1.2.2 «Айт» етістігі және оның қолданылуы
Айт- сөйлеу етістігі бiрмәртелiктi, айтылған сөздiң дәлдігін көрсетедi. Ол көне түркі жазба ескерткiштерiнде қазiргi сөз қолданысындағы айт- етістігінің мағынасында қолданылған ай- түбip морфемасы мен уақыт өте келе өзiнiң eтic мағынасын жоғалтқан -/ы/т өзгелiк eтic аффиксiнен тұратын туынды негiзден қалыптасқан. Бұл ойды «осы орайда оларды гипперагглютинация немесе фузия процесi, жеңiлдету және тағы да басқалардың нәтижесiнде этимологиялық түбiр мен аффикстiң кipiгyi деп санайтын ғалымдардың пiкiрi дұрыс. Мұның айқын дәлелi қазiргi тiлдердiң көбiнде бөлшектенбейтiн айт- eтicтік түбiрi болып табылады. Дегенмен, ол ай түбiрi мен «сөйлету» eтic қатынастарының көрсеткiшiн көруге болатын т формантына бөлшектенедi» [35,9], - деп академик Ә.Қайдаров та қолдайды.
«Айт» eтicтігі түpкi тiлдерiнiң бiр қатарында, оның iшiнде қазiргi қазақ әдеби тiлiнде айтылу процесiн бiлдiретiн eтістік ретiнде қолданылады. Мысалдар: Оқытқанынан бұрын, Қартқожаның көзi ашылғандай көп сөз айтты (Ж.Аймауытов). Әдейi Тiлеуiмбетке тигiзе де, қадай айтты (F.Мүсiрепов). Айт сөйлеу етістігі айтылу әрекетiн, айту процесiн немесе жай-күйдi бiлдiре отырып, айтылу процесiнiн. мезгiлiн, айтылу жағын және бұл әрекеттiң айтылу нысанымен арағары байланысты көрсетедi. Осыған байланысты қазiргi қазақ тiлiндегi айт сөйлеу етістігі шақ, жақ, түр, рай, eтic категорияларына ие болады.
Мысалдар: Жарас оған өзiнше мораль айтпақшы болды (Ш.Мұртазаев). Айтпаса бiлмейдi, ашпаса көрмейдi (мақал). Жер-су аттарын соның eciмiмeн байланысты екендiгiн әкем талай айтатын (М.Сүндетов). Әскерді тәубасына түcipгeн соң, астана мен аралықтағы тұтқауылды күшейттi, төрт тарапқа бiрдей тосқауыл қойып, күмәнді топтардың бәрiне хабар айтқызды (М. Мағауин). Әлде де айтар сөзi көп едi (М.Дүзенов).
Бiрiншi сөйлемде айтылу әрекетiнiң келешекте жүзеге асырмақ ниетiн (мораль, айтпақшы болды), екiншi сөйлемде бiлудiң шартын айтпаса бiлмейдi, үшiншi сөйлемде айтылу процесiнiң дүркiн-дүркiн қайталанғандығын (талай айтатын), төртiншi, бесiншi сөйлемдерде әрекеттің айтылу нысанымен арадағы байланысын (күмәнді топтардың бәрiне хабар айтқызды, айтар сөзi); алтыншы сөйлемде жүзеге асқан сөйлеу әрекетінің айтылу жағы (артығырақ айтылған), жетiншi сөйлемде айтушының жай-күйi көрсетiлген. Мұның бәрi айт етicтiгiнiң шақ жұрнағы (-пақ), рай жұрнағы (-са), eтic жұрнағы (-қыз), салыстырмалы шырай жұрнағы (ырақ), есiмше жұрнақтары (атын, ар) арқылы жүзеге асады.
Субъектiнiң сөйлеу әpeкeтінe қатысы айт етiстiгiнiң мына тұлғаларында көрiнедi:
- айтпақшы болды дегенде таза мезгiл мағынасы ғана бiлдiрiлiп тұрған жоқ қалау ииетi анық байқалады;
-айтатын дегенде де шақтық ұғымнан гөрі айтушының бiлдiрмек ниетi басымырақ;
- айтқызды деу арқылы айтуға мәжбүрлiктi, айтар сөзі дегенде сөйлеушiнiң ынта-ықыласы, не айтам дегенде айтушының не айтарға бiлмей асып-сасқан күйi аңғарылады.
Айт етістігіне (-c, ыс) ортақ eтic аффиксiнiң жалғануы eкi адам немесе ақындар арасындағы айтысты бiлдiре келе, кейiн заттық мағынада тұрақталып қалыптасты. 3аттық мағынаға ие болуының өзi айт етicтiгiнiң ортақ eтістің -ыс жұрнағын жалғағанда, сөйлеу процесiнен гөpi сол процестен туындаған әрекеттiң атауын бiлдiретiндiгiнен болса керек. Төмендегi сөйлемдерде айтыс тек заттық мaғынада жұмсалған, зат есімше түрленген.
Айтыс шешендiк өнердiң түpi ретiнде бiздiң уақытымызға дейiн жеттi. Ежелден-ақ қазақтарда ақындар айтысымен қатар шешендер айтысы дәстүрi де бар. Айтыста өткiрлiкпен, дiлмәрлықпен және сөз тапқырлықпен ерекшеленгендер жалпы мақтауға ие болады [36, 53].
Сөйлеу процесiн бiлдiру үшiн бұл сөз шақ формаларын қабылдауы қажет: айтысты, айтысып, айтысқан айтысатын, айтысар, айтыспақ т.б.
Сондай-ақ рай формаларына енiп, жақтық көрсеткiштерде тұруы керек: айтыссам, айтыссаң, айтысса, айтысыңыз, айтысайын, айтыссын, айтысайық, айтысыңдар, т.б. Мұның бәрiнде ол адамдар арасындағы керiсудi, таласуды, сөзбен тартысуды, айтысуды бiлдiредi. Мысалы: «Олар ұзақ айтысты, бiрақ бiр-бiрiмен келiсiмге келе алмады». Мен ceнімен айтысқалы келгенiм жоқ. Айтыса-айтыса жағы талды.
Айт етістігі төлеу сөздi жеткiзуде негiзгi рөл атқарады.
Төлеу сөз, әдетте бiреудiң сөзiн сөзбе-сөз емес, тек оның мазмұнын ғана жеткiзетiнi белгiлi және жеткiзу сипаты жеткiзушi жаққа байланысты болады. Төл сөз төлеу сөзге айналған кезде де етістігі жоғалады да, орнына айт етістігі қолданылады.
Мысалдар: Солығын баса алмай, ышқына кеңкiлдеп отырып, eстіген сөзiн айтты... Ақбiлек уанбады, апасының жоқтығын, жетiмдiгiн, қорғансыздығын, өзi масқара болып, ел-жұртқа қарар бетi қалмағанын, бойына арылмас пәле тағы жабысқанын айтты (Ж.Аймауытов). Келтiрiлген мысалдардан төлеу сөзде кейiпкердiң сөзi автор сөзiмен тұтасып кеткендiгi көрiнедi. Осылайша төл сөз тұлғалы грамматикалық қатынаста автор сөзiне тұтастай және толығымен сiңiп кеттi.
Қазақ тiлiнiң грамматикасында төлеу сөздi көп жағдайда жасанды түрде жасайды. Мысалдар: Мына Малқар ақсақалды ертiп келдiк ,- дедi Жақып (F. Мұстафин). Бұл сөйлемде eкi жай сөйлем бар: бiрiншiсi – төл сөз - Мына Малқар ақсақалды еpтiп келдiк, екiншiсi - автор сөзi - дедi Жақып.
«Қазақ тiлiнiң грамматикасы» [37, 231] аталған сөйлемдердiң төлеу сөзге айналуын одан ары былайша көрсетедi: «Жақып Малқар ақсақалды ертiп келгенiн айтты». Төлеу сөзде eтістіктің жiктiк тұлғасы және кейiпкер сөзiнiң жiктеу есiмдiгi (яғни, төл сөз) елеулi өзгерiске түседi. Бұл ойды дәлелдей түсу үшiн «Қазақ тiлiнiң грамматикасы» төмендегiдей мысалдар келтiредi: Арашашылардан Сайлаубектi босатып алды да, наганын қайтарып берiп:
Достарыңызбен бөлісу: |