ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ
Абсолюттік
рух
–
Гегельдің
философиялық жүйесінің бөлігі, онда
еркін рухтың өмірін суреттейді,
кеңістік және уақытпен шектелмейді,
ол өнерде, дінде әрі философияда
көрінеді.
Абсолюттік идея – философияның
негізгі категориясы, дүниенің негізін
көрсетеді, дүниенің шығармашылық
бастамасы, болмыстың өзгермейтін,
мәңгі, аяқталған бастамасы.
Агностицизм – (гр. А теріске шығару
және
gnosis
–
білім)
әлемді,
ақиқаттың
объективті
белгісін
мойындауды
жоққа
шығаратын,
оларды жай елес етіп түсіндіру
арқылы ғылымның рөлін шектейтін,
табиғи, соның ішінде әлеуметтік
процесс заңдылығы мен заттың мәнін
түсіну мүмкін емес деп есептейтін
философиялық ілім.
Аксиология – (гр. Axia – құндылық
және
Iogos
–
ілім,
сөз)
құндылықтардың табиғаты, олардың
әлеуметтік шындықта аталған орны
және құндылық әлемінің құрылымы
туралы философиялық ілім.
Достарыңызбен бөлісу: |