Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет118/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199
Герберт  Спенсер  (1820-1903  жж.)  XIX  ғасырдың 
эволюционизмнің  ірі  өкілі.  Эволюция  құбылыстар 
әлеміндегі  жалпыға  бірдей  процесс,  заңдылық. 
Эволюция  баяу  өтетін  өзгерістер,  яғни  айқын  емес 
байланыссыз 
біркелкіліктен, 
айқын 
байланысты 
әркелкілікке  өту  процесі.  Осы  заң  тәжірибеден 
тумайды,  оның  түп  негізі  біздің  ой-санамыздың 
табиғатында  жатыр,  сондықтан  оны  тану  мүмкін  емес. 
Дүниенің  құпиясы  тәжірибе  арқылы  берілмейді. 
Ғылыми  танымда  құбылыстың  мәніне  жетпейді.  Философия  ғылымға  жақын, 
бірақ  философиядан  метафизикалық  сауалдарды  (дүниенің,  болмыстың  мәні, 
түпнегізі)  алып  тастау  керек.  Философияның  басты  міндеті  ғылыми 
нәтижелерді жинақтау. 
Эволюция 
заңдылығын 
Г. 
Спенсер 
биологияға, 
психологияға, 
социологияға,  этикаға  қолданды:  Қоғам  –  тірі  организм.  Қоғам  «мүшелердің» 


145 
 
(орган)  үш  жүйесінен  қажетті  өнімдерді  шығарып  тұрады:  яғни  қамтамасыз 
ететін  жүйе;  еңбек  бөлімінің  негізінде  әлеуметтік  организмнің  байланысын 
қамтамасыз  ететін  жүйе;  реттеу  жүйесі  (мемлекет).  Организм  сияқты  қоғам 
дамиды, құрылмайды. Революция организмнің «ауруы». 
Классикалық  позитивизмнің  негізгі  идеялары  XIX  –  XX  ғасырлар 
аралығында  эмпириокритицизмде  (тәжірибені  сынау)  –  екінші  позитивизмде 
жалғасты. 
Осы  бағыттың  көрнекті  өкілдері  –  австриялық  физик  және  философ  Э. 
Мах,  неміс  философы  Р.  Авенариус.  Эмпириокритиктер  ғылымның  міндеті 
оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. 
Мах  ғылымның  ерекшелігін,  рухани  өмірдің  басқа  формаларынан 
айырмашылығын,  ғылыми  түсіндіреді.  Қарапайым,  күнделікті  өмірде 
қолданатын  тілдің  сөздерін  қоршаған  нәрселермен  салыстыруға  болады,  ал 
ғылыми  терминдермен  олай  істей  алмайсын.  Күш,  жылдамдық,  масса 
ұғымдарын  бізді  қоршаған  нәрселермен  салыстыруға  болмайды.  Теориялық 
ұғымдар  шындықты  бейнелейді,  олар  субьектің  тәжірибесімен  байланысты. 
Тәжірибе  тар  мағынада  түйсіктердің  жиынтығы  немесе  комплекс  ретінде 
алынған.  Түйсік  объективті  дүниенің  бейнесі  емес.  Ғылыми  терминдер  – 
белгілер. 
Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми 
терминологияларды  қайтадан  қарап  шығып,  мағынасыз,  бос  терминдерді 
ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады. 
Позитивистер  ғылыммен  обьективті  шындықтың  арасындағы байланысты 
мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін 
ғылыми  концепцияның  болуы  мүмкін  емес.  Осыған  байланысты,  олар  «ойды 
үнемдеу»  принципін  ұсынады.  Осы  принцип  бойынша  ғылыми  танымның 
алғашқы материалы – түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау 
керек.  Түйсіктер  –  дыбыс,  түс,  иіс,  салмақ,  кеңістік,  уақыт  және  олардың 
арасындағы  байланыстар  нағыз  шындық.  Зат  деп  түйсіктердің  комплексін 
айтамыз. 
Эмпириокритиктер  философияның  мәселелеріне  бірінші  позитивистерге 
қарағанда  ерекше  мән  берген.  Олар  философияның  міндеті  деп  барлық 
ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын  «синтетикалық» жүйесін құру 
емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі. 
Позитивизмнің  үшінші  сатысы  неопозитивизмде  (жаңа  позитивизм)  XX 
ғасырдың  20  жылдарында  дамыды.  Батыста  неопозитивизмді  кейде 
аналитикалық 
философия 
деп 
атайды. 
Неопозитивизмнің 
негізін 
қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның 
маңызды  мәселесі  деп  ғылыми  білімді  субъектінің  сезімдік  тәжірибесінде 
негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған. 
Неопозитивизмнің  тарихи  және  бірінші  нұсқасы  «Вена  үйірмесі»  деп 
аталатын  философтармен  байланысты.  Олар:  М.  Шлик,  Р.  Карнап,  О.  Нейрат. 
Олардың,  яғни  логикалық  позитивистердің  ықыласы  ғылымның  тілін  логика 
арқылы  талдау,  өйткені  тіл  –  дүниені  позитивті  қабылдаудың  басты  құралы. 


146 
 
Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау 
–  мәтінді,  белгілерді,  ұғымдарды,  белгілер  жүйедегі  байланысты,  белгілердің 
семантикасын талдау. 
Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. 
Философия  сөзбен,  сөйлеммен,  тілмен  айналысуы  керек.  Философияның 
міндеті  ғылым  сөйлемдерінің  мазмұнын,  сөзді  пайдалану,  қолдану  ережелерін 
талдау. 
Философия ғылымы теория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі 
дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай 
алмайсың.  Философияның  ақиқатқа  жеткізер  ғылыми  бағыты  жоқ,  сондықтан 
оны  ғылым  деп  атай  алмайсың.  Философияның  ары  қарай  тарылуы 
верификация  принципіне  іске  асырылады.  Егер  сөйлем  верификациялаудан 
(тексеру,  растау)  өтпесе  оны  ғылыми  демейміз.  Шындығында,  философияның 
пайымдауларын  тексере  алмайсың.  Сонда,  философияға  не  қалды? 
Философияға  қалатыны  теория  емес,  жүйе  емес...  тек  әдіс,  яғни  логикалық 
талдау.  Философия  мағынасыз  сөздерді,  жалған  сөйлемдерді  аластаумен 
айналысуы  керек  екен.  Верификация  арқылы  неопозитивизм  ғылымның 
ақиқатқа  негізделген  үлгісін  жасауға  талпынған.  Бірақ,  осындай  үлгінің  тар 
екені  байқалды,  өйткені  ғылымның  жалпы  пайымдауларын,  заңдардын  осы 
принцип  арқылы  негіздей  алмайсың.  Мысалы  идеалды  объектілерді,  төрт 
өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың. 
ХХ  ғасырдың  50  –  60  жылдары  неопозитивизмнің  жаңа  бағыты  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет