Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет166/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199
 
 
 
 
 
 
 
 


221 
 
Тест сұрақтары: 
 
1 нұсқа  
1. Аристотель төмендегілердің қайсысының негізгі заңдарын жасады 
a) психологияның 
b) герменевтиканың 
c) атомистік материализмнің 
d) эвристиканың 
e) логиканың 
 
2.  Антикалық  философияда  диалектика  ойлаудың  әдісі  ретінде  қай  түрде 
көрініс тапқан 
a) жылжу теориясы 
b) пікірталас, диалог, жарыссөз 
c) даму теориясы 
d) болмыс жайлы ілім 
e) адам және қоғам жайлы ілім 
 
3.  Ортағасырлық    философиядағы  «шіркеу  әкелерінің»      кезеңі  латынша  қалай 
аталған 
a) экзегетика  
b) номинализм 
c) патристика 
d) реализм 
e) схоластика 
 
4.  Патристикалық  философияның  көрнекті  өкілі  Августин  Құдайдың  мән-
мағыналық  қасиеттеріне нені жатқызады 
a) Генерация 
b) Болмыс, игілік, ақиқат 
c) Фабрикация 
d) Креация (Жоқтан барды тудыру) 
e) Жасау, тудыру, жарату 
 
5. Зұлымдықтың түп-тамырын Августин адамның қандай қылығынан табады 
a) бұзылған сана-сезімінен 
b) өзімшілдігінен 
c) қомағайлығынан 
d) дүниеқоңыздығынан 
e) бұзылған еркінен 
 
6.  Августиннің  қай  еңбегінде  Құдайды  сүйетін  адамдар  бірігіп,  «Аспан 
қаласын»  құрайды.  Ал  қалғандары  –жердің  пенделері.  Соңғылар  адамның 
даңқын іздейді, ал біріншілер адамның даңқын арттырады 


222 
 
a) Сыр шегу 
b) Академиктерге қарсы 
c) Жанның өлместігі 
d) Құдай қаласы жөнінде 
e) Мән мен өмір сүру жайлы 
 
7.  Августин  өзінің  қай  еңбегінде  еш  нәрсені  жасырмай,  өзінің  жан  дүниесін 
толығынан сыртқа шығарады, өз ішіндегі талай қиыншылықтардың қаншама 
зардап  әкелгені,  соларды  шешу  жолында  қалайша  құдайды  мойындағаны 
жөнінде айтады 
a) Құдай қаласы жайында 
b) Сыр шегу 
c) Мән мен өмір сүру жөнінде 
d) Жанның өлместігі жөнінде 
e) Академиктерге қарсы 
 
8.  «Сезімдік  дүние  бізді  тұрақтылыққа  әкелмейді,  ол  өне  бойы  өзгереді. 
Адамның  денесі  де  өзгерісте,  ал  ақыл-ой  -  тұрақты»,  -  деген  патристика 
бағытының қай өкілі болатын 
a) Ориген 
b) Тертуллиан 
c) Августин 
d) Квинт 
e) Тит Флавий Климент 
 
9. Гегельдің ең алғашқы атақты ірі шығармасы қалай аталады  
a) Логика ғылымы 
b) Құқық философиясы 
c) Рухтың феноменологиясы 
d) Эстетикадан лекциялар 
e) Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы 
 
10.  Гегельдің  ойынша,  рух    табиғаттан  шықса  да,  оның  туындысы  емес,  ол 
өзінің  алғышарттарынан  -  абсолюттік  идея  мен  сыртқы  табиғаттан  -  өзін 
тудырып,  даму  барысында  үш  сатысынан  өтеді.  Бірінші  сатысы  -  
субъективті  рух.  Гегельдің    пікірінше,  субъективті  рух  қай  түрде  жүзеге 
асырылады 
a) өнер, дін, философия 
b) құқық, мораль, отбасы, азаматтық, мемлекеттік, адамгершілік 
c) логика 
d) жеке адамның санасы 
e) табиғат 
 
11. Гегельдің пікірінше, объективті рух қай түрде жүзеге асырылады 


223 
 
a) жеке адамның санасы 
b) өнер, дін, философия 
c) логика 
d) құқық, мораль, отбасы, азаматтық, мемлекеттік 
e) табиғат 
 
12.  Орыстың  ұлы  жазушысы  Ф.  Достоевскидің,  «әсемдік  әлемді  құтқарады» 
деген қанатты сөзіне неміс философы Ф.В. Шеллингтің қандай ой тұжырымы 
сәйкес келеді 
a) дүние әсемділіктің көрінісі 
b) өнер, эстетикалық сана - тарихтағы негізгі нәрсе 
c) дүниеде зұлымдықтан әсемдік көп 
d) зұлымдықтың өзіненде әсемдікті көруге болады 
e) әлем  сұлулықтың  нышаны,  поэзия,  өйткені  табиғаттың  өзі  «рухтың 
бейсаналық поэзиясы» 
 
13.  Шеллинг  өнер  саласын  негізінен  екіге  бөледі.  Біріншісі-  реалдық  өнерлер. 
Оған  ол  музыканы,  сүрет,  сәулет  пен  мүсінді  жатқызады.  Екіншісіне  ол 
қандай өнер түрлерін жатқызады 
a) поэзия, лирика, әдебиет 
b) комедия, опера, әдебиет 
c) лирика, эпос және драма 
d) эпос, комедия және драма 
e) поэзия, лирика және проза 
 
14. Трансцендентальдық (лат.: transcendens —шегінен аттап өтетін) деп И.Кант 
қандай ұғымдарды айтады 
a) тәжірибеден кейінгі, яғни апостериорлық ұғымдарды 
b) ақыл-оймен түсінілетін ұғымдарды 
c) абстрактылы ұғымдарды 
d) нақтылы ұғымдарды 
e) тәжірибенің  алдындағы  (априорлық)  және  сол  тәжірибелік  танымға 
мүмкіндік жасайтын ұғымдарды 
 
15. С.Кьеркегор зардап шегу мәселесіне қандай өзгерісті енгізеді 
a) егер біз зардап шегуді сүйетін болсақ, сонда ғана біз өмір сүру деңгейімізде 
бақытсыздықтан биіктеп, бақыттың өзінен асып түсеміз 
b) зардап  шегу  Құдайдың  алғашқы  көрсеткен  дұрыс  жолынан  адамның 
ауытқуынан шықты 
c) зардаптан құтылудың жолы бар 
d) зардап шегуден құтылуға болмайды 
e) зардап шегудің себебі дүниенін ешқашанда кемеліне келмеуінде 


224 
 
16.  Мартин  Хайдеггердің  «Dasein»  («осы  арадағы  болмыс»)  ұғымы  бойынша 
тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл 
тұрғыдан алғандағы философияның негізгі мақсаты - ол 
a) болмысты зерттеу 
b) адамның өмір сүруін көрсету 
c) тобыр  адамын    («das  Man»),  яғни    конвейерден  шыққан  бір-біріне  ұқсас 
заттар сияқты бірін-бірі ауыстыра алатын адамдарды зерттеу 
d) дәл қазір өмір сүріп жатқан адамның ішкі тебіренісін зерттеу, содан шығатын 
өмір тәжірибесін талдау 
e) болмыстың өлшемі - уақыт екенін ескерту 
 
17.  Экзистенциализм  философиясының  ерекшеліктерінің  бірі  -  адам  мен 
қоғамның арасындағы қатынастарға мына тұрғыдан қарау 
a) жеке адамды қоғамнан бөлмеу 
b) мемлекетті адамға қысым жасайтын  күш ретінде түсіну 
c) адам үшін әлеуметтік болмыс маңызды деп түсіну 
d) жеке  адам  мен  әлеуметтік  болмысты  бір-біріне  қарсы  қою,  адамзат 
болмысының осы екі жағының бір- бірімен ымыраласпайтынын көрсету 
e) адам тек қана өз ісіне ғана емес, басқаларға да жауапкершілікті деп түсіну 
 
18.  Дүние  -  бірегей,  тоқталмайтын,  өне  бойы  жаңа  формаларды  бірінен  соң 
бірін  тудыра  беретін  шығармашылық,  ал    «өмірлік  талпыныс»  ("elan  vital») 
шығармашылық эволюцияның қозғаушы күші деген ХХ ғ. философ 
a) В. Дильтей 
b) Ф.Ницше 
c) Г. Гегель 
d) А. Бергсон 
e) М. Фуко 
 
19. Бергсонның «өмірлік талпыныс» («elan vital») ұғымының мағынасы 
a) белгілі бір толыққанды біртұтас өмір 
b) өмірдің қалдықтары 
c) ешқашан тоқталмайтын шығармашылық, өзгеріс, қалыптасу 
d) болмыстың енжар жағы 
e) адамның дүниеге бейімделуі 
 
20.  Интуицияны  «затқа  деген  сүйіспеншіліктің  негізінде  оның  ішкі, 
интеллектіге  ашылмайтын  жағына  өтіп,  оның  өмірлік  өзегін  сезіну»,  -  деп 
түсіндірген ХХ ғ. интуитивизм ағымының өкілі: 
a) Н. Бердяев 
b) М. Хайдеггер 
c) К. Ясперс 
d) Ф. Фукуяма 
e) А. Бергсон 


225 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет