100
тастау (струмэктомия) қолданылады. Диффузды зобтың ауыр түрлерінде субтоталды
струмэтомия көрсетілген. Бұл операцияда бездің көп бөлігі алынып тасталады, тек қана
кеңірдектің бүйірлік
-
артқы жағындағы аз ғана бөлігі қалқанша
маңы бездерімен және
қайырылма көмей нервімен қоса сақталып қалдырылады. Бұл операция субтоталды
струмэктомия деп аталатындығы –
бездің толық дерлік резекцияланатындығын
көрсетеді. Қалқанша безді мүлдем
алып тастауға болмайды, себебі микседема асқынуы
дамиды, ал қалқанша маңы бездерін алып тастау бұлшықеттердің сіресін қалуына алып
келеді (тетанус). Науқаста тиреотоксиноз белгілері өте күшті болса,
операция тек оны
түсіргеннен соң жасалуы қажет.
28-
сурет. Қалқанша безінің операциясы
Қалқанша бездің субтоталды резекциясын жасау операциясын
О.В.Николаев
ұсынған және ол қазіргі кезге дейін кең қолданылады. Бұл операциядан кейін қалқанша
бездің аз ғана бөлігі (3
-
6г) қалдырылады және операция субфасциалды жасалады, әрі
қалқанша артериялары байланбайды.
Науқас
шалқасынан жатқызылады, жауырындары
астына білік қойылып, басы
шамалы шайқатылады. Хирург аурудың оң жағынан тұрады.
Ауырсындырмау негізінен жергілікті анестезия жолымен жүргізіледі, сонымен қатар
наркоз немесе құрамалы ауырсындырмау әдісі қолданылады (бұлшықет іші, венаіші
инъекция мен жергілікті анестезия).
Достарыңызбен бөлісу: