2 нұсқа
1. Өмірдің соңында И.Шеллинг өзінің ілімінде тарих дамуындағы логиқалық
заңдылықтарды терістеу арқылы, қоршаған дүниені түсініксіз хаос ретінде
қабылдап, қандай философияның жолына түсті
a) иррационализмнің
b) трансценталдық идеализмнің
c) барабарлық идеяның
d) аян философиясының
e) натурфилософияның
2. Фейербах Гегель философиясын не үшін сынаған
a) софистикасы үшін
b) эмпиризмі үшін
c) эклектизмі үшін
d) дуализмі үшін
e) идеализмі үшін
3. «Адам әрқашанда әлеуметтік пенде ретінде ғана өмір сүре алады», деген ой-
тұжырым жасаған қай неміс философы болатын
a) Гегель
b) Фейербах
c) Шеллинг
d) Фихте
e) Кант
4. «Мемлекет - қажетті зұлымдық, бірақ адамдар мыңдаған жылдардан кейін
адамгершілік тұрғысынан кемеліне келген кезде, мемлекет қажет болмай
қалады», - деген пікірді айтқан қай неміс ойшыл
a) - Фихте
b) - Кант
c) - Гегель
d) - Шеллинг
e) - Фейербах
5. «Рухани дағдарыстағы адамзат жер бетіндегі тіршілікті аялап, өзімен бірге
әрі қарай үндесті түрде дамытса ғана бүгінгі цивилизация өмірде қалады», -
деген Ресей ғалымы
a) В.И. Вернадский
b) К.Э. Циолковский
c) Н. Моисеев
d) - Н.О. Лосский
e) - С.Л. Франк
6. В. Соловьев таным процесінде неге көп көңіл бөледі
226
a) мистикалық тәжірибеге
b) сыртқы тәжірибеге
c) психикалық тәжірибеге
d) эмпиризмге
e) ішкі тәжірибеге
7. В. Соловьевтің пікірінше, адамзат өмірінің мән-мағанасы неде
a) жер бетінде Құдайдың патшалығын орнатуға бағытталған іс-әрекетте
b) ноосферада
c) ғарышты тәртіпке келітіріп, ұйымдастыруда
d) адам өзін тұлға ретінде іске асыра алатынын түсінгенде
e) өмірдің қысқа екендігін ұғып, оны қадірлей білуінде
8. Н.Бердяевтің тарих философиясында үлкен орын алатын қандай категория
a) уақыт пен кеңістік
b) қозғалыс
c) қозғалыс пен уақыт
d) уақыт
e) кеңістік
9. Н.Рерих ғарыш философиясының өкілдерінен (К.Э.Циолковский,
Н.Ф.Федоров, Л.Чижевский) ерекшеленетін ой-тұжырым жасаған болатын.
Ол қандай ой-тұжырым еді
a) Ғарыш - хаос емес,нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді
b) Күн мен биосфера ажырамас байланыста
c) Адамзатты біріктіретін негізгі күш - мәдениет, ғарыштық этика
d) Табиғатты зертеп, өткен ұрпақтарды тірілту керек
e) Адам ғарыш өмірінің бір бөлігі
10. Қазақ философиясын қандай философия десек жеткілікті болады
a) этикалық
b) практикалық
c) антропологиялық
d) аксиологиялық, өйткені онда құндылық әлеміне зор көңіл бөлінеді
e) экзистенциалдық, өйткені онда адам мәселесі осы тұрғыда қарастырылады
және ол көшпенділік өмір салтын еске түсірсек, түсінікті болады
11. Қазақ философиясында қандай мәселеге көбірек көңіл бөлінеді
a) онтологиялық
b) гноселогиялық
c) адам мәселесіне
d) ұжымдық мүддеге
e) ерікке
227
12. Яссауи философиясында қойылған мәселе - ол адам болмысы, оның екі
жағы бар.Біріншісі,адам-дене,оның қажеттіліктері өтелмей өмір сүру мүмкін
емес;екіншісі не
a) рухани ахуал,ол нағыз адамның өмір сүру ахуалы
b) руханилық,ол аса баға жетпес қажет
c) сабырлық,ол психологиялық қасиет
d) рух, ол оның тіршіліктерімен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі
e) тән мен жанның бірлігі
13. XY-XVIII ғғ.дүниеге келген қазақ философиясындағы ой-толғамдар
негізінен алғанда қандай түрде таралып өмір сүреді
a) эпикалық
b) жыраулық
c) мифологиялық
d) поэтикалық
e) драмалық
14. Аталған тұжырымдардың кайсысы христиан дінінің адамға қатысты
тұжырымы болып саналады
a) Алла тағала адамды саналы етіп жаратқанымен,фәниде баска тіршіліктердің
арасынан өз орнын табуға шақырады, Ол оған табиғат әміршісі бол, - дейді
b) Құдай адамды өз бейнесіне ұқсатып жаратты
c) Адамды тек рухани пенде ретінде түсініп, олай болса материалдық
құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені рух
материядан жоғары
d) Адам Құдайдың жаратқан пендесі
e) Адамның санасы, рухы бар, сондықтан ол табиғаттың әміршісі болуы керек
15. Сублимация, Фрейдтің пікірінше, психологиялық қорғаудың механизмі,
яғни
a) тежелген, жасырынды сексуалдық инстинктінің (либидоның) қоғам үшін
жақсы, жағымды бейсексуалды іс-әрекет түріне - әдебиет пен өнер
саласындағы шығармашылыққа, саяси және басқа қоғамдық іс-әрекеттерге
ауысуы
b) бұл ұғым адамдардың тұрақты механизмдерінің (әдептілік, саяси т.б.),
олардың психикасының барлық түрлерінің бұзылғандығын көрсетеді
c) азап шегуді, қайғы-қасіретті тартатын ойлар мен сезімдерді санадан
ығыстырып тастау, әдейі ұмыту
d) өзінің дұрыс емес жүріс-тұрысын, қылықтарын жұрттың көзінше жалған
дәлелдер арқылы ақтау, есті деп көрсетуге тырысу
e) өзінің үятты ойларын, сезімдерін, жүріс-тұрысын басқа адамдарға тағып қою,
өзінің кемшіліктері үшін басқаларды айыптау
228
16.
Уақытында американ ғалымы А.Маслоу адам қажеттіліктерінің
пирамидасын - төменнен жоғарғы деңгейіне көтерілетін қажеттіліктерінің
тізбесін жасаған болатын. Соның ең төменгісіне не жатады
a) жыныстық
b) экзистенциалдық
c) физиологиялық
d) әлеуметтік
e) престиждік
17. А.Маслоу адам қажеттіліктерінің тізбесін жасады. Оның ойынша,
әлеуметтік қажеттілікке не жатады
a) беделді адамдардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау
b) жоғарғы тұлғалык бағаға ие болу
c) шығармашылық аркылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру
d) баска адамдармен бірігіп қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сипатына ие
болу
e) қауіпсіздік, ертеңе кунге деген сенімдік қарым-қатынасқа түсетін қоршаған
адамдардың тұрақтылығын т.с.с.
14. Дүниені түсіндіру жағынан марксистік философия қай бағытқа жатады
a) субстанцияны дуалистік тұрғыдан түсіндіруге
b) философиялық діни монизмге
c) диалектикалық-материалистік монизмге
d) объективтік-идеалистік монизмге
e) дүниені плюралистік тұрғыдан түсіндіруге
15. Экзистенциализмнің басты мәселесі
a) адамның дүниеден жаттануы
b) индивид ойларының ағыны
c) адамның рухани әлемі, қазіргі замандағы жеке тұлғаның тағдыры, жеке адам
болмысы
d) уайым, сезім, яғни адамның ішкі жан дүниесі
e) болмыс пен әлем, адам тіршілігі
16. Экзистенциализмнің өзекті ұғымдарының бірі - «инферналдылық». Ол
мынадай мағына береді
a) латынның «инферна» - «дозақтық» сөзінен алынғандықтан, тозаққа түсуді
белгілейді
b) тығырық, тұйық, жабық жағдайда болу
c) өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, уайымдау мен
қамқорлық т.с.с.
d) өлім, қайғы-қасірет, қорқыныш, кінә, күрес
e) тіршіліктің соңғы кезеңіне жету
229
Достарыңызбен бөлісу: |