Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



бет4/38
Дата24.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Қоршаған ортадағы шуыл - негізінен адам туғызатын жағымсыз шуыл әсері, оның қайнар көзі қозғалысты (автокөлік, авиация, теміржолдар және т.б.) және стационарлық (өнеркәсіптік өндірістер, энергетика және т.б.) болып табылады.
Траспорт шуылы-уақыт тұрғысынан алғанда тұрақсыз шуыл, олт көлік ағынындағы автокөліктер қозғалысы нәтижесінде қалыптасады.
Кешкі шуыл-кешкі уақыттағы акустикалық жағдайды сипаттайтын орташа 4 сағаттық шуыл деңгейі, жылдық көлем ретінде анықталады (Директива 2002/49/ЕС).
Күндізгі шуыл - күндізгі уақыттағы акустикалық жағдайды сипаттайтын орташа 12 сағаттық шуыл деңгейі (олар кешкі уақыттағы мәліметтер болмаған жағдайда, шуыл диапазоны 16 сағатты қамтиды, таңғы сағат 7-ден кешкі 23-ке дейін) орташа жылдық көлем ретінде анықталды (Директива 2002/49/ЕС).
Түнгі шуыл-түнгі уақыттағы акустикалық жағдайды сипаттайтын өлшеулі 8 сағаттық шуыл деңгейі, орташа жылдық көлем ретінде анықталды (директива 2002/49/ЕС).
Экспозиция-зиянды фактор әсерінің қарқындылығының және ұзақтығының сандық сипаттамасы.
Тұрақсыз шуылдың дыбыс деңгейінің энергиясы бойынша эквиваленттілік - кең ауқымды тұрақты шуылдың дыбыс деңгейі, ол берілген уақыт аралығы барысындағы тұрақсыз шуылдың квадратикалық дыбыстық орташа қысымы.


Кіріспе


Өзектілігі. Адамның өмір сүруіне қажетті қалыпты бейімделу үшін оны қоршаған орта өзгерісі және оның жағдайы туралы ақпарат қажет. Сырттан қабылданған бүкіл ақпарат орталық жүйке жүйесінде талданады, мұнда организмнің жауап беру реакциясы өңделеді. Нәтижесінде аса маңызды үдерістерді ұйымдастыруға бағытталған өзгерістерге жауап қалыптастырылады, бұл организмнің қорғаныс күшінің зақымдалмауына және оның апат болмауына әсер ететін сыртқы факторлардың алдын алады.
Сыртқы қоздырғыштар туралы ақпарат мамандандырылған перифериялық білім алқылы қабылданады - сезім мүшелері: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сезу. Түрлі табиғи факторлардың ықпалы жекелеген органдарға немесе организм жүйесіне, яғни денсаулыққа залал келетін бұзылыстарға әкелуі мүмкін.
Қазіргі таңдағы шуыл сыртқы қоздырғыштардың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде адамның өмір сүру ортасының қарқынды ластануының көрсеткіші ретінде қарастырылады және шуылдың алуан түрлерінің ықпалының әсерінен адам және оның денсаулығы ұдайы қолайысыз әрі залалды жайттарды басынан кешыреды. Шуылдың түрлі қайнар көздерінен: өндірістік, көліктық, тұрмыстық, шуылдардың деңгейлері, автокөлік шуылы көп жағдайда физикалық төзімділік пен шыдамдылық шегінен асып кетеді (Неменко Б.А., Досмухаметов А.Т., 2008).
Қалалардағы көлік шуылы жылдан-жылға өсіп келеді, мұнда сонымен қатар олардың қайнар көздерінің ұдайы артқандығы байқалады (көлік санының артуы).
Көптеген әдебиеттерде шуылдың жоғарғы деңгейі ұйқыны нашарлататыны, есту кемістігін арттыратыны, ақыл –ес қабілеттілігін төмендететіні және орталық және вегатативтік жүйке жүйелерінің бұзылып, адамның шығармашылық қабілеті төмендейтіні зерделенген (Цанева Л., Балычев Ю. 1999; Кабашкин И., Панков А., Яцкив И., 2003). Шуылдың әсерінен түрлі соматикалық аурулармен пайда болуымен қатар адамның психикалық денсаулығы да бұзылуы мүмкін. Қазіргі таңда траспорт шуылына аса зиянды фактор ретінде айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінде көлік шуылының сипаты, тұрғындардың арнайы тобындағы адамдардың (жол полициясының қызметкерлері, қоғамдық көлік жүргізушілері және т.б.) организміне ықпалы туралы жұмыстар жеткілікті. Клиницистер көптеген аурулардың, оның ішінде артериялық гипертонияның дамуы барысына шуылдың ықпал ету барысын (90 дБА және жоғары) зерттеді. Шуыл 65 дБА деңгейінде адам денсаулығына кері әсер ете бастайды, психика шуылдың бұдан төмен деңгейінде де зардап шегеді.
Бұл шуылды қоршаған ортаның физикалық факторы ретінде ғана қарауға негіздеме болады, сонымен қатар денсаулыққа қауіп-қатер туғызатын психогендік фактор болып табылады, өйткені, бірдей қарқындылықпен берілетін дыбыс орталық жүйке жүйесінің функционалдық қызметіне байланыссты индивидумдарда түрлі сезімдерді туғызуы мүмкін.
Бәрімізге белгілі, үлкен қалалардағы автокөлік санының көптігіне байланысты шуылдың қарқыны барынша жоғары болады, кейде тіпті 90 дБА дейін жетеді. Квартал ішіндегі тұрғын үйлердің аумағындағы шуыл деңгейішамалы төмен болады, 75 дБ А дейін, шулы магистралдарға жақын орналасқан ДДУ, мектептер, ауруханалар, емханаларда шуылдың деңгейі 59 - 62 дБ А дейінгі көрсеткішті құрайды.
Көріп отырғанымздай көлік шуылының денсаулыққа зиянын сипаттау барысында оның түрлі тұрғылықты аумақ участкесіндегі көрініс табу деңгейіне байланысты екенідігі айқын. Оқу құралының алдағы бөлімдерінде траспорт шуылының қоршаған ортаның физикалық факторы және тұрғындардың денсаулығына қауіп-қатер туғызатын фактор ретінде оның барлық аспектілері жан-жақты қарастырылады.
Ұсынылған оқу құралы қалалардағы көлік шуылының түрлі жағымсыз көріністерімен барынша жан-жақты танысуға мүмкіндік береді, анықталған қауіп-қатерлерді (қауіп-қатерлерді басқару) төмендету бойынша шара қабылдап және тұрғындардың денсаулығына ықпалын сәйкесінше зерделейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет