Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


«Де» етістігі және оның қолданылуы



бет12/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

1.2.1. «Де» етістігі және оның қолданылуы

Ti-, те-, те-, дi-, дә-, де- басқа eтістіктермен салыстырғанда ең көне сөйлеу етістіктері болып табылады. Аталған етiстiктiң мағынасы ауқымды әpi көп қырлы. Осы ерекшелiктерi көптеген түркітанушылардың назарын аударып, арнаулы зерттеу нысанына айналды.

Қазан төңкерісіне дейінгі көптеген ғалымдар (М,Казамбек, В.Радлов т.б.) де етістігіне арнайы тоқталып, оның беретін мағынасы мен қызметі төл сөзбен күрделі синтаксистік тұтастық аясында қарастырғандығын, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков т.б. еңбектерінде түркі тілдеріне тән де етістігінің мағынасы мен қызметі туралы құнды пікірлер келтірілгенін ғылыми әдебиеттерден жиі оқимыз.

Қазақ тіл білімінде С.Аманжоловтың, С.Жиенбаевтің, Н.Сауранбаевтың, І.Кеңесбаевтің, М.Балақаевтің, А.Әбілқаевтің еңбектерінде де етістігі жайлы айтылғандығын жоғарыда келтірген болатынбыз. Түркі тіліндегі зерттеулерде көне жазба ескерткіштерінің материалдары –де етістігі мен оның туынды тұлғаларының қолданылу жиілігі бойынша сөйлеу етістіктерінің ішінде алдыңғы қатардан орын алатындығы көрсетіледі. -де, -те, -дi, -ті, -тә, -ди, -ти (фонетикалық нұсқаларымен) сөйлеу етістіктері мен олардың туынды тұлғалары өте көне, байырғы түркі сөйлеу eтістіктері екендігі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет