Карл Ясперс(1833-1969 жж.) неміс философы және
ғалымы. Экзистенциализмнің діни бағытын ұстанған. Ясперс
философиясының өзегі – «шекаралық жағдай» (пограничная
ситуация) – ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына
төнген ауыртпашылықтар. Оның пікірінше адам табиғат және
қоғамның объективті заңдылықтарын игеруге дәрменсіз, тым
әлсіз. Өмір ағын, алмасып, өзгеріп отырады. Адам өмірінің шегі бар. Күнделікті
күйбің тіршілікпен алданып, адам өзінің өткінші екенің және келешекте өлім
күтіп тұрғаның есінен шығарып алады. Тек «шекаралық
жағдайдың» қыспағында қалғанда, өлім мен өмірдің не екені
туралы ойланғанда адам өзінің тұлғалығын сезеді. Осындай
ситуациядан шығудың жолы трансцендентальды – жоғарғы
болмыспен яғни құдаймен бірігу. Құдаймен бірігу арқылы
адамның жасырын мүмкіншіліктері сыртқа шығып өмірдің
құрсауынан құтылады.