Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет22/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Іріңдік инфекцияның таралуы 
Аталған процесс бірнеше жолдармен жүруі мүмкін: тікелей жанасу жолымен, қан 
арқылы (гематогендік) және лимфа арқылы (лимфогендік). Бастың милық бөлімінің 
іріңдіктері көбінесе мұрын қуысының қосымша қойнауларының қабыну үдерістерінен, 
немесе ортаңғы құлақтың, сондай-ақ ішкі құлақтың қабынуынан дамиды. 
І Мұрынның қосалқы қойнауларының (синустарының) қабыну үдерістерінен 
дамитын бассүйек іші іріңдік асқынулар: 
1) Перисинусит – қосалқы қойнауларды (маңдай, жоғарғы жақсүйектік, 
сынасүйектік) қоршаған майлы шелдердің қабынуы. 
2) Синустромбоздар – тамыріші тромблардың пайда болуына алып келетін 
синуситтер. 
3) Эпидуралды абсцесс – сүйек пен мидың қатты қабығының арасындағы іріңдік. 
4) Субдуралды абсцесс – мидың қатты қабығы мен өрмекті қабығының арасындағы 
іріңдік. 
5) Менингит – ми қабықтарының қабынуы. 
6) Менингоэнцефалит – қабыну үдерісіне тек ми қабықтары ғана емес, сонымен қоса 
ми затының да қосылуы. 
7) Үлкен ми жартышарларының және мишықтың бөліктерінің абсцестері. 


37 
ІІ. Ортаңғы құлақтың қабынуы салдарынан іріңдіктің таралу бағыттары мынадай 
болуы мүмкін: 
1)
Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы арқылы (tegmen timpani) ортаңғы ми 
шұңқырына беріліп, эпидуралды абсцеске алып келуі. 
2)
Төменгі қабырғасы арқылы ішкі мойындырық венасына өтіп, септикопиемияның 
дамуына алып келуі. 
3)
Лимфогендік жолмен алдыңғы қабырғасы арқылы жұтқыншақ арты лимфа 
түйіндеріне беріліп, жұтқыншақ арты абсцестің дамуына әкелуі. 
4)
Артқы қабырғасы арқылы (paries mastoidens) самай сүйектің емізік тәрізді 
өсіндісіне берілуі (мастоидит). 
5)
Ішкі қабырғасы арқылы ішкі құлақтың қабынуына (лабиринтит) және бет 
нервінің зақымдануына алып келуі. 
6)
Сыртқы (латералды) қабырғасы арқылы дабыл жарғағының тесілуіне алып келуі 
(жеңілдеу түрі, әдетте жазылып кетеді). 
ІІІ. Мастоидит кезінде мынадай асқынулар болады: 
1)
Сүйектің бұзылуы іріңдіктің ми сауытының артқы шұңқырына өтіп, эпи- және 
субдуралды абсцестердің дамуына әкелуі. 
2)
Сигма тәрізді синустың тромбозы, одан әрі қабыну үрдісінің ішкі мойындырық 
венасына және онымен бірге ортақ тесік арқылы өтетін ІХ, Х, ХІ – жұп бас нервтеріне 
беріліп, Мэкензи синдромына (дисфагия, афония және қисық мойын) алып келуі. 
3)
Сигма тәрізді синустың тромбозы көлденең веналық синусқа және басқа 
синустарға таралуы, ал олардың арасындағы анастомоз жолдарымен, сондай-ақ мидың 
веналық тамырларына таралып, мидың самай және төбелік үлестерінің абсцестеріне 
алып келуі мүмкін. 
4)
Ішкі құлақтың горизонталды жартылай шеңберлі өзекшесіне таралып
лабиринтитке әкелуі (Меньер синдромы). 
5)
Қойнаулы (үңгірлі) синустың (sinus cavernosus) тромбозы өте қауіпті, себебі ол 
ішкі ұйқы артериясының қабырғасына тарап, артериялық аневризмаға т.б. алып келуі 
мүмкін. Тромбоз болғанын көз қозғалту (ІІІ жұп), шығыршық (ІV жұп), әкетуші (VІ - 
жұп) және көз нервтерінің шеткі жақтағы реакцияларына қарап анықтауға болады. 
6)
Мишық абсцесі – бұл асқыну іріңдіктің ішкі құлақтан ми сауытының артқы 
шұңқырына өтіп кетуі нәтижесінен болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет