Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Сократ  (б.з.б.469-399  жж.)  жасында  мүсіншілікпен 
айналысқан,  кейін  философ,  қоғам  қайраткері.  Сократ 
софистер  бастап  бірақ  аяқтай  алмай  кеткен  адам  туралы 
ілімге  ерекше  назар  аударды.  Таным  мен  философияның 
негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді 
өзің  таны».  Екінші  қағидасы  «менің  білетінім  –  менің 
ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».  
Сократ  философиясның  негізгі  тақырыбы  –  этика. 
Адам  жаны  «Мен  танушымын»  деген  бағыттағы  және  ол  парасатты  және 
адамгершілікті.  Адамның  мәні  оның  жанында,  «жан  -тәнді  құраушы».  Сократ 
жандағы  ұжданның  маңызын  ерекше  көрсетті,  «ішкі  дауыс»  ретінде 
«даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады. 
Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен 
тануға  болмайды,  бірақ  адам  жанын  тануға  болады,  бұл  философияның  пәні 
болып  табылады.  Сократ  философиясының  негізгі  мақсаты  адам  әрекетінің 
адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу. 
Философия тарихында Сократтың адамды тану және рухани дүниесін ашу 
үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау 
процесіндегі  индуктивті  әдістің  ашылуына  жол  ашты,  анықтаушы  ұғымдарды 
тудыруда  ерекше  құнды.  Сократ  қортынды  жасау  өнеріне  үйретті,  ол  жалпы 
ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында 
өтілді,  шәкірттері  білетін  ұғымдарының  анықтамасын  жасауға  үйренді. 
Сонымен,  Сократ  оларды  логикаға  үйретті.  Сократа  ілімі  ертедегі  Грек 
жеріндегі  этикалық  мектептердің  пайда  болуына  ықпал  етті.  Мысалы,  олар: 
Гедондық  мектеп  Аристипп,  Эпикур  мектебі  –  Эпикур,  Киникалық  мектеп 
Антисфен,  Стоиктер  мектебі  –  Сенека,  Марк  Аврелий,  Мегар мектебі,  Платон 
академиясы - Платон. 
Сократтың дана  шәкірті, ізбасары,  оның  философиялық  ілімін жүйелеуші 
Платон  (б.з.б.  427-347  жж.)  атақты  және  аса  ауқатты  жанұядан  шыққан. 


56 
 
Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады: 1-ші кезеңі – 
Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы; 2-ші кезең – 
Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін 
негіздеуге  ұмтылған  кезеңі;  3-ші  кезең  -философиялық 
жүйесі  толығымен  анықталып,  объективті  идеализмі 
толығымен  қаланды.  Оның  философиялық  мұралары 
«Сократа апологиясы», «Заңдар» трактатары, хаттары мен 
эпиграммаларынан  басқа,  ол  34  еңбегін  диалог 
формасында жазған:  «Софист»,  «Парменид»,  «Мемлекет» 
және  т.б.  Дүниеге  идеалистік  көзқарасты  қорғаған  Платон  сол  заманның 
материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті. 
Платон  объективті  идеализмнің  жүйесін  жасады.  Сезім  арқылы 
қабылданатын  «заттар  дүниесіне»  «идеялар  дүниесін»  қарама-қарсы  қойды. 
Идеялар  объективті  түрде  табиғат  пен  қоғамға  тәуелсіз  өмір  сүреді.  Нақтылы 
«заттар  дүниесін»  Платон  көлеңкелер  дүниесі  деп  атады,  өйткені  заттар 
дегеніміз  идеялардың  көшірмелері,  көлеңкелері  ғана  деді.  Идеялар  дегеніміз 
заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді. 
Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол 
материялық  емес,  мәңгілік  нәрсе.  Адам  бойына  уақытша  ғана  қонақтап,  кейін 
тәннен  ажырап,  өзінің  мәңгілік  әлеміне  қайта  оралады.  Платон 
философиясында «идеялар дүниесі» – «Эйдос» деп аталады. 
Платонның  философиялық  ілімінің  орталығы  эйдос  (идея)  теориясы 
болды.  Платон  бойынша  идея  адам  ақылымен  байланысты  ұғым  емес.  Идея 
барлық  заттардың  негізі,  мәні,  себебі.  Ол  объективті,  тәуелсіз,  салыстырмалы 
емес,  денесіз,  мәңгі,  сезімдік  қабылдауға  келмейтін,  тек  ақыл  арқылы 
танылатын  бастама.  Идея  заттар  болмысының  түпнегізі,  олардың  идеалды 
бейнесі  сипаттас,  Демиург  (жаратушы)  сол  арқылы  нақты  сезімдік  заттарды 
жасайды.  Сезімдік  заттар  оның  көлеңкесі,  көшірмесі,  заттар  идеялардың 
анықты үлгісі. 
Сезімдік  дүние  «идеялар»  мен  «материяның»  туындысы,  арасында, 
екеуінің  ортасында  тұрады.  «Идеялар»  мәңгілік,  аспаннан  да  биік,  олар 
туылмайды,  пайда  болмайды,  өлмейді,  салыстырмалы  емес,  кеңістік  пен 
уақытқа тәуелді емес.  
Таным  теориясында  Платон  идеалистік  позицияны  ұстанды.  Оның  идея 
туралы  ілімі  оның  таным  ілімімен  ұштасып  жатыр.  Платон  сезімдік  танымды 
рационалды  танымнан  бөліп  алды.  Сезімдік  танымның  пәні  материалды  әлем 
деп алып, оны мәнсіз екінші деңгейлік деп қарастырып, ол тек болмыс болып 
көрінетін шынайы емес болмыстан хабардар еткізеді. Ақиқат, шынайы таным – 
бұл идеялар әлеміне ену, тану, оны ақылмен тану. 
Платонның  гносеологиялық  концепциясы  еске  түсіру  теориясы  болып 
табылады.  Жан  идеяларды  еске  түсіреді,  жан  онымен  тәнге  енбей  турғанда 
идеялар  патшалығында  жолыққан.  Платон  нақты  адамдардың  идеяларын 
абстракциялап,  идеялар  әлемін  құдайлық  патшалық  деп  жариялады,  адам 
дүниеге  келгенге  дейінгі  ажалсыз  жаны  сол  әлемде  болатындығын  айтты. 


57 
 
Содан  ол  жерге  түсіп,  шектеулі  уақыт  адам  тәнінде  жүреді,  сонда  ол  идеялар 
әлемін «еске түсіреді». Платон бойынша, таным жанның жерге түскенге дейінгі 
тіршілігін еске түсіруі болып табылады. 
Платон  жақсы  өмір  сүру  мәселесінде  ақылды  жоғары  деңгейге  көтеретін 
мемлекеттің моделдерін жасауға тырысты. Мемлект туралы негізгі идеясында – 
ізгілік,  ақиқат  білімге  сүйенді,  мемлекетті  идеалды  басқару  осыларға 
байланысты,  оның  мақсаты  адамның  ажалсыз  жанын  құтқару.  Оны 
қызықтырған  мәселе  мемлекеттің  мәні  мен  формаларын  басшының  тұлғалық 
қасиеттері тұрғысынан түсіну болды.  
Төртінші  ізгілік  ретінде  –  әділдікті  алды,  әділдік  барлығынан  жоғары 
тұрады, өйткені ол «ізгіліктерді құраушы негіз». 
Платонның  мемлекет  жөніндегі  құнды  көзқарасы,  мемлекеттің  жетілген, 
идеалды  және  жетілмеген  формаларын  анықтау.  Оны  екі  топқа  жіктеп 
көрсетуге болады: 
мемлекеттің жетілген, иеалды формалары
а)    Платонның  идеалды  мемлекеті  –  құрылымының  ең  негізгі  принципі  - 
әділдік 
б)    Аристократия  (аристократиялық республика)  жетілмеген,  құлдыраушы 
мемлекеттік формалар
а)    Тимократия  –  баққұмарлардың  билікті  өз  қолдарына  алуы,  онда  қоғам 
іштей  іріп-шіриді,  өйткені  билеуші  топ  дүниеге  ие  болуға,  баюға 
ұмтылады. 
б)  Олигархия – (грек «азшылық»), азшылық көпшщілікке үстемдік жүргізуі, 
байлардың  кедейлерді  басқаруында,  өшпенділік,  қастандық  жасау  орын 
алады. Одан ысырапсыздық кең орын алады. 
в)  Демократия – мемлекеттік құрылыстың ең шашар түрі, , көпшіліктің билік 
жүргізуі,  онда  кедейлер  мен  байлар  арасында  өшпенділік  өрши  түседі. 
Өрескел түрдегі бостандық, еркіндікке бастан тиранияға жол ашады. 
г)  Тирания – қоғамдық биліктің бір адам қолына көшуі. 
Көне  Грек  медицинасының  дамуына  Платонның  философиялық 
көзқарастарының  ықпалы  туралы  айтқанда,  олардың  барлық  идеалистік 
медицина жүйесінің негізі болғандығын атап өту қажет.  
Платонның  медициналық  жүйесінің  маңызы  мынада.  Адамды  үш  жан 
арқылы  «мәңгілік  ақыл»  басқарады:  мида  орналасқан  ақыл,  қанда  болатын 
айуындық,  және  бауырда  болатын  өсімдік.  Осы  үш  жан  үш  –  ойлаушы, 
қозғаушы және қоректенуші күштің көмегімен жанама басқарады, және ағзада 
тығыз бөлшектер мен ылғал (қан, шырыш, өт) түрінде болатын төрт элементпен 
(от, су, ауа, жер) басқарады. Егерде олар жанға бағынса, онда ағзаның дені сау. 
Сөйтіп,  Платонның  ойынша  аурудың  себебі  –  сыртқы ықпал  емес,  ал  ағзаның 
табиғи  жағы  руханилыққа,  құдайылыққа  «бағынбайтындығында».  Сол  себепті 
терапия  тек  нақты  дәрілерді  қабылдау  ғана  емес,  ол  діни  ғұрыптарды,  билер 
мен ән-ұрандарды орындауда болады.  


58 
 
Платон  ілімі  философияның  кейінгі  уақытта  өркендеп,  дамуына  көрнекті 
роль атқарды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет