Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет161/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   199
Клондау  (грек.  clon  –  ұрпақ,  бұтақ)  –  организмдерді  жыныссыз  жолмен 
көбейту  арқылы  сол  организмдерге  ұқсас  ұрпақтар  алу.  20  ғ-дың  60-
жылдарының  басында  кейбір  жоғары  сатыдағы  өсімдіктер  мен  жануарларды 
Клондау  әдістері  жете  зерттелді.  Бұл  әдістерге  даму  сатысын  аяқтап,  толық 
жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы 
ақпарат  анықталғаннан  кейін  қол  жеткізілді.  Клондау  кезінде  клеткадағы 
белгілі  гендер  жоғалмайды  (тек  Клондау  процесіне  қосылмаған  гендер  ғана 
жойылып  отырады).  Клондау  туралы  алғашқы  мағлұматты  Корнелль 
универстетінің
 
(АҚШ)  профессорлары  жүргізген  тәжірибелерден  көруге 
болады.  Олар  өсуге  қажетті  қоректік  заттар  мен  гормондары  бар  ортада  сәбіз 
тамырының  жеке  клеткаларын  өсіру  арқылы,  осы  өсімдіктің  жаңа  формасын 
алды.  Кейінірек  Ұлыбританияның  Оксфорд  университетінің  ғалымыД.Гердон 
(1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. 
Ол  өзінің  ядросы  алдын  ала  ультракүлгін  сәулелері  арқылы  жойылған 
құрбақаның  жұмыртқаклеткасына,  ішек  клеткаларынан  алынған  ядроны  егу 
(қондыру)  арқылы  әуелі  итбалықты,  соңынан  сол  ядро  алған  құрбақаға  ұқсас 


214 
 
дарабасты  алды.  Бұл  тәжірибелер  тек  дифференциалданған  (арнайы) 
клеткаларда  организмнің  дамуына  қажетті  барлық  ақпараттардың  болатынын 
дәлелдеп  қана  қоймай,  сондай-ақ,  жоғары  сатыдағы  организмдерді,  соның 
ішінде  адамды  да,  Клондауға  болатынын  көрсетті.  Клондау  арқылы  өте 
пайдалы  өсімдік  сорттарын  алуға  және  мал  тұқымын  асылдандыруға  болады. 
Бірақ  Клондаудың  мұндай  әдістері  (өсімдік  сорттары  мен  асыл  тұқымды  мал 
алатын)  адамдарға  қолдануға  келмейді.  Теориялық  түрде  әйелдің  де,  еркектің 
де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму 
сатысының  барлық  кезеңдерінен  өтуі  керек,  міне,  сол  кезде  клеткаға  сыртқы 
ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ. 
Гибридпен клондау кезінде жасушаның маңызды қасиеттерін сақтау үшін 
қандай жолдар қарастырылған? 
Жасушаларды  ұзақ  уақыт  бойы  маңызды  қасиеттерін  жоғалтпай  сақтауға 
болады, егер де онда болып жатқан барлық өмірлік процестерді тоқтатса,оның 
ішінде  генетикалық  қайта  құрылуды  да.  Бұл  кезде  культура  –  анабиоз  сияқты 
жағдайға  түседі  және  сақтау  әдістері  анабиозға  жақындау  сатысы  бойынша 
жіктеледі: 
1.  Жасушаның  лиофильді  кептірілуі  (вакуумда  мұздатылғаннан  кейін  60ºС 
және одан төмен температурада обезвоживание). Бұл әдіс –жақсы, мысалы, 
белсенділігін  бірнеше  жылға  сақтайтын    антибиотиктер  үшін.  Дегенмен 
бионысаналардың  барлығы  лиофилизациядан  өте  алмайды.  Лиофилизация 
жағдайында өміршеңдігі төмен жасушалар өледі де, популяция өмір сүруге  
қабілеті  мол  жасушамен  толықтанады.  Бұл  байланыста  осы  немесе  өзге 
штамм-продуценттің  белсенділігін  сақтау  үшін    селективті  жағдайлар 
қажет. 
2.  Стерильді  топырақ  ауасында,  құмда,  белсендендірілген  көмірде,  кейбір 
өсімдіктердің  ұрықтарында,  агар-агар  дисктерінде,  қағазда,  жүнді 
жіпшелерде және өзге тасымалдаушыларда кептіру. Бұл әдіс салыстырмалы 
түрде  қарапайым.  Бірақ  ол  популяцияда  болып  жататын  гентикалық 
өзгерістерді  жеткіліксіз  деңгейде  тоқтатады.  Соңғы  жылдары  сұйық 
жағдайдағы  вакуум  астында  кептіру  қолданылады.  Микроорганизмнің  кей 
түрлері, әсіресе, лиофилизацияны өте алмайтындар осындай өңдеуден кейін 
өмірге қабілетті жағдайда сақталады. Ал бионысананың көпшілігі кептіруді 
көтере алмай, өледі. 
3.  Споралар сақталуы (спора түзетін бактерияларға жарамды). 
4.  Криоконсервация –жасушалардың терең мұздатылуы және сонан соң сұйық 
азотта (-19º) немесе оның буында (-150º) кептірілуі. Басқа сақтау әдістерінде  
сақтала алмайтын  - цианобактериялар, пурпурлы және жасыл бактериялар, 
мицелиальді 
саңырауқұлақтар, 
актиномицеттер, 
қарапайымдылар, 
балдырдар,  өсімдік  және  жануар  жасушаларының  культуралары, 
гибридомдар, гендік-инженерлік мутанттарды осы жолмен ұзақ уақыт бойы 
сақтауға болады. Терең мұздатылған жағдайдағы организмдер жинақтамасы 
–  крио-банкалар  жасалынды.  Криоконсервация  толықтай  жасуша 
популяциясының гендік фондының бұзылуына кедергі болады. 


215 
 
5.  Комбинирленген сақтау әдістері. Кейбір жағдайларда маңызды қасиеттердің 
жақсы  сақталуы  бірнеше  сақтау  әдістерінің  комбинациясы  арқылы  жүзеге 
асады.  Яғни,  жасушалардың  біртіндеп  кептірілуі,  келесі  лиофилизацияда 
немесе  төменгі  температурада  сақталуында,  олардың  өміршеңдігі  мен 
биохимиялық белсенділігін сақтауға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет