180
Даму қағидасында өзгеріс, қозғалыс, даму, прогресс, регресс, секіріс,
өлшем, терістеу категориялары болады.
Детерминизм қағидасы жағдай, себеп, салдар, кездейсоқтық, қажеттілік,
түр категорияларын шығару үшін негіз болып табылады.
Жүйелілік қағидасының мағынасы жүйе, ұйымдастыру, құрылым, мән,
қызмет категорияларымен ұсынылады.
Жұмыс істеу қағидасы ерекшелік, құбылыс, мүмкіндік, шындық
категорияларында көрінеді.
Болмыстың барлық салаларында, табиғатта, қоғамда қажетті, жалпы
тұрақты байланыстар мен қатынастар, яғни заңдар жазылады. Диалектиканың
жалпыға бірдей заңдары шындықтың дамуы үрдісін негіздейтін жүйені
жасайды. Олар материя қозғалысында әр түрде арнайы көрінеді.
Қозғалыс пен даму бастамасы мәселесі философияда маңызды болып
табылады. Дамудың ішкі бастамасы мәселесіне терең үңілген антика
философиясы кезеңінде Гераклит келген. Бізге жеткен үзіндіде: «Барлығы
күрес пен қажеттілік арқылы жүреді» деп айтылады. Қайта өрлеу дәуірінде
антикалық идея Н.Кузанскиймен толықтырылды, ол қарама-қарсылықтардың
үйлесуі туралы ілімді дамытты. Келесіде қарама-қарсылық мәселесінің
категориалды, диалектикалық көрінісі неміс классикалық философиясында
қарастырылды, оның ішінде И.Канттың таза ақылдың антиномиялары туралы
ілімі жатады. Қарама-қарсылықтарды туғызушы, тиімді идеялары Гегельмен
жинақталды және дамытылды. Ұлы неміс философы барлық нақты өзіне
қарама-қарсы, әрбір зат пен құбылыста өзіне басқа қарсы жағы болады, болмыс
пен болмыс еместіктің бірлігі шығады. Нақ осыған байланысты барлық
құбылыстар мен
заттар өздігінен қозғалуда, інші белсенділікте болады.
Марксистік
диалектикада
қарама-қарсылық
мәселесі,
қарама
–
қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы ғылыми-философиялық дүниетаным
үшін маңызды болды. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы
диалектиканың өзегі, мәні ретінде сипатталды.
Философиялық ойлаудың дүниетанымдық түрлері болып табылатын
қағидалар, заңдар, сонымен қатар
қарама – қарсылықтардың бірлігі мен
Достарыңызбен бөлісу: