Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет149/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

4.3.  ГНОСЕОЛОГИЯ: ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Гносеология  -  адамның  танымдық  iзденiстерiнiн  табиғатын,  бiлiмнiң 
шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде 
алатын  орынын,  даму  шарттарын,  ақиқат  өлшемiн  және  сонымен  қатар, 
шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. 
Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme 
-  бiлiм,  logos  -  iлiм).  Бұл  терминмен  әдеттей  ғылыми  таным  теориясың 
белгiлейдi.  Таным  –  ол  білімді  жетілдіру  үрдісі.  Таным  үрдісінде  алынған 
білімдер  шындықты  меңгеру  барысында  адам  немесе  әлеуметтік  топ  алдында 
пайда  болатын  сұрақтарға  жауап  беруге  бейімделген.  Адам  үнемі  дүниені 
таниды және өзіне материалдық және рухани өмірде жаңаны ашады.  
Таным күнделікті және ғылыми болады. Күнделікті таным индивид немесе 
адамдар тобымен жүзеге асады, ол таным субъектісінің қоршаған жағдайларға 
бейімделуіне  және  «адам  –  қоршаған  орта»  жүйесіндегі  өзгерістерге  жауап 
беруге  бағытталған.  Ғылыми  таным  -  «адам  –  дүние»  жүйесінде  терең 
қатынастар мен байланыстарды шығарумен байланысты таным.  
Таным  субъектiсi  деп  арнайы  мақсатқа  негiзделген,  белсендi  пәндiк-
практикалық  таным  әрекетiн  жасаушы  және  оны  бағалаушыны  айтады,  мұнда 
жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады. 
Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады 
соны  айтамыз.  Танымның  объектiсiне  материалдық  және  рухани  құбылыстар, 
сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. 
Таным  процесiнде  субъект  және  объект  бiр-бiрiне  едәуiр  әсерiн  тигiзедi. 
Таным  объектiсiн  тандауының  өзi  субъектiнiң  болуын  қажет  етедi.  Ал  бұл 
тандау  адамның  iс-әрекеттер  мiнезiмен  және  оның  рухани  қажеттiлiктерiмен 
айқындалады:  бiреуге  өнер  туындысы  эстетикалық  сезiмдер  объектiсi  болса, 
екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi. 
Танымның  философиялық  тұғырнамаларда  дәстүрлi  екi  түрiн  белгiлейдi: 
сезiмдiк  және  логикалық  танымдарды.  Олар  бiр-бiрiмен  тығыз  қатынаста 
болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. 
 
 
 
 
 
 
 
 


189 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
17 - сызбанұсқа. Таным түрлері 
 
Түйсiк  -  адамның  сезiм  мушелерiне  тiкелей  әсер  ететiн  объективтi 
дүниенiң  материалдық  заттары  мен  нәрселерiнiң  жеке  қасиеттерi  мен 
сапаларының  қарапайым,  элементарлы  бейнеленуi.  Олар,  қоршаған  айнала 
туралы  жiктелмеген  (дифференциациалған  емес)  және  затталған  емес  әсерлер, 
дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқарады. 
Қабылдау  -  адамның  сезiм  мүшелерiне  тiкелей  әсер  ету  нәтижесiнде, 
санада  материалдық  заттар  пен  нәрсенiң  бiртұтас  бейнесi  қалыптасатын, 
сезiмдiк  танымның  ерекше  формасы.  Қабылдау,  мiндеттi  түрде,  субъектiнiң 
таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда 
болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.  
Елестету  -  сезiмдiк  қабылдау  негiзiнде  қалыптасқан,  заттардың  жаңама-
сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнектi бейнесiн 
сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. 
Сезiмдiк  таным  барлық  формаларының  бiртұтастығы  ретiнде  адам 
өмiрiнде  үлкен  орын  алады.  Сезiмдiк  таным  арқылы  адам  қоршаған  дүние 
туралы  және  өзi  туралы  алғашқы  бiлiмдерге  ие  болады,  оның  санасында 
әлемнiң  сезiмдiк  бейнесi  қалыптасады,  оның  қажеттiлiгi  өзiнiң  болмысының 
жағдайларына беймделуiнде. 
Бiрақ  заттарды  терең  және  жан-жақты  танып  бiлу  үшiн,  тарихта  болған 
оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн т.б. жалғыз ғана 
сезiмдiк  таным  жеткiлiксiз.  Мiне,  осында  адамға  көмекке  рационалды,  жиi 
абстрактiлi  ой  деп  аталатын  таным  келедi.  Танымның  бұл  нысаны  адамның 
келесi  мүмкiндiктерiмен:  идеализация,  пiкiр  айту,  ой  қорыту  және  т.б. 
логикалық операциялармен тығыз байланысты. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет