46
Милет мектебі - грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп.
Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал
бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті
милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне
жағдай жасады. олар математика, география, астрономия салаларында ғылыми
жаңалықтар ашты.
Милет мектебінің ойшылдары үшін келесі ерекшеліктер тән: барлық
заттардың негізінде «бірінші материя» жатыр, ол ешкіммен жасалмаған және
мәңгі өмір сүреді; «бірінші материяның» негізгі қасиеті болып қозғалыс
табылады; дүние материя қозғалысының нәтижесінде пайда болды; материя тек
қозғалыста өмір сүреді, сәйкесінше бәрі өзгереді; барлық зат «қарама-
қарсылықтардың бірлігі».
Фалес (б.д.д. 624-547жж.) – Милет қаласынан
шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз
бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі.
Мысыр және Вавилонда математика және астрономия
ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 жж. күннің
тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар.
Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша
пирамиданың биіктігін анықтайды.
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы
негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді.
Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді
ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: