Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет47/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199
Эпикуршілдік  –  атақты  философ  Эпикурдің  есімімен  аталған 
философиялық мектеп. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те 
атайды.  Ол  Эпикур  үйінің  артында  орналасқан  бақшамен  байланысты.  Осы 
бақшада  шәкірттер  білім  алып,  сол  жерде  өмір  сүрген.  «Атараксия»  (  гр. 
«ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе 
алады.)  күйіне  жету  үшін  бақшадан  тысқары  шығармаған.  Эпикур  өмірден 
өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты 
болуда»  дейді  Эпикур.  Өмір  сүрудегі  ең  негізгі  мақсаты  –  жан  тыныштығына 
жету.  Эпикуршылдар  –  жан  тыныштығына  жетудің,  саналы  түрде  қайғы  – 
қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. 
Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен 
ажалдан  қорқудан  арылту,  ал  мұнсыз  бақытты  болу  мүмкін  емес.  Эпикурдың 
ойынша,  Құдай  адам  өміріне  араласпайды,  сондықтан,  ол  туралы  ойлап,  бас 
қатырудың  қажеті  жоқ,  себебі  жоғары  жаратушы  күшке  сену  –  азаптанудың 
көзі.  Эпикур  құдайға  сенбегендіктен,  Жаратушы  күш  адамдардың  өміріне,  іс-
әрекеттеріне  араласпаса,  онда  не  үшін  жаратты  деген  ойға  келеді.  Әлем, 
адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние 
– атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. 
Эпикур  –  Демокриттің  атомдық  көзқарасын  жалғастырып,  толықтырулар 
енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын 
атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан 
спонтанды  (іштей  шартты)  «ауытқу»  ұғымын  көрсетті.  Таным  теориясы 
бойынша  Эпикур  –  сенсуалист.  Түйсік  әрқашан  өзінен-өзі  ақиқат,  өйткені  ол 
объективті  нақтылықтан  туады;  ол  қателіктер  түйсікті  түсіндіруден  туады. 
Түйсіктің  пайда  болуын  Эпикур  материалистік  тұрғыда  былай  деп  түсіндірді: 
дененің  бойымен  өте  майда  бөлшектердің  үздіксіз  ағысы  жүріп,  олар  сезім 
мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.  
Эпикурдың  философиясының  басты  міндеті  мақсатқа  ұмтылған  адамның 
мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау болды. Эпикур ілімі бойынша табиғат 
құдайлардың  араласуынан,  өз  заңдары  бойынша  дамиды.  Сондықтан  да  ол 
табиғатты  оның  заңдарын  ашу  арқылы  таны  білуге  болады  деді.  Бірақ 
адамдардың табиғаты, оның ішкі заңдылықтары мен құбылыстарын танып білуі 
басты міндет емес дей отырып, Эпикур табиғат туралы білім адамдарды жалған 
сенім мен қараңғылықтан құтқаруға және өмір үшін арпалыстағы қорқынышты 
жеңуге, олардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады деп санады.  
Эпикур  бойынша,  мемлекеттік  биліктің  басты  мақсаты  адамдардың  өзара 
қауіпсіздігін  сақтау,  олардың  бір-бірінен  қорқу  сезімін  жою  және  оларды  бір-
біріне 
зиян 
келтіруіне 
жол 
бермеу. 
Нағыз 
қауіпсіздік 
адамдар 
қауымдастығынан бөлініп жеке дара өмір кешкенде ғана мүмкін.  


63 
 
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. 
Skeptikos –сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә 
келтіретін  философиялық  концепция.  Скептицизмнің  соңы  –  агностицизмге 
әкелді.  Алғашқы  скептик  Пиррон  (б.д.д.  360-270  жж.  ш.)  –  ежелгі  грек 
философы,  антикалық  скептицизмнің  негізін  қалаушы.  Оның  айтуынша 
ешнәрсеге  сенімді  болмау  керек  деп  үйретті.  Ол  бақытқа  жетудің  жолын 
іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз 
заттар  туралы  ештеңе  біле  алмаймыз,  сондықтан  олар  туралы  қандай  да 
болмасын  пікірлерден  бойымызды  аулақ  ұстағанымыз  жөн:  мұндай  қадамға 
бару  –  жан-дүниенің  тыныштығына  қол  жеткізеді.  Соған  орай  скептиктер 
мынадай  жағдайларға  байланысты  пайда  болды  деп  айтуға  болады:  адамның 
(догмасы)  ақиқат  деп  жүрген  ой-тұжырымы  шындығында  қателік,  жалған 
болып шығуы мүмкін. Өкілі Секст Эмпирик.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет