125
тікелей байланыста болатынын материалистік тұрғыда негіздеді. Ғалым өзінің
тәжірибелерімен психологиялық реакциялардың материалдық негізін дәлелдеді.
Бехтерев ғылыми қызмет үрдісінде рефлексологиялық дүниетанымды
(«эволюционды», «энергетикалық» монизм) қалыптастырды. Ғалымның
ойынша, әлеуметтік өмірде біз сол рефлекстермен қоғамдық қозғалыс түрінде
және сол жеке тұлға әрекетінен тапқан даму мен ағыспен кездесеміз. Қоғамдық
өмірдің негізі – «ұжымдық рефлекстерде», яғни әр түрлі стимулдарға адамдар
ұжымының реакциясы – ортаның ықпалы.
И.П.Павлов – атақты ғалым-физиолог, медицина
бойынша Нобел сыйлығының лауреаты (1904 ж.). Петербург
университеті (1875 ж.) мен Медициналық-хирургиялық
академияны (1879 ж.) аяқтаған. Жоғарғы жүйке қызметінің,
ас қорыту, қан айналым заңдылықтарын зерттеген.
Психикалық қызметтің рефлекторлық сипаты туралы ілімді
таратқан. Ағзаның құрылысын түсіндіруде детерминизм
қағидатын жасап шығарған. Физиологиялық базис ретіндегі
абстрактылы
ойлаудың
екінші
сигналды
жүйесі
концепциясын негіздеді. Павлов пен оның шәкірттерінің, ізбасарларының
зерттеу нәтижелері кибернетикалық жүйелерді жасау барысында ми
жұмысының кейбір көріністерін моделдейтін қолданысты тапты.
И.П.Павловпен жасалған ми әрекетінің теориясы қазіргі кездегі
нейрофизиология үшін ми жұмысының түпкілікті «мәселелеріне» объективті
тәсілдердің методологиялық негіздері мазмұнын толық сақтайды. Қандайда
болмасын табиғи-ғылым теориясы сияқты И.П.Павловтың ілімі абсолютті
ақиқат ретінде қарастырылмайды. Теорияны қолдану оның әрі қарай дамуын
болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: