159
Теолог, палеонтолог Тейяр де Шарден, өзінің «Адам феномені» атаулы
кітабында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын христиандық бірқұдайлық
ілімімен татуластырады. Әлем, теологтің пікірінше, хаостан космосқа эволюция
жолымен өтуде. Дүниенің алғашқы негізі рухани - энергетикалық субстанция.
Космостағы қалыптасу, реттелу процестерін объективті заңдар басқармайды,
Құдай басқарады. Оны Тейяр де Шарден «омега» нүктесі дейді. «Омега» –
Құдай. Әлемнің әрбір бөлшегінде ерекше энергетикалық субстанция бар. Осы
субстанция дүние мен адамның дамуының, эволюциясының қозғаушы күші
болып табылады. Оның өзегі рухтың дамуы, ноосфера. Адамның дүниеге келуі,
және дамуы – ол эволюцияның аяқталуы емес, тек дүниенің өздігінен
жетілуінің құралы.
Христиан бейнесінде өзін жетілдіре отырып, адам дүниені жетілдіруге
белсенді араласуға мүмкіндік алды.
Католицизм философиясы, кейбір догмаларынан арылып адамға жақын,
яғни әлеуметтік гармония, халықтар арасындағы бейбітшілік, өнегелік, және
т.б. мәселелерге көңіл бөле бастады. Католицизмді қарапайым адамдарға
жақындастыру, қазіргі жағдайға бейімдеу осы ілімнің негізгі мақсаты.
XIX – XXғ.ғ. АҚШ, Франция елдерінде
персонализм тарай бастады. Осы
ағымның негізгі өкілдері: Э. Брайтмен, Р. Флюэллинг (АҚШ), Э. Мунье, Ж.
Лакруа (Франция). Персонализмнің негізгі мақсаты дінмен адамды
татуластыру. Дүние – Құдай мен адамның бірігіп жасаған ісінің нәтижесі. Егер
Құдай жоғарғы тұлға болатын болса, онда адам жердегі бірінші тұлға. Тұлға
негізгі онтологиялық категория, болмыс көрнісінің негізгі формасы. Тұлғаның
шығармашылық белсенділігінің бастауы, тұлғаның өзінде емес – Құдайда.
Сондықтан да адам мен Құдай арасындағы диалог үзілмейді.
Адам қоғамдық қатынастар жүйесінде өмір сүргендіктен өзінің
қайталанбас «Мендігін» көрсетіп қалу мүмкіндігімен айырылады, өйткені
қоғамдық қатынастарда бір роль немесе функция атқару керек. Тұлға ретінде
адам өзінің қалауын ерікті жағдайда іске асыра алады. Қандай да болмасын
мәселелерді шешу тұлғаның белсенділігімен байланысты. Тұлға әлеуметтік
шешу жолында түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Әлеуметтік кедергілерден
өту үшін, тұлға таңдайды, бағалайды. Демек, тұлғаның жетілуі, өзін шыңдай
түсуі, қоғамды жетілдіруге қарағанда маңызды мәселе.
Персонализмнің
христиандық
принциптерді
негізгі
гуманистік
құңдылықтармен сәйкестендіруге, қайшылықсыз, қанаусыз қоғам құруға
талпынысын түсінуге болады, бірақ әлеуметтік ортасыз тұлғаның жетілуі
екіталай.
Әлеуметтік - сыни бағыт Франкфурт мектебінің әлеуметтік философиясын,
неофрейдизм философиясын және Рим клубын біріктіреді. Осылардың өздеріне
тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге әлеуметтік ортаға «қоғам-табиғат-адам»
жүйесіне деген сыни көзқарас оларды ортақтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: