Биотехнология сөзі гректің үш сөз тіркесінен құралған, яғни «bios –
тіршілік, techne – шеберлік, logos – ілім» деген мағынаны білдіреді.
Биотехнология ғылымы тірі ағзалардағы және олардың тіршілік әрекеттерін
техникада кеңінен қолдануға негізделген. Алғаш рет 1917 ж. венгр нженері
Карл Эрике биотехнология терминін тірі организмдерден алынатын өнімдерді
белгілеу үшін қолданды. К. Эрикенің пайымдауынша «биотехнология дегеніміз
– тірі ағзалар арқылы өнім өндірілетін жұмыстардың барлығы» деп түсінген.
Бірақта, биотехнологияның ғылым ретінде арнайы мойындалған мерзімі, 1961
жылы шведтік ғалым-микробиолог Карл Геран Хэден, сол кезде шығарылатын
«Микробиология, биохимиялық инженерия және технология» атты журналды,
«Биотехнология және биоинженерия» деп атауды ұсынған кезден бастап
есептелінеді. Қазіргі қалыптасқан, яғни 1981 ж. «Бүкіләлемдік теориялық және
қолданбалы химия одағы» қабылдаған тұжырымдама бойынша: Биотехнология
– қажетті өнімдерді өндіру (тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында,
медицинада, энергетикада) және қоршаған ортаны қорғау мақсатында
биохимия, биология, микробиология және техникалық химия жетістіктерін
тиімді пайдалану деген мазмұнды береді. Биотехнология ғылымы өз алдына
жеке ғылым саласы болып ХХ ғасырдың орта кезеңінен бастап қалыптасты.
Қазіргі кезде биотехнология ғылымы биологияның іргелі салаларының біріне
айналып отыр.
Биотехнологияның халық шаруашылығындағы маңызы мен атқаратын
міндеттеріне байланысты, даму бағыты қажетті деп келесідей салаларды айтуға
болады:
211
-
медицина саласында әр түрлі өте қауіпті ауруларға қарсы күресуде
биотехнология жетістіктерін, атап айтқанда ұлпалар, дене және ағза
мүшелерін трансплантациялау немесе имплантациялау;
- фармакологияда қауіпті ауруларға, атап айтқанда жүрек-тамыр, ісік
аурулары, тұқым қуалайтын, инфекциялық және оның ішінде вирустар
тудыратын ауруларға қарсы тұра алатын жаңа биологиялық белсенді
дәрмектер мен дәрілік заттар (интерферондар, инсулин, өсу гормондары,
моноклональды антиденелер және т.б.) жасап шығару;
- өсімдіктерді
әртүрлі аурулар мен зиянкес заттардан қорғаудың
микробиологиялық әдістерін жасау және бактериалды тыңайтқыштар мен
өсу қарқындылығын реттейтін заттар жасап шығару; генетикалық және
жасушалық инженерия әдістерін қолдана отырып қоршаған ортаның
қолайсыз жағдайларына төзімді, жоғары өнімді өсімдіктердің жаңа
сұрыптары мен гибридтерін шығару;
- мал шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында, әртүрлі жемге арналған
қоспалар мен биологиялық белсенді заттар (жемдік ақуыздар, амин
қышқылдары, ферменттер, дәрумендер және ветеринариялық дәрмектер
және т.б.) жасап шығару; ауылшаруашылық малдарының көп таралған
ауруларының профилактикалық алдын алу, диагностикалау және емдеу, мал
тұқымдарын асылдандыру жұмыстарының қарқындылығын арттыру
мақсатында эмбрион трансплантациялау, гендік инженерия жетістіктерінің
жаңа әдістерін қолдану; 7
-
тамақ, химия және микробиологиялық өндірістерінде қажетті өнім алу
мақсатында жаңа микроорганизмдер штаммдарын пайдалану, тиімді
технологияларды істеп шығару;
- табиғи энергия көздерінің (мұнай, табиғи газ, көмір, т.б.) азайып таусылу
мүмкіндігіне байланысты, адамзаттың оны ауыстыратын басқа да
алтернативті жолдарын іздеп қарастыру қажеттілігі туындайды. Сол себепті
биотехнология жетістіктері энергия көздерін ауыстыра алатын қажетті
мөлшердегі спирт, биогенді көміртектер, сутегі сияқты заттарды алу
мүмкіндігіне қол жеткізеді және оны ауылшаруашылығы мен өндіріс
қалдықтарын биоконверсиялау арқылы алу мүмкіндігі туады;
-
металургия саласында – геобиотехнололгия жетістіктерін пайдалана
отырып, құрамында өте аз мөлшерде қажетті қымбат металдар бар кен
орындарынан арнаулы микроорганизмдерді қолдану арқылы пайдалы
қазбаларды өндіру;
-
экологиялық биотехнология саласында – ауылшаруашылығы, өнеркәсіп
және тұрмыстық қалдықтарды, ластанған сулар, топырақ пен ауаны
тазартудың тиімді тәсілдерін жасап шығару; .
- ғарыштық биотехнология саласында – биологиялық құнды заттардың
құрылысын анықтау және оларды медицинада, фармакологияда,
ветеринарияда 8 қолдану үшін сапалы кристалдарды алу; микрогравитация
жағдайында
микроорганизмдердің
рекомбинантық
штаммдарын,
өсімдіктердің төзімді және жақсартылған жасушаларын сұрыптап алу,
212
оларды медицинада, фармакологияда, ауылшаруашылығында, экологияда
қолдану; биология және биотехнология салаларында фундаментальдық
білімін кеңейту үшін бионысандарға ғарыштық факторлардың әсерін
зерттеу сияқты маңызды мәселелер алға қойылады.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын негізгі биотехнологиялық әдістерге
келесілер жатады:
- гендік инженерия;
- жасушалық инженерия;
- хромосомдық инженерия;
- ақуыздық инженерия;
- инженерлік энзимология.
Биотехнология үдерістері ірі сабақты азықтарды (жүгері, сабан, күнбағыс,
т.б.) силостау әдісі арқылы жұмсартып, азықтың сіңімділігін арттыру үшін де
қолданылады. Сонымен бірге, мал қоралары жанында жиналатын көптеген
нәжіс, жем-шөп қалдықтары сияқты заттарды өңдеп, бағалы тыңайтқыштарға
айналдыру ісінде де қолданыс тапқан. Микроорганизмдер көмегімен алынған
кейбір заттар азық құрамын байыту үшін қолданылса, басқалары ас қорыту
жүйесіндегі зиянды микрофлораның әсерлерін басады немесе арнайы
микробтық метаболиттерінің пайда болуына жағдай жасайды (соңғы кездері
жемдік антибиотиктер кеңінен қолданыла бастады).
Достарыңызбен бөлісу: |