Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) -
Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен
иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Негiзгi еңбектерi:
«Рухтың
феноменологиясы»,
«Логика
ғылымы»,
«Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы», «Құқ
философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар».
Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель
ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның
Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?, -
деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг, жоғарыда
көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады.
Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi
күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге
болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн
ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып,
олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге
болатынын айтады.
Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап,
философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi
қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның
қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с.
ретiнде қаралады.
Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын-ала құйылып
қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес, оған жету үшiн жеке адам жалпы
рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек»
екенiн айтты.
102
Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор
философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша
сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi.
Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы
бередi.
Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-
әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат
дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея.
Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы
сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух
ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.
Рух дегенiмiз - шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пенде, яғни -
адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес -
ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен
сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза
логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен
адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке
бөлуге болады.
Бiрiншi, ол – логика. Ол – өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн
ғылым.
Екiншi – табиғат философиясы. Ол – өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны
зерттейтiн ғылым.
Үшiншi – рух философиясы. Ол – өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып
жатқан идея жөнiндегi ғылым.
Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай
қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн
объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.
Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қойуы мүмкiн:
табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген абсолюттiк идея - ол не? Бұл
сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын тыңдаған оқушылары да қойыпты, -
деген аңыз бар. Әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек
христиан дiнiндегi Құдайға қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ,
ол таза логикалық идея ғана. Сонымен, бiз Гегельдiң жасаған философиялық
жүйесiн неше-түрлi философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген
нәзiк дiни көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы
алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң Дүние жөнiндегi ой-
өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан «ұлы мәртебелi Табиғаттың өзiнен бастап,
тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның туындысы» ретiнде
қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста болар едiк.
Алайда, Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы - оның рух
жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның
даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер айтады.
Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi: 1.
Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы; 2. Объективтi рух, оған ол құқ,
103
мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады; 3
Абсолюттiк рух - ол өнер, дiн және философия.
Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар
антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол
жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның ара-
қатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен
темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с.
көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрде-бiр
айырмашылығы - оның тiке жүруiнде. Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен,
Гегель нәсiлдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды «абсолюттi
рухтың әр-түрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен теңеп, олардың
арасындағы мәдени айырмашылықтар ешқашанда жойылмайды» деген
кертартпа пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарды
қарап, ойшыл қоғамдық қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана жастық
шағында ғана қарсы шығады, есейе келе, пiсiп-жетiлген шағында олар қирату
мен бүлдiруден гөрi тәртiптi сақтауды, жасампаздық еңбектi қалайды.
Субъективтiк
сананың
дамуының
екiншi
сатысы
«Рух
феноменологиясында» қаралады. Онда негiзiнен адамның санасы сезiмдiк
сатысынан ақыл-ойға, одан әрi зердеге қарай көтерiледi.
Психология тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне көңiл
бөлiп, рухтың теоретикалық, практикалық және ерiктi сатыларын талдайды.
Адам теоретикалық сана шеңберiнде қалып қоймай, әрқашан оны өзiнiң еңбек
процесiмен ұштастырып, жасампаздық сатысына көтерiледi. Мiне, осы
теоретикалық және практикалық рухтың бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал
соңғы өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға (сыртқы дүниеге
таңуға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтiк рух секiрiс арқылы
объективтiк рухқа айналады.
Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi құқтық
және адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi ерiктiкте
болғаннан кейiн құқтық қатынастардың өзi тiкелей шынайы өмiрге еңген
ерiктiктiң болмысы болып есептеледi. Осы тұрғыдан ол қайсыбiр озбырлыққа,
тәртiпсiздiкке қарсы жатқан құбылыс. Құққа иеленген адам өзiнiң еркiн сыртқы
дүниедегi заттарға таңып, оларды иеленiп «Менiкi» дейдi. Жеке меншiк
сонымен, Гегельдiң ойынша, ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды өмiрге енуi.
Тек жеке меншiкте адамның еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады.
Соның арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi жойылып, ол зерделi тұлғаға
айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жеке меншiктiң ұзақ күрес жолында
қоғамдық меншiктi жеңуi - заңды нәрсе, ол зерденiң жеңiсi.
Мораль құқтық сатыға қарсы тұрып оны ауыстырады. Ол саналы ерiктiң
субъективтiк құқы. үшiншi сатыда құқ пен моральдық саты өнегелiкке,
адамгершiлiкке айналады. Ол семьяда, азаматтық қоғамда, мемлекетте iске
асады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы - халықтар рухының
дамуымен тең. Бiрақ ол тек қана объективтiк рухтың өзiндiк санасы ғана.
104
Шынайы өмiрде адамдар өз алдына әр-түрлi мақсаттар қойып, соған жетуге
тырысса да, нәтижесiнде - басқаша бiр биiк, алыстағы, өздерi түсiне алмайтын
нәрсенiң атқарушыларына ғана айналады. Оны Гегель «дүниежүзiлiк рухтың
қулығы» дейдi. Сонымен, Гегельдiң философиясында адамдар мен халықтар -
дүниежүзiлiк рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты
бар. Ол жер бетiнде идеалдық мемлекеттi орнату. Ендi объективтiк рух өзiнiң
абсолюттiк сатысына көтерiледi.
Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк рух сатысына көтерiлген кезiнде
өзiн-өзi түбегейлi танып-бiлiп қанағаттанады. Өнер саласында ол өзiнiң толық
ерiктiгiн сезiнедi, дiнде - өзiн марқабатты түрде қабылдайды, ал философияда -
өзiнiң мәнiн категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсiнiп, таниды. Олай болса,
философия дiннен жоғары, өйткенi, дiндегi қабылдау философиядағы ұғымнан
төмен. Сонымен, философиямен рухтың дамуы бiтедi, өйткенi ол өзiн-өзi
түсiнiп тынышталады.
Достарыңызбен бөлісу: |