Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет6/20
Дата09.05.2022
өлшемі328,5 Kb.
#33421
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Келісілген жұмыс тәртібі жүктемеге өте үлкен қуат берілетін жұмыс тәртібі. Сондай-ақ мұнда ПӘК де нақтылы жұмыс тәртібіндегі ПӘК-нен төмен.
Көбіне активті элементтер (электр қозғалтқыштары, транзисторлар, зарядтау кезіндегі аккумуляторлар) электр энергиясының қабылдағышы болып табылады. Мұндағы орын басу схемалары пассивті элементтер мен қатар ЭҚК немесе тоқ көзінен тұрады. Бұл жағдайда электр тізбегін бір-бірімен қосылған екі активті екіұшты тізбек түрінде көрсетуге болады.

Тоқ көзінің ЭҚК-і бірдей бағытталған екі элементті активті екіұшты тізбектің орын басу схемасын мына түрде сызуға болады.

2.4. Қабылдағыштарды араластырып қосу

Көбіне электр тізбегі араластырылып қосылған қабылдағыштардан (яғни резисторлардың тізбектей және параллель қосылуы) тұрады.

Егер тізбектің тек тізбектей қосылған кедергілері (2.2 – сурет) бар болса, онда эквивалентті кедергі мынаған тең:

2.5. Электрлік кедергі



Тізбектің біртекті бөлігі үшін Ом заңын еске түсірейік: біртекті металл өткізгіш бойымен аққан тоқ күші өткізгіштің ұшындағы кернеуге пропорционал:

Пропорциональдық коэффициент өткізгіштің электрлік кедергісі деп аталады. Электрлік кедергінің өлшем бірлігі – ом (Ом).
2.6. Тұрақты токты электрлік тізбектің негізгі заңдары

Кейде Кирхгоф ережелері деп аталатын Кирхгофтың екі заңы – бұл электрлік тізбектің негізгі заңдары. Екі заңда көптеген тәжірибелер негізінде тағайындалған.

Кирхгофтың І – заңына (тоқтар үшін Кирхгоф заңына) сәйкес электрлік тізбектің түйініндегі тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең:

яғни түйінге бағытталған токтардың қосындысы түйіннен шыққан тоқтардың қосындысына тең. Мысалы, 2.4 – суреттегі электр тізбегінің түйіні үшін

Бұл заңнан шығатын салдар: элетр тізбегінің түйінінде зарядтар жинақталмайды, керісінше жағдайда түйіндер потенциалы мен тармақтағы тоқтар өзгерер еді.

2.4 – сурет


ирхгофтың ІІ – заңына (кернеулер үшін Кирхгоф заңына) сәйкес кез келген тұйықталған контурдың ЭҚК – нің алгебралық қосындысы осы контур элементтеріндегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең:

мұндағы контурдағы резисторлық элементтердің саны, ЭҚК саны.

Кез келген электрлік тізбекте энергетикалық баланс – қуаттар балансы сақталу қажет. Қуаттар балансы түсінігі энергияның сақталу заңынан шығады: электр тізбегіндегі барлық қоректендіру көздерінің қуаты осы тізбектегі қабылдағыштар қуаттарының қосындысына тең



Егер ЭҚК пен токтың бағыты сәйкес келсе, онда тоқ көзі жүктемеге қуат береді. Бұл жағдайда көбейтіндісін «+» таңбамен алу керек. Егер ЭҚК пен токтың бағыты қарама-қарсы болса, онда тоқ көзі қабылдағыш тәртібімен (мысалы, аккумулятордың зарядталу тәртібі) жұмыс жасайды. Бұл жағдайда көбейтіндісін « - » таңбамен алу керек.

Қабылдағыштың қуатына тоқ көзінің ішкі кедергісінде бөлінетін қуатты да жатқызу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет