білінеді», - деп жазды.

Мәселен, есімдер номинативтік, тек аталу қызметіндегі мағынаға ғана ие болып қалмайды, сонымен қатар олар ерекше семантикалық, тілдегі жеке сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына де ие. Мұны зерттеуші ғалымдар онимдердің «фондық семантикасы», «энциклопедиялық мағынасы», «энциклопедиялық ақпарат» деп әр түрлі атайды.

Е.С.Кубрякованың пікірінше «лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс» қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен ХХ ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілінің тілдік аспектілерін зерттеуде онимнің тілдік мағынасы (семантикасы), антропонимдер мен топонимдердің лексика-семантикалық топтары, номинациялау (шындықтың фрагментін белгілейтін тілдік единица) принциптері сөздердің этимологиясы, өзге тілдерден енген қабаттар т.б. қазақ жалқы есімдері жүйелі тұрғыда зерттелсе, енді қазақ онимдерін антропоцентристік зерттеуге көшу негізінде лингвомәдениеттану, этнолингвистика, семиотика және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттелу қарастырылады. Қазіргі лингвистиканың антропоцентристігі әдістанымдық біржақтылықпен қоса, ұқсас ғылымдардың деректерін синтездеуді (қосуды, құрастыруды) іске асыра білуімен байланысты. Адам оның рухани дүниесі, ойлауы, идеологиясы, өмір сүру салты және шаруашылық жүргізу түрі әр қилы болмақ, осыған орай көп түрлі байланыстарға есімдердің өз сипаты табиғи түрде этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану саларындағы қазақ жалқы есімдерінің табиғаты мен қызметін (функциясын) қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі қазақ тіл ғылымында ономасиология өз ішінен бірнеше ірі-ірі топтарға бөлініп, әрқайсысы өзінше дараланып, жеке зерттеу нысанына айналып отыр.

Солардың бірі – антропонимдер екенін ескерсек, олардың пайда болуы мен дамуы, қалыптасуы мен жасалу жолдары жайлы еңбектер бар болғанымен, антропонимдердің гендерлік, этномәдени сипаты кешенді түрде арнайы зерттелген емес, сол себепті осы мәселе – қазақ тіл білімінде зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе.

ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Жамбыл облысы әкімиятының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Жамбыл облысының топонимикалық атауларының анықтамалығы. Тараз2007

  2. Қайдаров О. Қаңлы. А.: Дайс-Пресс, 2004. – 609 б.

  3. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. И.: Мысль, 1984.- 646 с.

  4. Кляшторный С.П. Древнетюркские рунические памятники как исторчник по истории Средней Азии. М.: Л., 1964. – 56 с.

  5. Лезина И.Н., Суперанская А.В. Ономастика. Словарь-справочник тюркских родоплеменных названий. М.: 1993. – 99 с.

  6. Салқынбай А., Абакан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –А.: 1985.

  7. Салқынбай А.,Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь. -1998.289 б.

  8. Идеологиялық мазмұндағы елді мекен, жер-су атаулары.Ақиқат. – 2004.-№12

  9. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А.: Ғылым, 1984.-269 б.

  10. Оңтүстік топонимдерінің тарихпен байланысы. Қазақ тілі мен әдебиеті.-2001. -№7.-34 б.

Жалқы есімдерді зерттеудің жаңа бағыттары.Қазақ тілі мен әдебиеті.-

2001.


  1. Қазақ топонимдерінің көркем әдебиет мәтіндерінде қолданылу ерекшеліктері.Тілтаным.-2005. -№3

  2. Т. Бұрбаев. «Ұлттық менталитет».Астана, 2001.- 26 б.

  3. Мырзахметов М. Қазақ топонимдері мен антропонимдері. Түркология-2002, қыркүйек-қазан, №1. 119-125бб.

  4. Қазақ грамматикасы.- Астана, 2002.

  5. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.- Алматы, 1991.

  6. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Әбілқаев А. Қазақ тілі. – Алматы, 1982.

  7. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1991.

  8. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  9. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991.

  10. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1998.

  11. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.- Алматы. 8 том. 1986.

  12. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2006.

  13. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы.- А., 1992.

  14. Байбатша «Әсілхан. Қазақ даласының ежелгі тарихы. А.: Санат, 2001.

  15. Қазақстан тарихы. 1-ші том. А.: Атамұра, 1996. -79 б.

  16. Нәбижан Мұхаметұлы – Тарихи зерттеулер. А.: Жалын, 2000. – 97 б.

  17. Мырзахметұлы М. ТарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы. Ой толғаныстары. Тараз: Түркістан, 2005. – 88 б.

  18. К.Сәттібайұлы. «Тараздан тәбәрік» Тараз: Сенім, 2002. – 45 б.

  19. «Тараз Жамбыл облысының энциклопедиясы» «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы. 2003.- 36 б.

  20. Телғожа Жанұзақ, Қыздархан Рысберген «Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы» А.: Азия, 2004. – 63 б.

  21. Сәуле Иманбердиева. «Қала ономастикасының кейбір мәселелері» Әдістемелік құрал. А.: Арқас, 2004. – 39 б.

  22. Телғожа Жанұзақ. «Қазақ ономастикасы» І том, Алматы: 2006. – 76 б.

  23. Ж.Дәдебаев. «Талас аңыздары». А.: Нұрлы әлем, 2002. – 44 б.

  24. Қожакеев Т., Сауранбаев Е. Мерейлі Меркі, А.: ҚАЗақпарат, 2001. -56 б.

  25. Торғаев Н. «Берекелі белестер», А.: Қайнар, 2000. – 69 б.

  26. «Қазақстан тарихы» І-ші том, А.: Атамұра, 2001. – 45 б.

  27. Айман Досымбаева «Меркі – Жетісу түркілерінің киелі жері», Тараз: Сенім, 2000. – 56 б.

  28. Үмбетов С. Және редакциялық ұжым. А.: Тараз энциклопедия. 2003. – 36 б.

  29. «Атамекен – ай» еларалық журнал. 2006.

  30. Е.Тұрысбеков. «Бәйдібек» Шымкент. Әлия, 2000. – 86 б.

  31. Қазақстан тарихы журналы. №1. 2004.

  32. Қазақстан тарихы журналы. №2. 2004.

  33. Қазақстан тарихы журналы. №5. 2004.

  34. Нығымет Мыңжан Қазақтың қысқаша тарихы. А.: Жалын,

2000. – 83 б.

  1. Рысбаев Көкіш Рысбайұлы. Қазақстан Республикасы тарихы. А.: Санат, 2001. – 43 б.

  2. Каллаур В.А. Новая археологическая находка в Аулиатинском уезде - Туркестанские ведомости. - 2000. – 51 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет