Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Тақырып 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы



бет65/87
Дата21.04.2022
өлшемі3,33 Mb.
#31719
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
kazakstann n kazirgi zaman tarih paninin oku-adistemelik kesheni 2-semestr 2021-2022 zh

Тақырып 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы

1.1.«ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң.

1.2.Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру.

1.3.Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы.

1.4.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституцияларын қабылдау (1993, 1995 жж.). 

1.5.Биліктің негізгі үш тармағы: Президент, Парламент және Үкімет


1. 1990 жылы 25 казанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация кабылдағаны жоғарыда айтылды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты,мұның өзі елдеғі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың 19 тамызы күні елде мемлекеттік төңкеріске әрекет жасалып, төтенше жағдай жөніндегі комитет құрылғандығы жарияланды. Президент М.С.Горбачев биліктен шеттетілді. Бірақ тамыз бүлігі жеңіліске ұшырап, оған қатысушылар қамауға алынды. Бұл оқиға КСРО-ның біржола ыдырауын тездетті.

Қыркүйек айының 7 күні Қазақстан Коммунистік партиясы таратылып, республика іс жүзінде дербестікке қол жеткізді. Міне, осындай күрделі жағдайда Қазақ Мемелекеттігі шеңберінде Республикадағы жоғары атқару-


шы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-нің Президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттілігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған "Қазак КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, Әділет, Сот органдары қайта құрылды.Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халыктың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н.Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіпорындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қарамағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т.б. заңдар шығарылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.

Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.

Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылган. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды. Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықарлық реконструкция және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының, Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сиякты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарларды іске асыру, елдің ішінде көп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер - оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің кауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік-жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды.

3. 1993 жылдың қаңтар айында тәуелсіз Қазақстан тұңғыш Конституциясы қабылданды. Уақыт өткен сайын, реформалар тереңдеген сайын бұл Конституциясының әлсіз жақтары сезіле бастады. Сондықтан 1995 жылдың 30 тамызында болған бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Оның ең бірінші бабында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады, оның ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары деп атап көрсетілген.

Қазақстан унитарлық мемлекет болып табылады, яғни оның территориясында басқа ұлттық құрылымдарға жол берілмейді. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады.

Басқару формасы жағынан Қазақстан президенттік республика болып табылады. Президент – мемлекет басшысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Президент 7 жылға сайланды.

Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы Парламент болып табылады. Ол екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады. Атқарушы билік қызметін Республика Үкіметі атқарады. Сот билігін сот органдары атқарады.

4. Қазақстан сыртқы саясатының ең басты мақсаты – тәуелсіздікті сақтау. Сондықтан да Қазақстан дүние жүзінің барлық елдерімен де достық қатынастар орнатып, олармен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды дамытуда.

Ең жақын көршілеріміз Ресей, Қытай, Орта Азия республикаларымен достық қатынастардың маңызы зор. Таяу және Орта Шығыс елдерімен де байланыстар дамуда. Әсіресе ірі демократиялық өнеркәсіпті елдермен байланыстарды нығайту аса қажет. АҚШ бастаған бұл елдер Қазақстанның тәуелсіз болуы өздерінің ұлттық мүддесіне сай келетіндігін түсіне бастады. Олар республикамызға көптеп инвестиция әкелуде.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Банк, Азия банкі, ислам банкі сияқты халықаралық ұйымдардың қолдауына сүйенуде.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін саяси реформалар қолға алынып, заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын ажыратуға бағытталған шаралар жасалды. 1995 жылдың 29 көкегінде болған референдум президент Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартты.

1998 жылдың соңында Президент өз өкілеттігін бас тартатынын жариялап, жаңа сайлау белгіледі. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен сайлауда Қазақстан халқының көпшілігі реформаларды онан әрі жалғастыруға бағытталған саясатты қолдайтынын көрсетіп, Н.Назарбаевты қайта Президент етіп сайлады. Сайлау Қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы түрдеп өтті.

1995 жылдың наурыз айында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан Ассамблея осы ұлттардың мүддесін білдіріп, олардың ынтымағын, бірлігін сақтайтын кеңесші орган. Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрыптарын дамытуға ұлттық мәдени орталықтар көмектеседі.

Қазақстан КСРО-ның терең саяси-экономикалық дағдарысы жағдайында тәуелсіздік алды. Сондықтан басты мақсат финанс және кредит жүйелерін тұрақтандырып, өндіріс деңгейінің құлдырауын азайтатын рыноктық механизмдер құру болды. Экономикалық реформаның басты бағыты экономикалық қатынастарды либералдандыру, жекешелендіру негізінде меншіктің түрлерін өзгерту, кәсіпкерлікті дамыту, шетел инвестициясын көптеп тарту болды.

Финанс жүйесін тұрақтандыру 1993 жылдың қараша айында ұлттық валюта-теңгені енгізу арқылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 1995 жылы инфляция деңгейін айына 4 процентке дейін төмендетуге қол жетті.

Алайда басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, әсіресе Ресейдегі дағдарыс Қазақстан экономикасына да кері әсер етті. Ресей рублінің қатты құнсызданып кетуі Қазақстан рыногын арзан Ресей тауарларына толтырып, жергілікті тауар өндіріушілерге зиянын тигізді. Екінші жағынан дүниежүзілік мұнай бағасының күрт арзандауы да көп зиян әкелді.

Осындай қолайсыз жағдайларды бастан кешірген Қазақстан экономикасы енді-енді тұрақтанып, есін жия бастады, соңғы кезде өндірістің өсуі байқалды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

1999 ж санақ бойынша Қазақстан халқы 14,9 млн-ды құрады.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Сол жағында ұлттық өрнек салынған, ортасында алтын түстес күн мен шарықтаған бүркіттің бейнесі бар тудың түсі ашық көгілдір. Бұл түс жалпы адамдық біртұтастықты, оларға көгілдір аспанның бір екендігін көрсетеді. Әлем көптеген ұлттар мен діндерге бөлінеді, бірақ та аспан олар үшін біреу-ақ. Күн-өмір мен энергияның көзі. Сол себепті күннің бейнесі тіршіліктің бейнесі болып табылады. Бүркіт – бостандықтың, биікке ұмтылудың, болашаққа қол созудың белгісі, жас, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет биігіне ұмтылуын білдіреді. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба толық шеңбер кескінін береді, ол – тіршілік, мәңгілік белгісі. Шаңырақ - отбасы амандығының, бейбітшілік пен тыныштық айғағы, елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі. Елтаңба композияциясын құрап тұрған және бір маңызды элемент ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Жылқы пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның ортасында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екендігін көрсетеді.

Көк аспан болса әлемнің барша халықтарына ортақ деген сөз. Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікке, достық пен бірлікте өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.

Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.

Әнұран "Менің Қазақстаным", сөзін жазғандар Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нажмадинов, музыкасының композиторы Ш.Қалдаяқов. Әнұранның басты идеясы қазақ халқы бостандық пен тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген, қашанда ар-ұят, әділеттік, шындық ұғымдарын жоғары қойған, қазақ даласы көптеген халықтарға пана болған дегенге келіп саяды және еліміздің барлық тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа үндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет