Апейронға заттардың оралуы
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 жж.) – ежелгі грек материалист –
философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың
шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы
материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға
айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат.
Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға,
сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу
идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан,
әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы.
Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын
сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн
қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.