164
Постструктурализмнің және деконструктивизмнің теориялық алғышартын
қалыптастырушысы француз философы және әдебиетшісі Жак Деррида. Оның
философиялық жұмыстарының негізі («грамматология») құрылымсыздық
идеясы, ал интерпретация деп сөзді ойнатуды айтады. Грамматология бойынша
«жазулар» (мәтінді Деррида осылай атайды) ертедегі жазулардың жалғасы.
Сондықтан, классикалық философия ойдың өмір сүруінің негізінен айырылып
қалады. Осыны ескеріп, Деррида мәтінді дәстүрлі зерттеудің орнына, мәтіннің
құрылымын деконструкциялап логикасын, рационализмін бұзуды ұсынады.
Француз философы
Мишель Фуко тарихты зерттеуге
көп мән береді. Тарих Фуконың пікірінше бір-бірімен
байланысқан құбылыстардың тізбегі емес, керісінше
әртүрлі және тұйықталған оқиғалардың кездейсоқ
жиынтығы. Классикалық дәстүр тарихты үздіксіз процесс
ретінде түсіндіреді. Фуко керісінше тарих өзімен
тұйықталған
әртүрлі
эпистемалардың
жиынтығы.
Эпистемалардың арасында байланыс жоқ, олар бір-бірін
кездейсоқ алмастырады. Эпистема – қарастырып отырған
дәуірдің құрылымдық байланыстары, осы дәуірге тән іс-
әрекет, ой. Эпистема – Фуконың «Сөздер мен заттар», «Гуманитарлық білімнің
археологиясы» атаулы еңбегінің негізгі ұғымы. Жаңа замандағы Еуропа
мәдениетінен Фуко үш эпистеманы бөледі. Олар қайта өрлеу (16 ғ.),
классикалық рационализм (17-18 ғ.) эпистемалары. «Сөздер» мен «заттар»
арасындағы қатынас осы дәуірлердің ойлау ерекшелігіне ықпал жасайды.
Швейцар әдебиетшісі Ролан Барт деконструкциясының негізгі ұғымы –
автордың өлімі. Егер герменевтикада мәтіннің авторы маңызды болса,
деконструктурализмде мәтіннің өзі маңызды, ал авторды ескермеуге болады.
Автордың мәтінге салған мағынасын деконструкивистер іздемейді,
керісінше олар көп мағыналығына мән беріп ойдан қосып жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: