Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет8/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Шуыл жіктемесі



Шуыл өзінің пайда болу құрылымына қарай төмендегіднй бөлінеді:

  1. Механикалық

  2. Аэродинамикалық

  3. Гидродинамикалық.



Тербеліс жиілігіне байланысты 3 диапазонға бөлінеді:

  1. Инфрадыбыстық – до 20 Гц

  2. Дыбыстық (адам құлағымен қабылдайтын) –20-дан Гц 20-ға дейін кГц

  3. Ультрадыбыстық – 20-дан кГц жоғары



Спектр сипатына қарай бөлінеді:

  1. Кең жолақты

  2. Тоналдық



Уақыттық сипаттамасына қарай бөлінеді:

  1. Тұрақты

  2. Тұрақсыз (уақыт бойынша тербелетін, үзік-үзік, импульстік)

Сонымен шуылдың жіктемесіне қарай шуыл дегеніміз уақыт бойынша ретсіз жиілік пен қарқындылықта шығарылатын дыбыстардың жиынтығы екендігін айқындадық.


Дыбыс қысымының жиілігі мен деңгейі шуылдың физикалық сипаттамасының негізін анықтайды.
Шуыл жиілік сипаттамасына қарайтөмен жтілікті - 350Гц дейін, орта жиілікті - 350-800Гц және жоғары жиілікті – 800 Гц жоғары болып бөлінеді. Адам құлағы 1000Гц дыбыс қысымын Р = 10 Па қабылдайды, ал дыбыс қабылдау шегі яғни ауру сезімін туғызатын дыбыс 2*10 Па дейін жетеді.
Практикада дыбысқа сипаттама беру үшін өлшеу децибела бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда дыбыс қысымының деңгейі N осы дыбыс қысымының көлеміне тең, ал шектік көлемі Р, ол логарифмикалық шкала бойынша бейнеленеді (5 формула)

N=20lg(P/Pt) (5)


Шуылдар өздерінің пайда болуына немесе қайнар көздеріне орайалуан түрлі болып келеді. Бұл ұшақтардың ұшуынан болатын аэродинамикалық шуыл, дизельдердің гулілдеуі, пневматикалық құралдардың соққылары, түрлі құрылымдардың тербелістері, қатты дыбысты музыка және т.б. көптеген ждыбыстар болуы мүмкін. Мұндай алуан түрлі шуылдар кеңістіктің түрлі деңгейінде пайда болады әрі көрініс табады, оларды бағалау үшін арнайы өлшем құралдары қолданылып, шуыл өлшеуіштер пайдаланылады.


Адам ағзасына шуылдың қаншалықты әсер ететін бағалау үшін немесе адамға шуылдың физикалық ықпалын бақылау үшін дыбыс деңгейі, қатты дыбыс қолданылады. Бір деңгейдегі дыбыс қаттылығының жиілігі алуан түрлі боладығ сәйкесінше оның қарқындылығы да әртүрлі болады, мәселен, деңгей туғызушы дыбыстың дыбыстық қысымы 20дБ жиілігі 1000Гц, мұндай дыбыс қаттылығы 125 Гц жиіліктегі 50дБ да болады.
Шуыл өзінің әсер ету уақытына қарай бөлінеді: 8 cағаттық жұмыс күні барысындағы тұрақты шуыл уақыты бойынша 5 дБ кем емес өзгеріске ұшырайды. Тұрақты шуылдарды шуыл өлшеуіштің шкаласы бойынша дБА-мен бір рет өлшеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет