Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет44/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Авл  Корнелий  Цельс  (б.д.д.  30/26  жж.  –  б.д.  45/50 
жж.) дәрігер болған емес, бірақта ол медицинаны өте жақсы 
көруші және білгірі болған (бізге оның «Медицина туралы» 
деген  сегіз  кітапты  трактаты  жеткен,  ол  онда  Сушрута 
«Аюрведадан» бастап Асклепиадты қоса, барлық медицина 
туралы 
білімдерді 
қолданған). 
Цельс 
медицина 
тәжірибесінде ең пайдалы көмекті тек тәжірибе ғана жасай 
алады деп есептеген.  
Цельстің жазбаларына сәйкес, сол кездегі медицина үш 
бағытқа 
бөлінді: 
эмпирикалық, 
әдістемелік 
және 
догматикалық.  Алғашқы  екеуі  Александрия  мектебі 
дәрігерлерінің  еңбектері  мен  Асклепиад  іліміне  негізделген,  ал  үшінші 
Гиппократтың  іліміне  сүйенген.  Ол  хирургия  туралы  көптеген  жинақтар 
келтіреді,  осы  салада  Гиппократтың  және  Александрия  мектебі  дәрігерлерінің 
еңбектерін  ескереді,  тіс  дәрігерлік  өнер  туралы  тыңғылықты  жазады  және  де 
хирургқа  классикалық  кескінін  береді:  «Хирург  жас  болуы  керек;  оның  қолы 
кәнігі  және  қатты,  ешқашан  дірілдемейтін;  ол  ірқашанда  оң  қолмен  және  сол 
қолмен  бірдей  жұмыс  жасайтын;  оның  көзқарасы  нақты  және  өткір  болуы 


61 
 
қажет; жүрегі  – қорқыныш пен аяушылық білмейтін; басты мақсаты науқасты 
жазу болып табылуы керек».   
Цельс дәрілерді жалпы және арнай деп бөлген. Жалпы деп Гиппократтың 
ұсынған  гуморальдық  теорияға  сәйкес  –  суық,  ыстық,  құрғақ  және  ылғал 
түсіндірілді.  Арнайы  дәрілер  деп  нақты  жағдайды  емдеу  үшін  эмпирикалық 
жолмен  таңдалғандар  аталды:  қан  тоқтатқыш  (мұз,  сірке  су),  тазалағыш 
(бұқаның өті), жинақтаушы (ашудас, бура), күйдіргіш (бұрыш, сарымсақ) және 
тағы басқалары.  
Цельс еңбекктерінде шығыс медицинасы, соның ішінде үнді дәрігерлерінің 
көзқарастары  табылған.  Мысалы,  қабынудың  төрт  белгілерін  (қызару, 
домбыққандық,  қызу  және  ауыру)  суреттеуі  үнді  трактаттарынан  алынған  деп 
есептеледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет