160
Франкфурт мектебінің эволюциясы «қоғамның сыни теориясынан»
(М.Хоркхмайер, Г.Маркузе) басталып, пессимистік тарих философиясы (кейінгі
Хоркхмайер) және «жағымсыз диалектика» (Т.Адорно) арқылы қозғалып
соңында пессимистік татуласумен (Ю.Хабермас) аяқталады.
Осы мектептің өкілдері «бір өлшемді адамды» шығарғаны үшін,
адамдардың қоғамнан жатсынуын қамтамасыз еткені үшін дамыған
индустриалды қоғамды сынаушылар ретінде көрінді. Алдағы революцияның
субъектісі, сыни ойға бейімді интеллигенциялар мен студенттер болмақ,
өйткені олар «бір өлшемді сананың» құлы бола қойған жоқ. Әлеуметтік
революциядан бұрын «адам революциясы» болуы керек, яғни қоғамдық
өндірістің бір жетігіне айналып кетпейтін адамды дайындау керек.
Осы мектептің өкілдері әлеуметтік зұлымдықтың себебі ғылыми-
техникалық революциясы деп біледі.Табиғатты индустриалды қанау адамды
қанауға ұласты.
Ғылыми теникалық прогресс адамды билеудің құралына айналды және
мәдениетті «бұқаралық мәдениетке» айналдырып әлсіретті.
Өкінішке орай, индустриалды қоғамды жаппай сынаумен шектеліп, оны
қайта құрудың жолдарын көрсетпегеннен кейін Франкфурт мектебінің
идеялары бірте-бірте сөне бастады.
Дегенменде, 1986 жылы Батыс Европада өткен студенттер қозғалысына
осы мектептің идеялары ұйтқы болғанын айтып кеткеніміз жөн.
«Адам
революциясы»
идеясын
неофрейдизмде
қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: