Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет78/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   199
 
3.4.  НЕМІС КЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
XVIII  ғ.  аяғы  мен  XIX  ғ.  басында  Батыс  Еуропа  елдерінде  көптеген 
өзгерістер  мен  жаңалықтар  болды.  Ғылым  мен  техника  жоғарғы  дәрежеде 
дамыды. Осы кезе неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше 
даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның 
озық үлгісі жасалды. 
Неміс  классикалық философиясының  әрбір  өкілі  ерекше  бай  идеялар  мен 
концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін 
көрсете білді.  
Неміс  классикалық  философиясының  классиктері  болып  –  И.Кант, 
И.Фихте,  Ф.Шеллинг,  Гегель  және  Л.Фейербах  болып  табылады.  Осы  кезеңде 
таным туралы ілім, диалектикалық әдіс, диалектикалық логика, даму үрдісінің 
заңдылықтары туралы ілім, философиялық антропология өңделді.  
Онда алғашқы Жаңа дәуір философиясындағы дәстүрлер жалғастырылды: 
-  зерденің құдіреттілігіне сенім, оның көмегімен адамның дүниені тану және 
өзгерту қабілеттілігі; 


97 
 
-  болмыстың,  қоғамның,  адам  әрекеттері  мен  мінез-құлықтарының 
рационалдылығы, 
мақсаттылығы, 
өзара 
байланыстылығы 
мен 
заңдылықтарын мойындау;   
-  адамның  адамгершілігіне  және  оның  гуманизм  позициясымен  әлеуметтік 
мәселелерді шешу мүмкіндігін табу;  
-   философияның  негізгі  мақсаты  ретінде  адамзат  зердесінің  қызмет  ету 
заңдылықтарын  ашуын,  таным  үрдісі  және  дұрыс  логикалық  жүйеге 
әкелген анық білімді алуды мойындау. 
Неміс  классикалық  кезеңі  философтарының  әр  қайсысы  өзінің  идеялары 
және  қағидаларымен  ерекшеленетін  философиялық  жүйелерін  жасады,  олар 
келесі жалпы ерекшеліктермен сипатталады: 
-  қарастырылатын  философиялық  мәселелерді  талдаудың  толықтығы  және 
тереңдігі;  
-  дәлелділіктің жоғарғы сатысы, философияның пәнін анықтау, нәтижесінде 
неміс философиялық классикасы ғылымның белгілерін алды;  
-  философияда «жан» ролін және мәдениеттің сыни намысын мойындау;  
-  философияға арнайы философиялық пәндер, категориялар, идеялар жүйесі 
ретінде қатынасы, басқа ғылымдар мен діннен философияны бөлу;  
-  диалектиканың бүтін тұжырымдамасын әзірлеу, болмыстың олардың өзара 
байланысы мен өзгерісінде байланысты зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет