Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Демокрит  (б.д.д.  460-370  жж.)  -  ежелгі  грек 
материалист-философы,  Левкипптің  шәкірті,  гректердің 
тұңғыш 
энциклопедист 
ойшылы. 
Демокрит-атомдық 
көзқарастың  негізін  салушылардың  бірі.  Ол  дүниенің 
бастамасы  ретінде екі негізді  -  атом мен бос  кеңістікті  алға 
қояды. 
Демокриттің  ілімінше,  дүниенің  бастамасы  –  атомдар 
(шын  болмыс)  және  бос  кеңістік  (бейболмыс).  Болмыс  – 


52 
 
сансыз  көп  ұсақ  бөлшектердің  жиынтығы.  Атомдар  бос  кеңістікте  бір  жерден 
екінші  жерге  ауысып,  үздіксіз  қозғалып  отырады.  Осы  қозғалыс  процесінде 
олар  бір-бірімен  қосылып,  тұтас  материяны  құрайды:  отты,  суды,  жерді 
тудырады.  Атомдар  –  болмыс,  ал  бос  кеңістік  -болмыс  емес.  Атомдардың 
негізгі  қасиеті:  мәңгі,  бөлінбейді,  өзіне  -  өзі  тең,  қозғалмайды.  Бұл  қасиеттер 
атомдардың  ішкі  мәні.  Ал  олардың  сыртқы  қасиеттеріне  өзіндік  пішін, 
түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, 
т.б.  тәріздес  болады.  Атомдар  бос  кеңістік  болып  тұрады.  Атомдар  бос 
кеңістікте  өз  табиғатына  тән  үздіксіз  қозғалыста  болады,  бір-бірімен 
соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді. 
Атомдарды  бояу  түрлері,  иіс  дыбыс  т.б.  сияқты  сезімдік  қасиеттер  жоқ. 
Бұл  қасиеттер  атомдар  түйсіктерімен  кездескенде  ғана  пайда  болады. 
Демокрит-алғашқылардың  бірі  болып  сезімдік  қасиеттердің  субъективті  түрде 
болатындығын айтқан ойшыл. 
Демокрит  танымның  материалистік  теориясын  дамыта  келіп,  адамның 
санасы-обьективті  түрде  атомдардың  сезім  мүшелеріне  жасайтын  әсерінің 
нәтижесі  деп  есептеді.  Дүниені  танып-білудің  екі  түрін  көрсетеді:  1.  Сезім 
арқылы танып-білу, 2. Ақылмен танып-білу. 
Демокрит  біздің  сезім  мүшелеріміз  -  көру,  есту,  иіс  сезу,  дәм  білу,  тән 
сезімдеріміз  –  заттар  мен  қозғалыстардың  бәрін  бірдей  қабылдай  алмайды, 
дүниеде  шексіз  ұсақ  нәрселер  бар,  адам  оларды  ақыл-ойы  арқылы  ғана  тани 
алады. 
Тіршіліктің  шығуы  Демокрит  табиғи  заңдылықтардың  салдары  деп 
түсіндіреді.  Бұл  жерде  ешқандай  да  жоғары  күштердің  әсері  жоқ.  Барлық 
тіршілік  иелері,  оның  ішінде  өсімдіктердің  де  жандары  бар.  Жандар  шыққан 
қайнар  көз  бар  тіршілікті  тудырған  –  жылылық.  Жандар  әр  түрлі  болады. 
Космостық  жаны  жоғары  деңгейде  емес  одан  гөрі  жануарлардың  жаны 
жылылықты  көбірек  қабылдағандықтан  әлде  қайда  жоғарырақ.  Ал  адамның 
жаны  болса,  ол  ең  жоғары  сатыда  тұр,  себебі,  онда  жылумен  қоса  от  та  бар. 
Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым. 
Өмір сүрудің қажетті  жағдайы  – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы 
қоршаған  ортадан  өздеріне  керекті  от  атомдарын  қабылдаса,  дем  шығарғанда, 
жанның  кейбір  атомдары  денеден  шығады,  оның  толық  шығып  кетпеуіне 
қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене 
өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Денеден шыққан жан 
атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан да өледі. 
Демокриттің  атомдық  теориясы  көптеген  ғасырлар  бойы  ғылымға  жол 
көрсеткен  ілім  болды.  Оның  материялық  атомдардың  обьективті  өмір 
сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен философияның 
тарихында  орасан  зор  маңызға  ие.  Демокриттің  көзқарастарын  Эпикур  мен 
Лукреций Кар әрі қарай дамытты. 
 
 
 


53 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет