Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   199
Стоиктер  («стоя»)  мектебі  –  (stoa  -  афина  қаласындағы  философтар 
жиналатын  ғимарат)  негізін  салған  Китиондық  Зенон.  Өкілдері  Сенека, 
Эпиктет,  Марк  Аврелий.  Стоиктердің  басты  идеясы  –  сыртқы  дүниенің  түрлі 
әсерлерінен  құтылу  болды.  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  философтар 
табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз 
әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан 
дүние  -  өтпелі,  сондықтанда  одан  құтылуға  асығудың  қажеті  жоқ.  Адамның 
негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге 
жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер даналық – София деп атаған. 
Стоиктер  сөз  және  сөйлеу  мен  ойлаудын  бірлігі  жайындағы  ілімнің 
біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга 
негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас 
әлемдік  парасатты  күшін  білдіреді,  ол  өмірдін  материалдық  және  рухани 
жақтарын  тұтас  алып  қарастырады.  Логосқа  жету  үшін  білім  үш  кұрамнан 


62 
 
түруы  керек:  логика,  физика,  этика.  «Логика»  терминін  логостын  ішкі  және 
сырткы  жактары  туралы  ілімнін  атауы  ретінде  бірінші  рет  стоиктер  енгізген. 
Логика  өз  ішінде  диалектика  мен  риторикаға  бөлінген.  Диалектика  –  «дұрыс 
ойлау (пайымдау)» туралы ғылым, риторика – «нақыштап сөйлей білу» туралы 
ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы – танбаланушы) негізделген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет