156
Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің
мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі
сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы
философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр,
А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бағытына К.Ясперс,
Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді жатқызады.
Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның
ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің
тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын –
қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады.
Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен
жеткізу мүмкен емес дейді. Ғылым болмыстың өзін танымайды, тек оның жеке
фрагменттерін таниды. Ғылымның өмірге бағыт беретін көмегі жоқ, адам
мәселесін шешуге дәрменсіз. Адам өмірі қайталанбайды. Сыртқы дүние адамды
билемейді. Адам өзі - өзіне себеп. Адам еркін ал еркіндік деп экзистенцияны
айтамыз. Еркіндік адамның басына түскен ауыртпалық. Одан қашып құтыла
алмайсың. Әрине, адам өзінің еркіндігінен өз еркімен босануы мүмкін. Бірақ,
онда ол тұлға емес, біреуге (қоғамға) тәуелді. Онда, ол ешқандай
жауапкершілікті сезінбейді. Ондай адам, өзінің қасіретке толы өмірі үшін өзін
кінәламайды, қоғамды, мемлекетті кінәлайды.
Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп
күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ
тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау
дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана
ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Адам өзінің
тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип
экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: