Жасушалық инженерияның негізі - соматикалық жасушаларды
гибридтеу болып табылады, яғни жыныссыз жасушалардың бірігіп біреуге
айналуы.
Гибридті жасушаларды алу кезеңдері. Жасушалардың қосылуына
плазмалық мембраналардың жақындасуы әсер етеді. Оған табиғи мемранадағы
зарядтың болуы бөгет жасайды, яғни теріс зарядталған ақуыздар мен майлар
тобы.
Мембрананың
ауыспалы
электрлі
немесе
магнитті
өріспен
деполяризациялануы, жасушалардың қосылуына - катиондардың көмегімен
мембрананың теріс зарядының бейтараптандырылуы әсер етеді.
Қосылып кетудің алдында өсімдік, саңырауқұлақ және бактериялық
жасушалар
жасуша
қабырғасынан
босатылады,
соның
салдарынан
протопласттар пайда болады.
Лизоцим (бактериялық жасушаларға арналған), ұлудың зимолиазасын
(саңырауқұлақ
жасушаларына),
саңырауқұлақтардан
шығарылатын
целлюлазалар
кешенін,
гемицеллюлаза
және
пектиназаны
(өсімдік
жасшаларына арналған) қолдана отырып жасуша қабырғасын ферментативті
гидролизге ұшыратады.
Протоплатардың ісіну және бұзылуын ортаның осмостығын ұлғайту
арқылы алдын алады.
Алынған гибридті жасушалардың скринингі үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
1) фенотиптік белгілерді есепке алу; 2) тек ата-аналарының жасушаларының
геномы қосылған гибридтер ғана тіршілігін сақтайтын таңдаулы шарттар
жасау.