Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет144/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199
күресі  заңы,  категорияларында  өзіндік  әлеуметтік-мәдени,  антропологиялық 
мағынасы  болды  және  гуманистік  мағынада  болуы  қажет  болды.  Қарама-
қарсылықтардың  диалектикалық  тұжырымдамасында  адамның  өмірінің 
проблемалылығы,  оның  әрекеттерінің  детерминанттары,  тұлғаның  өмірлік 
мағынасы мен түрлері көрініс табады.  
Қайшылық  –  ол  мүлде  тиым  салу,  еріктік  шешіммен  жою  және  жазасыз 
елемеу емес. Қайшылық шынайы, өзекті, ол әлеуметтік, адамгершілік, табиғи-
ғылыми мәселелердің шешімін іздеу кезінде рухани интеллектуалды үрдісте де 
тіршілік  етеді.  Қайшылық  адамның  рухани-пәндік  әрекеттерінде,  таңдау, 
шығармашылық, тәуекел, яғни өзінің бостандығын іске асыру үрдісінде жүзеге 
асады.  


181 
 
Қарама  –  қарсылықтардың  бірлігі  мен  күресі  заңы  мағынасын  ашу  үшін 
барабарлық,  айырмашылық,  қарама-қарсылық,  қайшылық  сияқты  ұғымдарды 
анықтау қажет.  
Бір-бірімен  көптеген  байланыстар  мен  қатынастарда  бола  отырып  заттар 
мен  үрдістер  белгілі  ұқсастық  пен  айырмашылықты  көрсетеді.  Ұқсастықтың 
жоғарғы көрінуі – ол барабарлық, яғни үйлесу, теңдік, біркелкілік.  
Барабарлық  –  заттың  өзіне  өзі  және  басқа  заттарға  деген  қатынастың 
ерекше түрі, ол осы қатынас жақтарының бір-бірімен үйлесуімен сипатталады. 
Бірақ  дүниеде  абсолютті  байқалмайтын,  барабар  заттар  жоқ.  Барабарлық 
шындықтың  үрдістері  мен  заттарының  теңсіздігін,  үйлеспеушілігін,  алалығын 
міндетті түрде қамтиды. Айырмашылық әр түрлі деңгейде болуы мүмкін және 
айырмашылықтың  соңғы  деңгейі  өздері  тұратын  құбылыстар  мен  үрдістердің 
бір бірін жоққа шығаратын жақтарын қарама-қарсылық көрсетеді.  
Қарама-қарсылықтардан күрделі, және шындықтың қарапайым қатары мен 
құбылыстары  тұрады.  Заттар  мен  үрдістерге  тән  қарама-қарсылықтар 
органикалық  байланыста,  диалектикалық  бірлікте,  қайшылық  қатынастарда 
болады. Осылайша қайшылық – қарама-қайшылықтардың белсенді байланысы, 
олардың  бірлігі  мен  күресі.  Бірлік  пен  күрес  категориялары  қарама-
қарсылықтар арасындағы қатынастардың сипатын ашады.  
Қарама-қарсылықтардың 
бірлігі 
қарама-қарсылықтардың 
келесі 
қатынастарымен сипатталады: 1. Қарама-қарсылықтар бір бірін өзара болжайды 
және  өзара  шарттайды.  Әр  бір  қарама-қарсылық  басқасының  болуында  ғана 
тіршілік етеді. 2. Қарама-қарсылықтар бір біріне өзара кірігеді, бір бірінде өзара 
көрінеді. 3. Қарама-қарсылықтардың өзара кірігуі өзара өтуін, өзара айналуын 
шарттайды.  Ол  жаңаның  ескіге,  алға  басушылықтың  кертартпа  бола  алуын 
көрсетеді.  4.  Қарама-қарсылықтардың  бірлігі  олардың  біршама  сәйкестігі,  тең 
әсерлілігі  ретінде  көрінуі  мүмкін.  Бұндай  жағдай  уақытша,  ауыспалы.  5. 
Қарама-қарсылықтардың  бірлігі  көптеген  түрде  қарама-қарсы  жақтардың 
себептесуі ретінде шығуы мүмкін. Қарама-қарсылықтар бірлігінің тіршілік ету 
түрлері осындай. Бірақта бірлік соңғылардың күресімен қатар тіршілік етеді.  
Күрес  қарама-қарсылықтар  арасында  келесі  қатынастарда  ұсынылады:  1. 
Күрес  қарама-қарсылықтардың  қарсылығы  ретінде.  Әр  бір  жақ  басқаға  әсер 
етеді,  оны  өзара  ауыстырады,  жаңа  қасиеттердің  пайда  болуын  шақырады.  2. 
Күрес  өзара  бір  бірін  жоққа  шығарушы  ретінде  –  қарама-қарсылықтар 
қақтығыс,  шиеленісу  тәртіпте  бір  біріне  ықпал  жасайды.  3.  Соңында,  күрес 
қарама-қарсы жақтардың  өзара бар болуы ретінде.   
Қарама-қарсылықтар бірлігі олардың барабарлық және тепе-теңдік түрінде 
уақытша,  салыстырмалы  сипатта  болады,  ал  қарама-қарсылықтар  арасындағы 
күрес  қозғалыс  пен  даму  абсолюті  сияқты  абсолютті.  Қарама-қарсылық 
күресінің  абсолюттілігі  күрес  заттар  мен  құбылыстар  дамуының  барлық 
кезеңдерінде  болатындығын  білдіреді,  қарама-қарсылықтар  бірлігінен 
екіншісіне өтуі күрес үрдісінде жүзеге асады.  
Қайшылықтардың  даму  үрдісінде  екі  кезең  болады:  бірінші  кезең  – 
қайшылықтарды күшейту, екінші кезең – қайшылықтарды шешу.  


182 
 
Қайшылықтардың  даму  кезеңінде  барабарлық,  айырмашылық,  қарама-
қарсылық сатылары жүреді. Барабарлық сатысында қайшылықтар потенциалды 
тіршілік  етеді;  айырмашылық  сатысында  қайшылықтар  белсендендіріледі; 
қарма-қарсылық  сатысында  жақтар  диаметрлік  әр  түрлі  –  ол  қарам-
қарсылықтардың бір бірін жоққа шығару, бір бірін терістеу кезі. Қайшылықтың 
шиеленісуінің  жоғарғы  сатысы  қақтығыс  болады.  Қайшылықтарды  шешу 
сатысы секіріс пен диалектикалық терістеумен сипатталады.  
Дүниеде  қайшылықтардың  көптеген  түрлері  тіршілік  етеді.  Объективтік 
қайшылықтардың  барлық  түрлері ішкі және  сыртқы,  негізгі және негізгі  емес, 
басты  және  басты  емес,  маңызды  және  маңызды  емес  болып  бөлінеді.  Тірі 
жүйелердің  жалпы  және  негізгі  қайшылығы  болып  бейімделуге,  гомеостазға 
ұмтылу  мен  сыртқы  және  ішкі  сипаттың  ауытқуы  арасындағы  қайшылықтар 
табылады. Бұл қайшылық тірі жүйенің қажеттіліктерін жүзеге асыру жолымен 
шешіледі.  
Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының көзқарасынан  ауру 
қайшы  құбылыс  болып  табылады.  Ол  медицина  философиясы  саласындағы 
мамандардың санауы бойынша «сынық» мен «қорғаныш» сияқты тенденциялар 
күресінде  дамиды,  олар  өзара  байланысты  және  күрес  үрдісінде  бір  бірін 
терістейді.  Басқаша  жағынан,  патологиялық  үрдіс  дамуының  негізгі 
қайшылығы  болып  ағзадағы  патогенетикалық  және  саногенетикалық  үрдістер 
арасындағы күрес табылады. Оның негізінде өзін-өзі реттеу механизмі жатады, 
оның ауытқулардың көптігі жүйені реттейтін басқару дабылының әрекет етуіне 
әкеледі.  Қарымақы,  қалпына  келтіру  механизмі  жүйені  мөлшерге  қайта 
келтіреді.  
Осылайша, қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы табиғаттың, 
қоғамның,  ойлаудың  қозғалысы  мен  дамуының  жалпыға  бірдей  заңы  болып 
табылады.   
Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы дамудың бастамасы мен 
қозғаушы  күшін  бейнелейді.  Сандық  және  сапалық  өзгерістердің  өзара  өту 
заңы даму үрдісінің механизмін ашады. Осы заңның мазмұнын ашу үшін сапа, 
сан, қасиет, өлшем ұғымдарын анықтау қажет.  
Дүниеде  көптеген  заттар  мен  үрдістер  тіршілік  етеді,  олар  бір  бірінен 
өздерінің  сапасы  арқылы  ерекшеленеді.  Сапа  –  ол  біз  ажырататын  әр  бір 
заттың,  құбылыстың  ерекше  анықтылығы.  Сапа  белгілердің  жиынтығын 
ұсынатын, оның басқа объектілермен жақындығы мен ерекшелігін анықтайтын 
объектінің ішкі анықтылығы.  
Сапаның  өзгеруі  заттардың  өзгеруі  болып  табылады:  зат  сапасын 
жоғалтып сол зат болуын қояды және тіршілік етудің басқа түріне ауысады.  
Сапа  заттардың  объективті  сипаттамасы  болып  табылады;  заттан  бөлек 
сапа  болмайды.  Сапа  көп  деңгейлі  сипатта,  заттар  көп  сапалы    болады.  Бұл 
жағдай заттардың сапасы олардың табиғатымен және сол заттар тіршілік ететін 
қатынастар  жүйесімен  анықталады.  Сапа  заттар  мен  үрдістер  жағдайының 
тұрақтылығы  мен  үздіктілігін  көрсетеді.  Ол  біртіндеушіліктің  үзілісі  ретіндегі 
секірістің мәнін түсіндіретін сапаның аса маңызды сипаттамасы.  


183 
 
Сапа  тұрақтылықты  көрсетеді,  не  нақты  өлшемдер  шеңберінде  сол 
қалпында  қалады.  Сонымен  бірге  тұрақтылық  заттардың  сыртқы  әсерлерге 
қарсы тұру қабілеттілігін сипаттайды. Бірақта сапа үздіктілікте болады, өйткені 
ол өзгерістік элементін өзіне жатқызады, өзінде жаңа жағдайға өту мүмкіндікте 
болады.  Сапаның  маңызды  сипаттамасы  болып  заттардың,  үрдістердің 
құрылымымен  сапалы  анықтық  байланысы  табылады.  Құрылым  –  ол  бүтінді, 
затты  құрайтын  тұрақты  байланыстар  жүйесін  ұсынатын  барлық  заттар  мен 
үрдістердің  барлығына  жалпы  сипаты.  Құрылым  категория  ретінде  көп 
ерекшелікті мағына мен мазмұнда болады.  
Сапа  категориясымен  құрылым  ұғымы  тығыз  байланыста;  олар  жақын, 
сонымен  біірге  бір  бірінен  ерекшеленетін  дефинициялар.  Объектінің  сапасы 
оның сандық сипатымен үздіксіз байланыста.  
Сан  –  ол  заттар  мен  үрдістердің,  олардың  сапалы  ішкі  анықтылығы 
ереккшелігінсіз  сыртқы  анықтылығы.  Сан  үздіксіз,  ол  үнемі  өзгерісте, 
өлшемнің ауысуымен сандық өзгерістердің сипаты өзгереді. Заттардың сандық 
айырмашылығы сапалық біркелкілікте диагностикада сандық әдістерді қолдану 
үшін  негіз  болып  табылады.  Ол  аспаптық,  зертханалық  көрсеткіштер,  ЭКГ, 
СОЭ, тамыр жиілігі, дене қызымы, мүшелер шекарасы.  
Сапа  мен  сан  диалектикалық  бірлікте  болады.  Сапаны  көрсетпейтін  сан 
болмайды,  және  сапа  сансыз  болмайды.  Ол  қайшы  бірлік,  өзара  шарттастық 
«өлшем»  категориясында  бейнеленеді.  Өлшем  –  ол  объектінің  сапалы  және 
сандық  анықтылығының  бірлігі,  ол  берілген  сапа  сақталатын  шектегі  сандық 
өзгерістердің ауқымы.  
Өлшем категориясымен шама ұғымы тығыз байланыста, ол биология мен 
медицина үшін негізгі болып табылады.  Шама – ол тірі жүйенің биологиялық 
оптимумы (ең жақсы жағдайлар жиынтығы), яғни тірі жүйенің қолайлы жұмыс 
істеу  арақашықтығы.  Оптимум  өз  кезегінде  –  ол  осы  жүйенің  тұрақты 
жағдайын қамтамасыз етуде қосымша құралдарды қоспай тірі жүйенің тұрақты 
жұмыс  жасауы.  Қоғамға  физиология  мен  психологиясы  дұрыс  адам  қажет. 
Адамның  тұрақты  жағдайы  –  ол  психофизиологиялық  оптимум.  Шама 
психофизиологиялық оптимум сияқты биологиялық жан ретінде адамның ерікті 
тіршілік етуін қамтамасыз етеді.  
Сапа  мен  сан  диалектикалық  қарама-қарсылық  ретінде  бір  бірін  өзара 
шығарады,  бір  бірін  өзара  шарттайды  және  бір  біріне  өтеді.  Олар  өздерінің 
тепе-теңдігі  мен  қарама-қарсылықтарын  осы  ауысуда  табады  және  өздерінің 
бірлігінің  жаңа  тұрақты  түрін  тудырады.  Қандайда  бір  заттың  немесе 
құбылыстың сапасын сандық өзгерістерсіз өлшеуге болмайды.  
Заттар, құбылыстармен болып жатқан сандық өзгерістер сапаның қандайда 
болмасын күрделі өзгерістерін нақты кезге дейін шақырмайды. Ол бірақ нақты 
кезге дейін. Сапалық өзгерістердің жинақтала беруі өлшем шеңберінен шығуға 
әкеледі.  Ол  сандық  өзгерістердің  сапалыққа  өтуі,  және  жаңа  өлшемге  өту 
болады.  
Бір  сапаның  басқаға  айналуы,  бір  өлшемнің  басқаға  ауысуы  секірмелі 
түрде  жүреді.  Секіріс,  ол  бір  сапаның  екіншіге  өтуінің  түрін,  кезін,  әдісін 


184 
 
көрсетеді.  Секірістер  заттардың  құрылымдық  ұйымдасуында  маңызды 
өзгерістермен  беріледі  және  сандық  өзгерістер,  тұрақсыз  құрылым, 
құрылымның күйзелісі мен қайта құрылуы кезеңінде жүреді.  
 Заңның бұндай әрекет логикасы митоз үлгісінде қарастырылады – жасуша 
құрылымын  қайта  құрумен  байланысты,  жасушалардың  бөліну  тәсілі.  Митоз 
кезеңінде интерфазаны өзіне жатқызады, бөліну әлі болмағанда, бірақ жасуша 
митозға  дайындалады,  өзінің  көлемін,  энергетикалық  қорларын  ұлғайтады. 
Содан  кейін  профаза,  метафаза,  анафаза,  телофаза,  және  соңында  секіріс  – 
жасушалар  бөлінуі  кезеңінде  эволюциялық  үрдістер  жүзеге  асады.  Осылайша, 
даму  сандық  өзгерістер  өлшемнен  өте  отырып,  секіріс  түрінде  өткізілетін 
түбегейлі  сапалық  өзгерістерге  әкеледі.  Өз  кезегінде  сапалы  өзгерістер  әрі 
қарай сандық өзгерістер үшін жаңа өлшемді тудырады.  
 
 
 
Сапалық жағдай
  
 
 
 
Сапалық жағдай
  
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет