Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет122/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Психоанализ 
– 
адам 
өмірі 
мен 
қоғамдағы 
бейсаналықтың  рөлін,  психикалық  процестерді  түсіндіретін 
ілім. 
Психоанализдің  негізін  салушы  австриялық  ғалым 
психиатр  З.  Фрейд  болды.  Өкілдері:  А.  Адлер,  В.  Райх,  Г. 


154 
 
Юнг, Э. Фромм. 
Психоанализдің бастамасы Фрейд ашқан екі жаңалық болды, олар: 
1.  бейсаналық – санамен қатар тіршілік ететін және белгілі жағдайда сананы 
бақылайтын, әрбір адамға тән айрықша психикалық реалдылық
2.  ығыстыру  реакциясы  –  жағымсыз  эмоция,  теріс  тәжірибе  т.б.  адамның 
психикалық  саулығы  мен  теп-теңдігін  бұзатынның  бәрінің  психикалық 
қорғаныш тәсілі ретінде санадан ығыстыру. 
Ол  ерте  ме,  кеш  пе  «кездейсоқ»  әрекет,  қылық,  түсініксіз  мінез  түрінде 
белгі береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
12 - сызбанұсқа. Зигмунд Фрейд. Психоанализ әдістері  
Бейсаналықтың  ерекше  формасы  –  түс.  Түс  –  шын  өмірде  іске  аспаған 
тілек пен ұмтылыстың орындалуы мен көрініс беруі. 
Фрейд  психиканың  екі  схемасын  ұсынды:  топографикалық  және 
динамикалық. 
Топографиялық  схемада  бейсаналық  –  түрлі  ойлар  мен  тілектер  адам 
сезімдері өз кезегін күтіп тұрған дәліз түрінде бейнеленеді. 
Динамикалық схемада психика үшке бөлінеді: 
1.  «Ол» - адам ойлары мен тілектері сақталған бейсаналдық әлем; 
2.  «Мен» - психиканың барлық бөліктерін біріктіріп тұрған адам санасы; 
3.  «Жоғарғы-Мен»  -  тұлғаға  ықпал  ететін,  қысым  жасайтын  сыртқы 
шынайылық: заңдар, тиымдар, мораль, мәдени дәстүр 
«Мен»  «Олды»  өзіне  бағындыруға  тырысады.  Оның  сәті  сирек  түседі 
керісінше  «Ол»  «Менді»  өзіне  бағындырады.  «Менді»  «Жоғарығы-Мен»  де 
(тиымдар, нормалар) бағындырады.  
Бейсаналықтың ядросы не? – деген сұраққа Фрейд екі психоаналетикалық 
жүйе  жасады:  бірінші  жүйе  бойынша  бейсаналықтың  негізі  –  «Либидо»  - 
сексуалды инстинктАдамның психикалық әрекеті дегеніміз – оның сексуалды 
инстинктінің  түрлену  процесі.  Екінші  жүйе  бойынша  орталық  ұғымдар  Эрос 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет