1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбиелеуде қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерінің ролі мен маңызы
Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері 3әсімдер мен жөн-жоралғылар, 3әсімдер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейіріділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі - өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады.
Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады.
Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.
Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола өмір заңдылығына айналуы – салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр –қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз” еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-бірте өмірге қолданудан қалды.
Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттың сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр.
Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани – адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ.
Ол – халықтың кәібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өмірмеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.
Адамның туған күнімен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі 3әсім, дәстүрлер бар.
Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бітіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендіігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты міндет.
Дәстүр-адамдардың рухани тұлғасынан бөлімбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғам өміріндегі дәстүр дәстүрде, халықтар арасында ынтымақтастық, теңдікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрде, қарым-қатынас дәстүрлерінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрде, еңбек дәстүрінде.
Сонымен, қай халық болса да ұлттық үрдісі, ілікті қасиетте, өзіндік әуені, тағлымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл келбетті қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз.
Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, ә3 халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр.
Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән берілмей келді.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жутаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастды.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абройлы міндеті.
Жалпы тәрбие процесінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бола бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында парасатта мінез-құлық қасиеттері отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп.
Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдардың, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері - бір тұтас ғылыми педагогикалық психологияның негізінде, этнокомплекстік тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.
Этнокомплекстік тәрбие негізінде адамгершілік тәрбиесі жеке басты жетілдірудің барлық саласын қамтиды. Адамның адамгершілік тәрбиесіндегі адам өмірінің ә3 қырынан көрініс табады.