Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет163/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Гибридомді технология.  Қазіргі уақытта клеткалы инженерияның негізгі 
бағыты  -  гибридомды  алу  болып  табылады.  Негізгі  мақсат  -  қатерлі  ісік 
жасушасы  мен  алынған  гибридомды  жасушы  сызығының  қосылып  бағалы 
заттар шығаратын жасушаның тіршілігін мәңгілік ету. Гибридомді технология 
көп  жағдайда  жануар  жасушасына  қолданыдады,  оның  көмегімен  гормондар 
және  қанның  ақуызды  факторларының  шектеусіз  көбеетін  продуценттерін 
алуды  жоспарлайды.  Иммундық  жүйенің    қатерлі  ісік  клеткалары  (миолема) 
мен  сол жүйенің қаліпті жасушалары - лимфоциттер қосылуынан пайда болған 
өнім - өте үлкен практикалық мағынасы бар гибридомалар болып табылады. 
Биотехнология өндірісінде қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі 
–  медициналық  биотехнология.  Соңғы  кездері  генетикалық  биоинжинерия 
жетістіктерін  медицинада  қолдану  мүмкіндіктері  күн  санап  артура.  Мысалы: 
медицинада  ДНҚ  үлескілірінің  кодталмайтын  бөліөліктеріне  тән  белгілі 
паттерндерін анықтауға негізделген – геномдық дактилоскопия әдістерінің кең 
қолданылуын  айтуға  болады.  Иммунологиялық  препараттар  Оларға  емдеу, 


216 
 
диагностикалық 
және 
вакциналар, 
емдеу 
сарысулар, 
анатоксиндер, 
иммуноглобулиндер, 
бактериофагтар, 
интерферондар, 
нормофлора 
препараттары,  аллергендердi  қосатын  профилактикалық  құралдар  жатады. 
Дүние жүзiнде тек ғылыми-зерттеу зертханаларымен қуатты өндiрiстiк базаның 
өзара әрекеттесетiн кешендерi сыртқы рынокқа сапалы және бәсекеге қабiлеттi 
өнiмдердi  өндiредi.  Елде  iс  жүзiнде  иммунобиологиялық  өнiмнiң  толыққанды 
рыногының және өзiндiк өндiрiсiнiң жоқтығы, бiздiң әлемдiк рыноктарға шыға 
алмауымызға  ғана  емес,  керiсiнше  көп  жылдарға  әлеуеттi  импорттаушылар 
болуымызға  әкелiп  соғады.  Биотехнологиялық  қан  препараттары.  Қазiргi 
уақытта  дамыған  елдерде  донорлық  қан  плазмасынан  медициналық 
препараттарды  алу  өнiмдi  В  және  С  гепатитiнiң,  ЖҚТБ,  соз  жұқпалы  аурулар 
антигендерiмен  ғана  емес,  сонымен  бiрге  цитомегаловирус  және  Т-клеткалық 
лейкозбен  жұқтырудың  жолын  кесетiн  қатаң  бақылау  стандарттарымен 
реттеледi.  Алайда  осындай  қан  препараттарының  өндiрiсi  қазiргi  уақытта  осы 
заманғы  талаптарына  сай  деп  есептеуге  болмайды,  өйткенi  сапалы  қан 
препараттарының  құрамында  қабықсыз  вирустар  (гепатит  А,  паравирус  В  19 
және  басқалар)  болуы  мүмкiн.  Салыстырмалы  бiрде  бiр  мысалы  жоқ 
вирустарды 
тасымалдауда 
қан 
факторларының 
рекомбинанттық 
концентраттары едәуiр қауiпсiз деуге болады. Қазiргi уақытта рекомбинанттық 
та,  плазмалық  та  тазартылған  қан  факторларын  өндiру  жоқ.  Экономикалық 
жағдай  жұқпалы  болуы  мүмкiн  қан  препараттарының  өндiрiсiнде  стандарттау 
қағидаттарын  жеткiлiктi  шамада  iске  асыруға  мүмкiндiк  бермейдi.  Гендiк-
инженерлiк  дәрi-дәрмек  препараттары.  Бұл  медициналық  мақсаттар  үшiн 
олардың  синтезi  мүмкiн  емес  немесе  өте  қиын  табиғи  биореттеуiштер  және 
биологиялық  белсендi  заттар.  Қазiргi  уақытта  гендiк-инженерлiк  дәрi-дәрмек 
препараттарының өндiрiсi биотехнологиялық фарминдустрияда жетекшi сектор 
болып  табылады.  Жаңа  биотехнологиялық  өнеркәсiп  өнiмдерiнiң  әлемдiк 
рыногында  үлесi  18%  құрайтын,  ақшалай  3  млрд.  доллардан  астам  гендiк-
инженерлiк инсулиннiң өндiрiсi ең iрi өндiрiс болып табылады. Соңғы жылдар 
iшiнде  гормондық  сипаттағы  гендiк-инженерлiк  дәрi-дәрмектер  рыногында 
сауданың  көш  басы  анемия,  жүрек-қан  тамырлары  және  онкологиялық 
ауруларды 
емдеу 
кезiнде 
қолданылатын 
түрлi 
модификациялары, 
рекомбинанттық  эротропоэтин  препараттары  болған.  Иммунодиагностикада, 
рак  терапиясында  және  басқа  да  ауруларды  емдеуде  қолданыс  тапқан 
моноклондық антиденелер (МАВ) әзiрленiп жатқан биотехнологиялық өнiмдер 
арасында  жетекшi  орын  алады.  Өте  белсендi  әзiрленiп  жатқан  гендiк-
инженерлiк  өнiмдер  арасында  цитокиндар  тобының  препараттары  - 
интерлейкиндер  бар,  сондай-ақ  антагонисттер  рецепторлары  интерлейкиндер. 
Бұл  препараттар  iсiк,  жiтi  асқыны,  автоиммундық  ауруларын,  сондай-ақ  қан 
ауруларының ауыр түрлерiн 
Диагностикалық  құралдар.  Бактериологиялық  және  физикахимиялық 
талдауға негiзделген дәстүрлi диагностика әдiстерi иммунологиялық және ДНК 
диагностикамен  белсендi  ауыстырылуда.  Экспресс  талдауды  жүргiзу  және  соз 
аурулары,  гепатит,  ВИЧ,  туберкулез  және  қатерлi  iсiктi  қоса  ауруларды  ерте 


217 
 
кезеңiнде  анықтау  бойынша  препараттарды  және  жабдықтарды  жасау 
саласындағы  зерттеулер  тез  қарқынмен  дамуда.  Дәрумендерді  өндіру 
Дәрумендер – аз консентрацияда жоғары физиологиялық белсенділік көрсететін 
төменгі  моллекулалақ  заттар.  Олар  ағзадағы  зат  алмасу  үдерісін  жақсартады, 
ағзаның  әр  түрлі  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күресін  күшейтеді.  Гопкинс  1906 
жылы күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз заттың бар екенін, ал ақталған 
күріште  болмайтынын  анықтаған.  Эйхман  1896тазартылған  күрішпен 
тамақтанатын  адамдарда  беи-бери  ауруымен  ауратынын  ,ақталмаған  күрішпен 
таамқтанатын адамдарда оың болмайтынын анықтаған. 
Биотехнология өндірісі қазіргі кезде біздің мемілекетімізде қарқынды даму 
үстінде.  Сол  дамып  келе  жатқан  бағыттардың  бірі  –  медициналық 
биотехнология.  Қазіргі  кезде рекомбинантты  ДНҚ  өнімдері болып  табылытын 
медициналық дәрі- дәрмектері кеңінен саудаға түсуде. Жаңа технологиялар да 
қарқынды даму үстінде. 
Қазіргі  уақытта  биотехнология  ғылыми-техникалық  прогрестің  алдыңғы 
қатарларына  жылжуда  және  бұл  оның  ерекшелігінің  мерзімді  қатары  болып 
табылады: 
1.  Биотехнологиялық  өндіріс  ғылыми  сыйымды  өндіріс  болып  табылады,ал  
оның дамуы экономиканың тиімді көтерілуіне әкеледі. 
2.  Биотехнология  сферасында  құрылымды  зерттеуді  шектеу  қиын  бұл  бір 
жағынан  және  екінші  жағынан  қолданбалы  зерттеу.  Ол  іс  жүзінде 
биотехнологияның  уақытша  іргелі  нәтиже  және  технологияның  зерттемесінің 
практикалық игеруге  кедергі жасауда.   
3.  Жасушалар  және  биологиялық  молекула  қолданылуында  негізделген 
технология  табиғи  әр  түрлілік  қолданысында  үлкен  мүмкіндіктер  туғызады, 
іргелі 
биотехнологиялық 
зерттеулердің 
нәтижелері 
жақсы 
бағдарламаланғыштыққа және практикалық маңыздылыққа ие. 
4.  Биотехнология  жаңартылмайтын  ресурстарды  жаңартылатындарымен 
алмастыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді,  сондықтан  ол  жаңыртылмайтын 
табиғи  ресурстар  дефицитімен  байланысты  мәселелерді  шешу  құралы  ретінде 
бағаланады. 
Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты  биотехнология  Қазақстан 
Республикасының  индустриалды  дамуының  басты  бағыттарының  бірі  болып 
табылады. 
Кеңес уақытында Қазақстанға өнеркәсіптік биотехнологияның өндірістік 
негізі рольі берілді. Әскери-өнеркәсіптік кешенге кіретін стратегиялық мәндегі 
мамандандырылған мекемелер мен жабық қалалар жасалды. Сонымен, дамыған 
инфрақұрылым,  жоғары  квалификациялы  кадрлер  және  қазіргі  өндірістік  база 
түріндегі – көрнекті жүкпен Қазақстан 90-шы жылдардың басына аяқ басты. 
ҚР-ң  Президентінің  Жарлығымен  1993  жылы  елдің  бастаушы  биологиялық 
ғылыми  орталығы  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасының,  ҚР-ң  білім 
және  ғылым  министрлігінің  ғылым  Комитетінің  Ұлттық  биотехнология 
орталығы құрылды (ҰБО).  


218 
 
ҰБО  биотехнология  салаларының  дамуының  және  қолдауының 
мемлекеттік  саясатын  іске  асырады,  биотехнология,  биологиялық  қауіпсіздік 
және  экология  облысындағы  мемлекетпен  қаржыландырылатын  ғылыми-
техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді. 
ҰБО келесі облыстарда зерттеулер өткізеді: 
- генді диагностика, фармакогеномика, медициналық биотехнология; 
- діңгек жасушалар, жасушалы  технологиялар, регенерациялық медицина; 
- иммунология, иммунохимия, иммунобиотехнология; 
- фармакология, клиникалыққа дейінгі и клиникалық сынақтар; 
- микроағзалардың молекулярлы генетикасы; 
- өсімдіктердің молекулярлы генетикасы және гендік инженериясы; 
- биотехнология және өсімдіктердің жасушалы селекциясы; 
- экологиялық биотехнология, экологиялық мониторинг. 
Әрине,  биотехнология  облысындағы  әлем  ғалымдарының  керемет 
жетістіктерімен, 
мысалы 
микроағзалардың 
органикалық 
бөліктерін 
органикалық  емес бөліктерімен  алмастыру  арқылы  жасалған нанороботтармен 
салыстырғанда,  Қазақстанның  жетістіктері  айтарлықтай  керемет  көрінбейді. 
Алайда, ҚР-ң  БҒМ-де  санайтындай,  қазақстандық биотехнологияда болашақта 
экономиканың маңызды секторы болатындай жеткілікті потенциал бар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет