Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Бассүйектің ішкі негізі (түбі) 
Бассүйек қуысында оның ойыстанған ішкі түбінде үш шұңқырды ажыратады – 
алдыңғы, ортаңғы, артқы. Алдыңғы және ортаңғы шұңқырда үлкен ми сыңарларының 
бөлімдері, ал артқы шұңқырда мишық және сопақша ми орналасқан. Алдыңғы 
шұңқырдың түбіндегі сүйектер өте жұқа және көз ұясы, мұрын қуысы, сына тәрізді және 
маңдай сүйек қуыстарымен шектесіп жатады. Аталған шұңқырды мидың маңдай 
үлестері толтырып тұрады. Бұл шұңқыр артқы жағынан түрік ершігінің алдыңғы 
төмпешігі мен сына тәрізді сүйектің кіші қанаттарымен шектелген. 
Алдыңғы бассүйек шұңқырында ортаңғы сызықта мидың қатты қабығы бекінетін 
қораз айдаршығы орналасқан (crista galli). Айдаршықтың алдыңғы жағында мұрын 
қуысы веналарын жоғарғы сагиталды синуспен байланыстыратын соқыр тесік бар. 
Айдаршықтың екі бүйірлік түбінде торлы сүйектің тесікті табақшасы жатады. Оның 
тесіктері арқылы 15-20 шақты иіс сезу жіпшелері мұрын қуысынан өтеді. Бұлар мұрын 
қуысының кілегейлі қабығындағы сезімтал жасушалардың аксондары болып табылады. 
Олар әрі қарай иіс сезу нервінің (І-жұп) мидағы бөлімдерімен жалғасады. Аталған 
тесіктер арқылы торлы сүйек нервтері мен қантамырлары өтеді. 
Алдыңғы бассүйек шұңқырының сүйектері сынғанда мұрыннан, мұрын-
жұтқыншақтан едәуір қан кетуі мүмкін, ал сына тәрізді веналық синус зақымданса, 
көздің конъюнктивасы мен қабақ терісі астына қан толуы байқалады. Көз ұясы маңайы 
шелмайға қан құйылуы көздің экзофтальмына (көздің шарасынан шығып тұруы) алып 
келуі мүмкін. Егер мұрыннан ми сұйықтығы ағып шықса, иіс сезу нервінің маңайында 
ми қабықшаларының жыртылғандығын көрсетеді. Мидың маңдай үлестері зақымданса 
мұрын қуысынан ми затының құрамдары шығуы мүмкін. 
Ортаңғы бассүйек шұңқырында ми сыңарларының самай бөліктері жатады. 
Шекаралары алдынан сына тәрізді сүйектің кіші қанаттарымен, артқы жағынан самай 
сүйектің пирамидасымен және түрік ерінің арқасымен шектелген. Түрік ерінің екі жақ 
бүйіріндегі веналық кеуекті синустың ішімен ішкі ұйқы артериялары өтеді. Түрік ерінің 
үстіндегі шұңқыршада, сына тәрізді торлы веналық синустың ішінде гипофиз жатады, ол 
төбесінен мидың қатты қабығының диафрагмасымен бекінген. Диафрагмада тесік бар, ол 
арқылы гипофиз жіңішке аяқшасымен миға жалғасады. Гипофиздің алдында көру 
нервілерінің қиылысын байқауға болады, ал көру нервілерінің өздері (ІІ-жұп) және оның 
қасында көзұясы артериясы (a.ophthalmica-венасыз) сына тәрізді сүйектің кіші 
қанаттарының түбірінде жатқан көру өзегі (canalis opticus) арқылы көз ұясына кіреді. 
Осы өзектерден сыртқары сына тәрізді сүйектің кіші және үлкен қанаттарының арасында 
жоғарғы көзұялық саңылауы бар, ол арқылы көз ұясынан аттас веналары мен көз 
қозғалту (n.oculomotorius, III-жұп), шығыршық (n.trochlearis, IV-жұп), әкетуші 
(n.abducens, VI-жұп) нервтері, сондай-ақ көз (n.ophthalmicus –V-жұптың бірінші тармағы) 
нерві өтеді. Көз нерві 3 сезімтал тармаққа бөлінеді маңдай (n.trontalis), көзжас 
(n.lacrimalis) және мұрын-кірпікшелік (n.nasociliaris). Көз веналары жоғарғы көзұялық 
саңылаудан бассүйек ішіне кіріп, түрік ершігінің айналасын қоршап жатқан қатты 
қабықтың кеуекті (көпұялы) веналық синусына құйылады. Жоғарғы көзұялық 


16 
саңылаудан артқа және сыртқары қарай бірнеше тесіктерді ажыратады: дөңгелек, 
сопақша және қылқанды тесіктер. Дөңгелек тесік (foramen rotundum) – қанат-таңдай 
шұңқырына ашылады, онымен үшкіл нервтің (V-жұп) екінші тармағы-жоғарғы жақ нерві 
(n.maxillaris) өтеді. Сопақша тесіктен (foramen ovale) төменгі самайлық шұңқырға 
төменгі жақ нерві (n.mandibularis - V жұптың үшінші тармағы) және мұнымен қоса қанат-
таңдай веналық өрімін кеуекті веналық синуспен байланыстыратын веналар өтеді. 
Қылқанды тесік (foramen spinosum) осы аттас нервті және ми қабығының ортаңғы 
артериясын (a.meningea media) өткізеді. Бұл артерия өткенде айтылғандай, жоғарғы жақ 
артериясының тармағы болып табылады. Самай сүйек пирамидасының алдыңғы 
бетіндегі кішкене ойыста ми қатты қабығының екіге ажыраған жапырақшасы қуысында 
үшкіл түйін (ganglion trigeminale) орналасқан. Бұл түйіннен үшкіл нервтің (V-жұп) 
жоғарыда көрсетілген үш тармағы бөлініп шығып өздері өтетін тесіктерге қарай 
бағытталады. Сына тәрізді сүйек пен пирамиданың ұшы арасында жыртық тесік (foramen 
lacerum) бар, бұл тұста ішкі ұйқы артериясының өзегі ашылады және тастық нервтер мен 
(nn.petrosus major et minor) аттас веналар өтеді. Дабыл қуысының төбесі (tegmen timpani) 
самай сүйек пирамидасының алдыңғы қырының жанында жатады.
Ортаңғы бассүйек шұңқыры сүйектерінің жарақаты, оның ішінде сына тәрізді 
сүйектің денесі сынуы мен кеуекті веналық синустың зақымдануы мұрыннан және ауыз 
қуысы мен жұтқыншақтан қан кетуімен сипатталуы мүмкін. Оған қоса VI, VII, VIII жұп 
бас нервтерінің зақымдануы байқалса, онда көздің қылилануы, ымдау бұлшықеттерінің 
парезі немесе параличі, есту мүмкіншілігінен айырылу т.б. симптомдар пайда болады. 
Кеуекті веналық синустың ішімен ішкі ұйқы артериясы өтетіндіктен, оның зақымдануы 
өлімге алып келетін қан кетумен сипатталады немесе көздің шарасынан шығуы мен 
(экзофтальм), оның артерия сияқты пульсациясы (солқылдауы) байқалуы мүмкін. 
Самай сүйектің пирамидасы мен дабыл жарғағының жарақаттануы құлақтан қан 
кетумен сипатталады. Ми қабықтары мен мидың өзінің зақымдалуымен қатар жүретін 
ауыр жарақаттар барысында, құлақтан ми сұйықтығының, тіпті ми затының сыртқа 
шығуына алып келеді. 
Артқы бассүйек шұңқыры алдынан самай сүйек пирамидасымен, артқы жағынан 
шүйде сүйекпен шектелген. Мұнда көпір, сопақша ми, мишық және үлкен мидың 
шүйделік үлестері орналасады. Сопақша ми қабықтарымен шүйде сүйектің үлкен тесігі 
арқылы өтеді де жұлынға жалғасады. Сонымен қатар, осы тесіктен омыртқа артериялары 
мен осы аттас веналық өрім, қосымша нервтер (ХІ-жұп) және жұлын мойын нервтерінің 
түбірлері өтеді. Самай сүйек пирамидасының артқы бетінде ішкі есту тесігі бар (porus 
acusticus internus). Одан бет нерві, аралық нерв (n.facialis, n. intermedins-VII жұп), 
кіреберіс-ұлу нерві (n.vestibulo-cochlearis-VIII жұп) және лабиринт артериясы 
(a.labyrinthi) өтеді. Пирамиданың артқы-төменгі қыры мен шүйде сүйектің ойығы 
арасында мойындырық тесігі (foramen jugulare) орналасқан. Оның алдыңғы бөлігі 
арқылы нервтер: тіл-жұтқыншақ (n.glossofaringeus - IX жұп), кезбе (n.vagus - X жұп), 
қосымша (n.accessorius-XI жұп) өтсе, артқы бөлігінен ішкі мойындырық венасы 
(v.jugularis interna) және ми қабығының артқы артериясы (a.meningea posterior) өтеді. 
Бассүйектің артқы шұңқырындағы шүйделік үлкен тесіктің ішкі екі бүйірінде тіласты 
өзегі орналасқан, одан тіласты нерві (n.hypoglossus- XII жұп) шығады. Артқы шұңқыр 
сүйектерінің сынуы құлақ артында гематома пайда болуына себеп болады, ал IX, X, XI, 
XII жұп бас нервтері зақымданса тіл мен жұтқыншақ қызметтерінің, асқорыту 
ағзаларының дисфункциясы (спазм), жүрек, өкпе қызметтерінің бұзылуы, мойынның 


17 
қисаюы, мойын бұлшықеттерінің парезі, көмейдің жұмысы бұзылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет