Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   199
Ә.Бөкейхан қазақтың географиясын жан-жақты терең 
зерттеген ғалым. Жер – адамзаттың алтын бесігі. Қандай да 
бір  халық,  ұлт  болмасын,  оның  дамуы  жерге  байланысты. 
Ел мен жер туралы философиялық ұстанымдық пікірлері: 
Бірінші  ұстаным:  жер,  жер  және  жер.  Жерсіз  Отан 
жоқ.  Әлихан  Бөкейхановтың  ұйғарымы  бойынша: 
«Қазақтың  байырғы  жерін  қашан  қазақтар  өз  бетінше 
ғылым  мен  техникаға  сүйеніп  толық  игермейінше,  жер 
жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, 
жер  –  Отан,  aл  Отанды  сатуға  да,  жеке  меншікке  айналдыруға  да  болмайды. 
Сол жер үшін әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен 
қаны төгілген деген тұжырымға саяды. 
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік 
қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір 
түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Яғни, бұл 
«өз  жерінің  игілігін  әуелі  өз  елі  игілігіне  айналдырсын,  одан  асса  ғана  жатқа 
салауат» деген емеуірінді танытады. Абай данышпанның: «…Өздеріңді түзелер 
дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» дегеніндегі «ырық»  – 
осы  ырық.  Өз  жеріңнің  астына,  үстіне,  аспанына  иелік  ете  алмасаң,  ырықтың 
кеткені сол емес пе?!.  
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде 
өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып 
киілуі  керек,  яғни  толықтай  экономикалық  тәуелсіздік  пен  бірлікке  қол 
жеткізуге ұмтылуы тиіс. Тағы да сол Абайдың: «Бірлік  – ақылға бірлік, малға 
бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң: атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да 
жалданып тірлік қылады. Бірлік сатылса  – антұрғандықтың басы осы. Ағайын 
алмай  бірлік  қылса  керек»дегендегі  бірлік  –  осы  экономикалық  бірлік.  Ал 
біздегі  сатылмайтын  құндылық  –  тек  «жалданып  тірлік  кұру»  ғана  болып 
қалды. 
Төртінші  нысана:  қазақ  мемлекетінде  мемлекет  құрушы  ұлттың  тіл,  дін, 
діл  үстемдігі  болуы  керек,  яғни,  Х.Досмұхамедовтің  пайымдауына  жүгінсек, 
«ұлттық  мәдениет  үстемдігі  сақталуы»  тиіс  болатын.  «Келгенде  Жиенқұлға 
шықпайды  үнім»  деп  Сара  ақынның  caл  Біржанға  айтқанындай,  бұл  төрт 
мәселеге  келгенде,  біздің  де  үніміз  шықпайды.  Егер  қоғамның  дамуы  осы 
бетімен  кете  берсе,  күні  ертең  біз  «Құранды»  да  орыс 
тілінде  оқитын  боламыз.  Бесінші,  түпкі  мақсат:  тәуелсіз 
ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге  негізделген  заңға  сүйене 
отырып,  Жапонияның  үлгісіндегі  ұлттық-демократиялық 
мемлекет құру еді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет