Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 ТАРАУ. МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯМЕН



Pdf көрінісі
бет16/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

 
ТАРАУ. МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯМЕН 
ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ ТАРИХИ ТҮРЛЕРІ 
 
Г.Гегель  өз  уақытында  айтқандай  философия  ол  «ойда  ұсталған  дәуір». 
Философия  кезеңдерінің  ерекшелігі  бола  тұра  әр  кезеңде  ой  дамуының 
сабақтастығы  сақталып  отырған,  ол  тарихи-философиялық  үрдістердің  бірлігі 
туралы айтуға мүмкіндік береді.  
Философияның  генезисі  туралы  айтқанда  философия  дәстүрлі-
мифологиялық  түсініктер  жеткіліксіз  болғанда,  жаңа  дүниетаным  мүдделерін 
қамтамасыз  ете  алмайтындықтан    қалыптасты.    Әлеуметтік-экономикалық 
жағдайлар өзгерді, адамдар арасындағы байланыстың ескі түрлері бұзылды, ол 
жеке  адамнан  жаңа  өмірлік  ұстанымдарды  жасауға  әкелді.  Философия  осы 
талапқа жауап ретінде пайда болды.  
Осылайша,  адамзаттың  философиялық  ойлары  рулық  қатынастардың 
орнына  жаңа  таптық  қоғам  мен  мемлекеттің  келу  кезеңінде  қалыптасты. 
Сонымен  бірге,  біріншіден  философия  тарихы  мен  медицина  тарихының 
арасындағы  байланысты  көрсетеміз.  Көптеген  әр  түрлі  медициналық  жүйелер 
мен  доктриналар  сол  кездегі  философиялық  көзқарастар  мен  теориялардың 
ықпалымен  қиыстырылғаны  белгілі.  Ықпал  үнемі  екі  жақты  және  кезектесіп 
жүрді.  «Медицинаны  енді  болмағанда  көне  натурфилософия  билеп  алуынан 
кейін  Гиппократтың  кезеңі  басталады,  ол  философияны  медицинаға 
бағындырды,  ол  одан  әдіс  пен  бағытты  қолданды.  Гиппократтан  кейін  ол 
Галенге  дейін  қоса  медицина  қайтадан  философия  ықпалына  түседі.  Ол  грек 
философиясының  ең  тамаша  және  де  сонымен  бірге  медицина  тарихындағы 
нәтижелі кезеңі» (С.Ковнер).  
Ең  көне  болып  Көне  Шығыс  елдерінде:  Үнді,  Қытай,  Египет  және 
Вавилонда  пайда  болған  философия  табылады.  Бәрінен  бұрын  философиялық 
дәстүрлер  Көне  Үндіде  қалыптасты.  Үнді  философиялық  мәдениетінің 
ескерткіштері дәлелдейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет