Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет153/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Ақиқат  
Өтірік  
Объективті мазмұн  
Объективті дүниенің 
бейнеленуі  
Тәжірибе  
Әдейі өтірік айту  
Адасушылық  


196 
 
1)  түсіндіру  –  табиғат  объектілері  мен  табиғат  құбылыстарының  мәнін 
ашып, түсіндіру; 
2)  жүйелеу  –  жиналған  фактілік  материалдарды  сурыптап,  бір  жүйеге 
енгізу; 
3)  суреттеу  –  қоршаған  жағдайдың  байланыстары  мен  қасиеттерін 
сипаттап көрсету; 
4)  болжам  жасау  –  дәл  қазіргі  кезде  жүріп  жатқан  процестердің  даму 
дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау; 
5)  қорытынды  жасау  –  табиғаттағы  болып  еткен,  қазіргі  кезде  жүріп 
жатқан  және  болашақта  күтілетін  процестерді  есепке  ала  отырып,  ғылыми 
негізде қорытынды жасау; 
6)  жаңалық  ашу  –  табиғаттың  жаңа  заңдарын  ашу,  жаңа  ғылыми 
гипотезалар шығару; 
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру  – алған білімді өндірісте, әлеуметтік 
басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі; 
8)  дүниетанымдық  –  алған  білімді  әлемнің  обьективті  картинасымен 
байланыстыру. 
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, 
ғылыми білім  – сол білімдердің тек бір түрі ғана болып саналады. Сондықтан 
ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет. 
Жоғарыда  сипатталған  ғылыми  зерттеулердің  құрылымы,  кең  мағынада 
ғылыми  танымның  тәсілі  немесе  ғылыми  әдістің  өзі  болып  табылады.  Әдіс  – 
бұл  белгілі  бір  қорытындыға  жетуге  көмектесетін  әрекеттердің  жиынтығы. 
Әрбір  адамның  ойлау  қабілетінің  деңгейі  әртүрлі,  сол  себепті  барлық 
адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір 
құрал  керек.  Ғылыми  әдіс  осындай  құрал  болып  табылады.  Сондай  –  ақ,  әдіс 
адамдардың  мүмкіндіктерін  теңестіріп  қана  қоймай,  олардың  іс  -  әрекетін 
біркелкі  жасап,  ғылыми  зерттеулердің  ұқсас  нәтижесін  алуға  ықпал  етеді. 
Ғылыми  әдістер  эмпирикалық  және  теориялық  әдістер  болып  бөлінеді. 
Эмпирикалық  әдістерге  төмендегілер  жатқызылған:1)  бақылау  –  объективті 
шынайылықты  арнайы  түрде  қабылдау;  2)  суреттеу  –  объектілер  туралы 
мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді 
ұқсас  қасиеттері  немесе  белгілері  бойынша  салыстыру;  4)  тәжірибе  жасау  – 
құбылыс  қайталанған  кезде  қажетті  жағдайлар  қайталағанына  байланысты 
өзгерістерді  арнаулы  дайындалған  орындар  арқылы  бақылау.  Зерттеулердің 
теориялық  деңгейіндегі  ғылыми  әдістерге  төмендегілер  жатқызылады:1) 
формаландыру  -  зерттеліп  отырған  шынайы  процестердің  мағынасын  ашатын 
абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді 
керек  етпейтін  аксиомалар,  яғни  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  тұжырымдардың 
негізінде  теория  құру;  3)  гипотетикалық  -  дедуктивтік  әдіс  –  нәтижесінде 
эмпирикалық  фактілер  тұжырымдалатын  бір-бірімен,  дедуктивті  байланыста 
болатын гипотезалардың жүйесін  жасау.  Зерттеу  әдістерінің  классификациясы 
аса  күрделі  мәселе  болғанның  өзінде  де,  дәстүрлі  түрде  оларды  үш  топқа: 
жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. 


197 
 
Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін 
зерттеу  объектісінде  пайдаланылатын  логикалық  әдістерді,  яғни:  бақылау  мен 
тәжірибе,  анализ  бен  синтез,  жорамал  мен  гипотеза,  индукция  мен  дедукция, 
аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. 
Интерғылыми  әдістерге  –  экстрополяция,  интерполяция,  модельдеу, 
ретроспекция,  эксперттік  бағалау,  т.б.  жатады.  Жеке  ғылыми  әдістердің 
көптеген ғылыми топтары бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
21- сызбанұсқа. Ғылыми таным. Ғылыми зерттеу сатылары  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет