Ойлау формалары
Ұғым
Пікір
Ой қорытындысы
Мазмұн және
көлем
Субъект,
предикат,
байланыс
Бар пікірлерден
жаңа пікірдің шығуы
192
Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын
жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып
толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде
күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде
интуиция туралы айтқан жөн. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады:
сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық,
ғылыми, медициналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы
келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел
шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты
функциялардың болуы мүмкiн емес екенiн екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ
шешiм аяқ-астынан көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың
бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның
келесi факторлармен байланысты: миға аяқ-астынан, тоспаған жерде кенет
шешiмнiң пайда болуы; шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;
шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештенеге ұқсамайды
(субъектiнiң өзiне); шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шешiм табу
жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.
Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп
дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы
сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген
анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi
арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.
Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты,
өйткенi ол белгiлi бiр жаңашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық
шешiм, дара өнердiң өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық - дегенiмiз үнемi
бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң
шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына
сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес
әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз
шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы
процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным
мен өнерде интуицияның маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес.
Интуициялық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық
қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiң қажеттiгi бола отырып,
интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандырады, кейбiр жағдайларда
жаңа бiлiмдерге әкелiп.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл
сұрақ гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе
жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп
түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат
деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама.
Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды - конвенционалды теория.
Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi - когеренция теориясы.
Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана
193
ақиқатты болады деп есептейдi - прагматикалық тұғырнама. Ақиқат
концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi
түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель
«үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатын
шындыққа жетедi». Ортағасырларда, Фома Аквинский «ақиқат дегенiмiз
интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады». Декарт «ақиқат-
өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi». Бұл пiкiрдi материалистер
де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер
де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк
қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықтың бар
екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен
және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты
болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты
орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып
табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту
болып жатады.
Сонымен, ақиқат - таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатын
шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан
субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр
сүрмейдi. Ол тұлғаның «iзiн» сақтайды, өйткенi ол өзiнiң әлеуметтiк-тарихи
тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам
санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi.
Мұнда, ақиқат тұлғаның ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес -
ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер
де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да
өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi
болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi
аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр
деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн толық емес,
нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына
байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi
анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге
болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес
болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге болады
«Зорлық бұл зұлымдық», бұл қағида адамгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған
кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының
шекарасын қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың
салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түйiнге
әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл 1)
шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген,
сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы
әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған
жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және
194
шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта
терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратын және танымның
кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз.
Мысалы «қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады», «Қоғам-
табиғаттың ерекше бөлiгi».
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз
байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ
салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiң бөлшектерi бар.
Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары
болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге
әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредi скептицизм, немесе
объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi – агностицизм. Абсолюттi бiлiмдi
маңызын асыра дәрiптеу догматизм.
Ақиқат проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет:
расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат,
жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм - бұл объективтi, шынайы бiлiм.
Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденген де, немесе
эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелденген кезде есептеледi. Егер
өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм
деп көрсетуге тырысқан пиғыл болып табылады, онда адасушылық әдейi емес
бiлiмдi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл
шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатын бiлiмдер.
Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға
ұстанымдары, таптаурын); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей
бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған
субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiк-
мәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным
процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған
қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика
абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи
шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды),
универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен
әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi
(адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк,
абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің
және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз
ғылымды жатқызуға болады. Ғылым – қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас
бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами
келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-
салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
195
Ғылым – адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол
адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық,
рухани байлықтың негізіне айналады.
20 - сызбанұсқа. Ақиқат
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен
мақсаттары бар, бұларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым
жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол – тек
адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты,
үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат
мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Ғылым – жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын
адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар
білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының
түрлері мен механизмдері кіреді.
Ғылым дегеніміз – арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып,
дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне
айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз
байланысты. Олар бірнешеу:
Достарыңызбен бөлісу: |