162
қатынас. «Герменевтикалық шеңбер» - таным процесінің оралымдық (цикл)
сипаты.
Ертеде діни, тарихи, көркем шығармаларды түсіну, түсіндіру оңайға
түспеген. Орта ғасырда теолог-схоластар қасиетті кітаптардағы ( Ескі Өсиет,
Жаңа
Өсиет,
Інжіл)
діни
идеяларды
түсіндірумен
айналысқан.
Герменевтиканың қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ф. Шлейермахер. Ол
мәтіндерді ұғындырудың – грамматикалық және психологиялық екі әдісін
атайды. Бірінші әдісі арқылы «тілдің рухы», екіншісінің көмегімен - «автордың
рухы» ашылады. Мәтінді түсіндіру автормен оқырманның арасы жақын
болғанда нәтижелі болады. Егер автор оқырманнан алыс болған жағдайда,
мәтіннің мазмұны ешқашанда оқылмайды.
Түсіну, ұғыну екі жолмен іске асады: дивинация - шығарма авторының
жанына бойлап ену, сезіну, не айтқысы келгенін аңғару; салыстыру - мәтіннің
жасырын мағынасын ашу.
Ғалымдар тарихи деректерге герменевтика әдісін қолданғанда бірнеше
факторларды есепке алуы керек. Автор тарихи құжаттың мәтінін жасағанда
оның мәдени ортасы, білімі, әлеуметтік жағдайы т.б. факторлар әсер етеді. Сол
заманда билік басында кім тұрса, оныңда автордың тарихи құжатына әсері тиуі
мүмкін. Соғыс немесе саяси күрес кезінде автор екі оттың арасында қалады,
яғни тарихи оқиғаны ештене қоспай жазып шығуға мүдделі және басына қауіп-
қатер төнсе тарихи шындық өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан, мәтіннің
авторының ішкі дүниесіне
терең бойлап, оның бейнесіне кіру қажет.
Герменевтикаға философиялық бағыт берген неміс ойшылы
Г. Гадамер.
Негізгі идеяларын «Ақиқат және әдіс» атаулы еңбегінде мазмұндайды.
Философияны Гадамер мәтінді түсінудің амалы деп біледі. Философия
обьективті дүниемен айналыспайды, тіпті оны білмейді.
Герменевтикалық
әдіс
әртүрлі
мәтіндерді,
ескерткіштерді,
мәдени
өмірдегі
оқиғаларды
түсіндірумен шектелмейді, олардың мағынасын ашуға
көмектеседі. Қазіргі мәдениет мыңдаған жылдардағы
адамзат тарихының нәтижесі. Оның түп-тамыры көне
тарихта, аңыздарда. Адам өмірінің барысында тәжірибе
жинақтайды. Ол тәжірибенің көбі өткен ұрпақтардың
еншісі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін бүгінгіге, бүгіннен
келешекке жеткізу кітаптар-мәтіндер, «тіл» арқылы іске
асады. «Болмыс, – дейді Гадамер - адамнан тәуелсіз субстанция – тіл». Адамдар
тіл арқылы көмкерілген дүниемен, яғни тілге түсірілген дүниемен істес болады.
Біздер тілдің «ішінде өмір сүреміз» және саналы өмірімізде одан бір минутқа
шыға алмаймыз – дейді Гадамер.
Тілдің көмегімен заттарды атаймыз, онсыз зат жоқ. Осыдан,
философияның лингвистикалық табиғаты сұхбат арқылы ашылады.
Сұхбат адамдардың бір бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол мәтінмен
интерпретатордың арасына «орналасқан».
163
Зертеуші, интерпретатор тарихи және әдеби мәтіндерге сұрақ қоя білуі
керек, сонда ғана өткен мен бүгінгінің арасындағы сұхбат «сұрақ-жауап»
формасында іске асады.
Герменевтер сұхбатты әлеуметтік қатынастың тәжірибесі ретінде
бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: