38
2)
Іріңдік
паротиттер жарылып кеткенде, ірің сыртқы есту жолына шығуы мүмкін;
басқа жағдайда ірің тереңге тарап, қанат –таңдай шұңқырына немесе жұтқыншақ маңы
кеңістігіне өтуі мүмкін. Іріңді паротит, кей кезде бет нервінің параличіне алып келеді
немесе қабырғасы іріңнен бұзылған
сыртқы ұйқы артериясынан, оның тармақтарынан
және жақсүйек арты венасынан қан кетудің себебі болады.
3)
Мұрын қуысы қосымша қойнауларының қабынуы барысында (фронтит,
этмоидит, сфеноидит сияқты) инфекция периваскулярлық немесе периневралды
жолдармен торлы сүйектің тесікшелі табақшасы (lamina cribrosa) арқылы немесе
сүйектің бұзылуы нәтижесінде – бассүйектің алдыңғы шұңқырына өтіп, эпидуралды
абсцестің дамуын туғызуы мүмкін.
4)
Маңдай қойнауының немесе торлы лабиринттің
эмпиемасы нәтижесінде көз
веналарының флебиті және тромбозы пайда болып, одан әрі үңгірлі веналық синустың
зақымдануы мүмкін. Бұл үдеріске ІІІ, ІV, VІ жұп бас нервтерінің және үшкіл нервтің
бірінші тармағының невриттері міндетті түрде қосылады, себебі бұл нервтер үңгірлі
веналық синустың ішімен өтеді, оған қоса ішкі ұйқы артериясы да осы веналық синустың
арасымен жүреді.
5)
Торлы лабиринттің артқы ұяшықтары мен сына сүйектік
қойнаудың іріңдік
зақымдануының жиі кездесетін асқынуы көру нервінің невриті болып табылады, бұл
патология ірің әсерінен сүйекті қабырғалардың бұзылуынан болады.
6)
Сынасүйек қойнауының бүйірлік қабырғасынан сыртына жанаса ішкі ұйқы
артериясы өтетіндіктен, сүйек қабырғасының бұзылуы нәтижесінде артерия қабырғасы
зақымданып, одан шұғыл қан кетуі мүмкін.
7)
Периодонтиттер салдарынан остеомиелиттердің дамуы жиі кездеседі. Бұл
жағынан төменгі жақсүйектің артқы тістерінің периодонтиттері аса қауіпті.
Аталған патологияда тіс альвеоласының (ұяшығының)
медиалды қабырғасы
бұзылады да, ірің қанат-таңдай шұңқырына өтіп, қанат-таңдай және шайнау
бұлшықеттерінің нервтеріне зақым келтіруіне байланысты жақсүйектердің қасарысып
қалуына (тризм) алып келеді, яғни бұлшықеттердің
сіресуі нәтижесінде, ауыздың
ашылуы қиындайды (бұлшықеттердің қабыну салдарынан сіресіп қалуы). Өте ауыр
асқынуларда қанат тәрізді веналық өрім мен көз веналарының тромбофлебиттері болуы
мүмкін. Ірің сондай-ақ жұтқыншақ маңы кеңістігіне, қантамыр-нервтік
өрімдер арқылы
мойынға өтіп кету қаупі бар.
8)
Жоғарғы жақсүйектің остеомиелиті кезінде жақсүйек маңы флегмоналары мен
(гаймор) жоғарғы жақсүйек қойнауының қабынуы болуы, ал төменгі жақсүйек
остеомиелиті төменгі жақсүйек маңы флегмонасының дамуына алып келуі мүмкін.
9)
Гаймориттер, әсіресе отогендік ошақтан дамыған түрлері көзұясының төменгі
қабырғасын зақымдап, көзұялық флeгмонаның пайда болуына әкелетіні сирек емес.
10)
Биш майлы кесегінің іріңдіктері самай және самай асты шұңқырларға өте алады,
одан әрі қантамырлар бойымен fissure orbitalis inferior арқылы көзұясына кіріп,
көзалмасы артындағы кеңістіктің флегмонасын тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: