Қоғамның философиялық тұжырымдамасы:
қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың
арақатынасы
Идеалистік
тұжырымдамалар
Материалистік
тұжырымдамалар
Қоғамдағы басты
рөлді рухани бастама
алады
Қоғамдағы басты
рөлді материалдық
бастама алады
Қоғамдық сананың
алғашқылығы
қоғамдық болмысқа
біркелкі
Қоғамдық болмыстың
алғашқылығы
қоғамдық санаға
біркелкі
203
23- сызбанұсқа. Адамның материалдық қажеттіліктері
Философиялық антропология (философия және антропологиядан; адам
философиясы) кең мағынасында – адам табиғаты мен мәні туралы
философиялық ілім; тар мағынасында – ХХ ғасырдың екінші жартысындағы
батыс еуропа философиясындағы бағыт (мектеп), ол Дильтейдің өмір
философиясы идеяларынан, Гуссерльдің феноменологиясынан және басқа да
психология, биология, этология, әлеуметтану, дін және т.б. әр түрлі
ғылымдардың қолдануы мен түсіндіруінен толық адам туралы ілімді тудыруға
бағытталған идеялардан шыққан.
Философиялық антропологияның бастамасы осы бағыттың классикалық
Макс Шелер «Адамның ғарыштағы жағдайы» (1928 ж.) және Хельмут
Плеснердің «Органикалықтың сатылары және адам» (1928 ж.) жұмыстарының
пайда болуымен байланысты. Онда орталық мәселе болып адам табиғаты, адам
мен жануарлардың тіршілік ету тәсілінде ерекше айырмашылығы болды. Одан
да кеш уақытта Арнольд Геленнің «Адам. Оның табиғаты және әлемдегі
жағдайы» (1940 ж.) және «Алғашқы адам және кейінгі мәдениет» (1956 ж.)
классикалық жұмыстары шықты.
Макс Шелер өз көзқарасында күрделі философиялық эволюцияны жасады
және өмірінің ақырында өзінің барлық ізденістерін басты адам мәселесін
зерттеумен байланыстыруға тырысты. Өз еңбегінде Шелер адамды табиғаттың
бір бөлігі ретінде қарастырып, барлық тіршілік саласының ұйымдасуы көп
сатылы сипатта деп тұжырымдайды.
Адамның материалдық
қажеттіліктері
Еңбек – қоғамдық өмірдің
негізі
Әлеуметтік шындық
Қоғамдық болмыс
Қоғамдық сана
Материалдық пен
идеалдылықтың бірлігі
204
24 - сызбанұсқа. Философия тарихындағы адам тұжырымдамасы
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге
келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен
ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық
философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды
биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл
атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы
орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары
туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда
түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Адам түсінігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік аспектілерді қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың
жалғыз өкілі индивид. Индивид - тұлғаға өту жолындағы алғашқы баспалдық.
Екінші баспалдақ индивидуалдылық, оның мазмұнына жеке адамға тән
(психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы рөлі мен орны,іс-әрекетінің бағыты,
т.б.) қасиеттер кіреді. Тұлға дегеніміз-белгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени
деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға қоғам
Философия тарихындағы
адам тұжырымдамасы
Қайта өрлеу дәуірінің
гуманизмі және неміс
классикалық
философиясы
Диалектикалық-
материалистік
философия
Мифтік дүниетаным
және діни-идеалистік
дүниетаным
Жанданған
Іс-әрекет
Әлеуметтілік
Философиялық антропология
Адамның басты
сипаттары
Жанданған
Іс-әрекет
Әлеуметтілік
205
түсінігімен тығыз байланыста болады. Адам тіршілігі ең басты сапа
болғандықтан, оның үш компоненті бар:
- биологиялық компонент – тәндік, анатомиялық ерекшелік, жүйке
жүйесі сияқты адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды;
- психологиялық компонент – адам психикасындағы ой, ақыл, сезім,
елес, түйсік, мотив, ес сияқты мінездемелерін айқындайды;
- әлеуметтік компонент – моральдық принциптерді, құндылықтар
жүйесін, әлеуметтік тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін
қоғаммен байланыста қарастырады.
25 - сызбанұсқа. Тұлғаның дамуы
Адам – феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық, антропология,
тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономия, психология,
дәрігерлік т.б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді. Ғылымда адам басты
проблема болғанмен, көп жағдайда ол соңғы кездерге дейін тап, тап күрестері,
өндіріс әдісі, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, бизнес және
қондырма, революция т.б. проблемалар көлеңкесінде қалып келді. Енді адам
проблемасы арнайы қаралатын болды. Ең алдымен айтарымыз, адамда екі
түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине,
адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек
қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды
адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі
пайда болады. Олай болса еңбек, сана, тіл – бәрі де қоғамдық құбылыс, олар
қалыптасқан, даму тарихы бар.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн
құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын
субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын
Адам дамуы
Әлеуметтік тәжірибе,
адамзат мәдениеті
Индивидтің әлеуметтенуі
Тұлға
206
еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы
нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке
дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өз бойында жинақтауына,
игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды
абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп
жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз
болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды.
Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы
мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан,
әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз
–
таңбасы мен
шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық
өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар
жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс
бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы
мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi
жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және
оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн
өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық
пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын
«әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып
табылатын ағза құрайды.
Әлеуметтiлiк пен биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан
бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен
биологиялық факторды абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам әлеуметтiк ортаның
абсолюттiк нәтижесi болып көрiнедi. Екiншi концепцияға әр түрлi
биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр
нәсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады.
Нәсiлшiлдiлiктiң баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес,
индивидуалдық деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта
қандай да болсын нәсiлдiк, ұлттық немесе әлеуметтiк генотиптер өмip сүрмейдi.
Антропосоциогенез жүйенің тұрақты жұмысын реттейтін, қызметін
әдістерін адамдардың әлемге, бір – біріне және өзіне деген қарым – қатынастың
әдістерін топтастыратын, тіршілік етудің үздіксіз үрдісі.
Антропосоциогенез проблемасына байланысты әр түрлі көзқарастары бар,
бірақ соның негізінде адамның әлеуметтік және биологиялық қарым – қатынас
мәселесі жатыр. Адам өз жаратылысында әлеуметтік жаратылыс. Ол сонымен
қатар сол уақытта табиғаттың бағасы, ол өз жаратылысында соның шеңберінен
шыға алмайды, өзінің биологиялық табиғатына қатыссыз қызмет етеді, тамақ
жеу, ішуді тоқтата алмайды. Әлеуметтік және биологиялық әлеуметтік «сапа»
ретінде тұлға деп танылатын бірлікте.
Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген терминдар
қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық
психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық
207
нақты тасушысы. Жеке адам түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде
қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол
жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |