Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
 
 
 
Самай аймағы(regio temporalis) 
Шекаралары: 
алдынан-маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің артқы қыры мен 
бетсүйектің маңдай өсіндісі, жоғарыда – шеке сүйектегі самай апоневрозының бекитін 
жері (жоғарғы самай сызығы), артынан-емізік тәрізді өсіндінің негізі мен сыртқы есту 
жолы, төменнен – шықшыт доғасының жоғарғы қыры(2-сурет). 


10 
2-сурет. Самай аймағы
. 1-терісі – жұқа; 2-тері асты май қабаты борпылдақ, 
оның арасынан a.temporalis superficialis өтеді; 3-Беткей шандыры – жұқа; 4- меншікті 
(самай) шандыры төменгі бөлігінде 2-і жапырақшаға бөлінеді:беткейлік; 5-
жапырақшасы әлпет сүйегінің доғасының алдыңғы беткейіне және терең 
жапырақшасы артқы беткейіне бекітіледі; 6-апоневротикалық клетчаткалық кеңістік 
– шектеулі меншікті шандырдыңбеткейлік және терең жапырақшаларының арасында 
орналасқан, ол жерде a.temporalismedia орналасқан.7-апоневротика асты жасушалық 
кеңістік; 8-самай бұлшықеті – арасында a.etn.temporales profundae; 9-самайдың сүйек – 
бұлшықетті жасушалық кеңістігі; 10-сүйекқабығы – сүйекпен бірге бітіскен; 11- Сүйек 
– жұқа, диплоэсінен айырылған; 12-эпидуральді кеңістік; 13- Мидың қатты қабығы 
Қабаттары:
терісі жұқа, төменгі бөлімдерінде оңай қыртысталады. Тері асты майлы 
шел нашар дамыған, оның құрамында қантамырлы-нервтік шоғыр орналасады, самайдың 
беткей артериясы мен венасы (a.v. temporalis saperficialis) және құлақ-самай нерві өтеді. 
Беткей самай артериясы (сыртқы ұйқы артериясының соңғы тармағы) құлақ тесігі 
бүртігінің алдынан 1-1,5 см тұста өтеді, оның соғуын саусақпен басып білуге болады. 
Шеке аймағының жоғарғы жағында аталған артерия маңдай және шекелік тармақтарға 
бөлінеді де, өз жолында сыртқы есту жолын, құлақ қалқанын, самай бұлшықетін қанмен 
жабдықтайды. Вена артериямен қосарласа жүреді де, соңынан оның арналары бет, 
шүйде, құлақтың артқы веналарымен байланыс жасап, сыртқы мойындырық венасын 
құрайды да, ол бұғана асты венасына немесе сыртқы және ішкі мойындырық веналары 
(v.jugularis externa, interna) қосылатын бұрышқа құйылады. 
Самай аймағының беткей фасциясы бастың шандыр дулығасының жұқарған 
жалғасы болып табылады. Оның астында тығыз самай фасциясы жатады, ол жоғарғы 
самай сызығы мен сүйек қабығына тығыз бітіскен. Бұл фасция екі жапырақшаға 
бөлінген. Беткейлік жапырақшасы жұқалау беттік (шықшыт) доғаның сыртына бекінеді, 
ал тереңгісі – неғұрлым тығыздау, шықшыт доғасының ішкі бетіне бекиді. Аталған екі 
жапырақшалар арасымен майлы шелде ортаңғы самай артериясы мен венасы өтеді. 
Апоневроз астында тағы бір майлы шел қабатын анықтайды, ол самай бұлшықетін 


11 
жауып тұрады да, жалғасы бет тұсында майлы кесек (Биш) болып қалыптасады, ол бет 
сүйектің артқы жағына және оның доғасының астына қарай таралады. Бұл май қабат 
қатты арықтап жүдегенде жойылып кетеді де, самай тұсында шықшыт доғасы үстінде 
шұңқырша пайда болады. 
Самай бұлшықеті шеке сүйектегі төменгі самай сызығынан жалпақ болып басталады 
да, талшықтары сүйірлене келе, бүкіл самай шұңкырын толтырады да мықты сіңірге 
жалғасып төменгі жақсүйектің тәж тәрізді өсіндісіне берік бекиді. Бұл бұлшықеттің 
қантамырлы-нерв шоғырлары самайдың терең бөлігіне жатады. Артериялары жоғарғы 
жақсүйектік (a.maxillaris) және беткей самай артерияларынан тармақталады; нервтері – 
ІІІ жұп бас нервісінің (n.mandibularis) қозғалтқыш талшықтарынан құралған.
Төменгі жақсүйек нерві сына тәрізді сүйектің сопақша тесігінен шығады да, өзінің 
қозғалтқыш тармақтарын самай бұлшықетіне, сонымен қатар басқа үш шайнау 
бұлшықеттеріне-екі қанат тәрізді (m.pterygoideus lat., med) және меншікті шайнау 
(m.masseter) бұлшықеттеріне береді. 
Веналары қанаттәрізді веналық өрімге құйылады, бұл самайдың терең бөлігінде 
жатады. Самай шұңқыры (fossa temporalis) бір жағынан самай апоневрозының тереңгі 
жапырақшасымен шектелсе, екінші жағын самай сүйектің сыртқы табақшасы құрайды. 
Шұңқырда самай бұлшықеті мен оның астындағы майлы шел орналасқан. Шұңқыр 
жоғарыдан төмен қарай кеңейеді. Бетсүйек доғасынан төменгі жақта самай шұңқыры 
самайасты, қанат-маңдай шұқырларымен, сонымен қатар мұрын, ауыз, бассүйек 
қуыстарымен және көз ұясымен байланыстары бар. Сондықтан самай аймағындағы 
гематомалар мен іріңдіктер, әдетте төмен бағытта самайасты, ұрт және тереңгі бет 
аймақтарына таралуы мүмкін. Көз ұясының қатерлі ісіктері көзұясы төменгі саңылауы 
арқылы самайасты және самай шұңқырларына орын ауыстыруы мүмкін. Самай асты 
шұңқырдан іріңдіктер ұрт аймағы, құлақ маңы, шайнау және жұтқыншақ айналасы 
арқылы самай аймағына шығуы мүмкін. 
Жоғарыда айтылғандардан ерекше көңіл аудартатын ерекшелікті, яғни (самай 
аймағында бірінің астында бірі орналасқан 4 шелмайлы қабаттарды) білу қажет. Олар:1) 
тері асты; 2) апоневроз аралық; 3) апоневроз асты; 4) самай бұлшықет асты деп 
жіктеледі. Гематомалар мен іріңдік сияқты патологиялық үрдістер осы шелмай 
кеңістерімен тарайтыны белгілі. 
Лимфа тамырлары самай аймағынан қанат-таңдай шұңқыры арқылы беттің тереңгі 
лимфалық түйіндеріне барып қосылады. 
Самай аймағының сүйектері ішкі жағынан эндотелийге ұқсаған дәнекер тіндік 
қабықшамен тысталған, одан әрі мидың қатты қабығымен жабылады. Қатты қабық 
жоғарғы жақ артериясынан бөлініп шығатын ми қабығының ортаңғы артериясымен 
(a.menindea media) қамтамасыз етіледі. Бұл артерия сына тәрізді сүйектің қылқанды тесігі 
арқылы бассүйек қуысына кіреді де, маңдай және шекелік тармақтарға бөлінеді. 
Аймақтың сүйектік негізін құрайтындар: самай сүйектің қабыршағы, маңдай және шеке 
сүйектерінің бөліктері мен сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты. Аталған сүйектердің бәрі 
өте жұқалығымен және сынғыштығымен сипатталады. Кей кезде самай аймағына тиген 
әлсіз соққының өзі сүйектің сынуы мен мидың қатты қабығының зақымдануына әкелуі 
мүмкін. Мұның нәтижесінде пайда болатын гематома біртіндеп мидың қатты қабығын 
сүйектен ажыратып, миға қысым жасауы мүмкін. Мұндай эпидуралды гематомалар тым 
қауіпті болып саналады және жедел хирургиялық ем көрсетуді талап етеді. Ми 
қабығының ортаңғы артериясы бассүйек ішіне кіре сала, сүйектік өзекшемен өтеді, кейде 


12 
мұндай сүйектік өзекше оның маңдай тармағында да кездеседі. Сондықтан сүйек сыну 
кезінде өзекшедегі артерияның жарақаттануы жиілейді. Қатты қабық веналары 
артериялармен екеулеп қосарласып жүреді және ең жақын орналасқан веналық синусқа 
немесе қылқанды тесік арқылы өтіп қанат тәрізді веналық өрімге құйылады. Бұл 
аймақтағы сүйектің жұқалығы сонша, тіпті рентгендік тексеруде сынғанын көру өте 
қиын, сондықтан самай аймағының барлық тұйық жарақаттарында сүйекті тексеру үшін 
жұмсақ тінді міндетті түрде кесіп ревизия жасауға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет