Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі485,96 Kb.
#7211
1   2   3   4   5

3.

 

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 

 

  



24.  Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  білім  беру  мазмұнын 

анықтайтын оқу  жұмыстарының  түрлерінен  қалыптастырылады және олардың 

арақатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді. 

25. Білім  беру бағдарламасы: 

1)  жалпы  білім  беретін,  базалық  және  бейіндеуші  пәндер  циклдерін 

меңгеруден тұратын теориялық оқытуды; 

2)  оқытудың  қосымша  түрлері  –  кәсіптік  практиканың  түрлерін,  дене 

шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.; 

3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды. 

Бұл  ретте  білім  беру  бағдарламасы  пәнді  зерделеудің  модульді  жүйесі 

негізінде жобаланады. 

26.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пәндердің  оқу-әдістемелік 

кешендерінің негізінде жүзеге асырылады. 

Мамандық  пен  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешендерінің  нысанын, 

құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды. 

27.  Оқу  жұмысының  еңбек  сыйымдылығын  есепке  алу  оқытылатын 

материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге  асады  және  оқытудың  нақты 

нәтижелеріне  қол  жеткізуге  қажетті  студенттер  мен  оқытушылардың  еңбек 

шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді. 

Кредиттер  білім  беру  бағдарламасының  жекелеген  пәндерінің 

және/немесе  модульдерінің  (элементтерінің)  шартты  «бағасын»  көрсетеді. 

Жалпы  еңбек  сыйымдылығы  ұғымына лекциялық, практикалық  (семинарлық), 

зертханалық,  студиялық  сабақтар,  студенттердің  өзіндік  жұмысы,  курстық, 

есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың барлық түрлері, 

қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді. 

28.  Теориялық  оқытудың  жалпы  еңбек  сыйымдылығы  оқытылатын  оқу 

пәндерінің тізбесімен анықталады. 

29.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 

кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құруға тиіс. Бұл ретте пән, 

әдетте, кемінде 2 кредит көлемімен бағаланады. 

  30. Әрбір оқу пәні дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда басқа 

қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. 

31.  Студенттер  әр  оқу  пәнін  бір  академиялық  кезеңде  меңгеріп,  оны 

аяқтаған  соң  емтихан  нысанындағы  қорытынды  бақылауды  тапсырады,  ал 

кәсіптік  практиканың  барлық  түрлері,  курстық  жұмыстар  (жобалар)  бойынша 

дифференциалды сынақ тапсырады. 

32.  Оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  оқу  жоспарындағы  әр 

пәнге  тиісті  әріптік  және  сандық  таңбалар  түрінде  кодтың  берілуін  көздейтін 

пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. 


16 

 

33.  Жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу 



жоспарларына  қолданыстағы  заңнаманың  нормаларын  іске  асыратын  пәндер 

міндетті түрде кіреді.  

34.  Жалпы  білім  беретін  пәндер  (ЖБП)  циклі  міндетті  компонент 

пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қоса алады. Базалық пәндер 

(БП)  және  бейіндеуші  пәндер  циклдері  міндетті  компонентті  және  таңдау 

компонентін қамтиды. 

35.  Міндетті  компонент  –  жалпы  мәдениеттік,  жалпы  мемлекеттік  мәні 

бар  білім  беру  бағдарламасының  және  жалпы  мамандықтың  елдің  бірыңғай 

білім беру кеңістігін қамтамасыз ететін іргелі өзегі болып саналады. 

  Міндетті  компонент  пәндерінің  тізбесі  осы  Стандартқа  1-қосымшаға 

сәйкес  үлгілік  оқу  жоспарымен  айқындалады.  Міндетті  компонент  пәндерінің 

көлемін қысқартуға жол берілмейді.  

36. Таңдау бойынша компонент нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық 

даму  ерекшелігі  мен  еңбек  нарығының  сұранысын,  нақты  жоғары  оқу 

орнындағы  ғылыми  мектептің  қалыптасуын,  сондай-ақ  студенттің  жеке 

қызығушылығын ескереді. 

Таңдау  бойынша  компонент  пәндерінің  тізбесін  жоғары  оқу  орны  өзі 

анықтайды. 

        37.  ЖБП  циклінің  мазмұны  үлгілік  оқу  жоспарындағы  пәндердің  жалпы 

көлемінің 25%-ын немесе 33 кредитті құрайды. 

38.  Мамандықтарға  байланысты  ЖБП  циклінің  жекелеген  пәндері 

алынып тасталады немесе БП цикліне ауыстырылады.  

ЖБП  циклінде  таңдау  бойынша  компонент  ретінде  аталған  пәндер 

базалық  немесе  бейіндеуші  пәндер  циклінің  міндетті  компонентіне  енген 

мамандықтарды  қоспағанда,  Мәдениеттану,  Психология,  Өзін-өзі  тану, 

Инновациялық менеджмент пәндерін қолдану ұсынылады. 

39.  БП  цикліндегі  пәндер  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарындағы  пәндердің 

жалпы көлемінің 50%-ын немесе 64 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит 

міндетті  компонент  пәндеріне  және  44  кредит  таңдау  компоненті  пәндеріне 

бөлінеді. 

      

 Бұл 


ретте 

таңдау 


бойынша 

компонент 

жоғары 

оқу                                     



орнының 

шешімімен, 

сондай-ақ 

кафедраның, 

студенттің, 

жұмыс                                          

берушінің 

ұсынысы 


бойынша 

әзірленуі 

мүмкін. 

        40.  БП  циклінің  міндетті  компонентіне  әрбіреуі  кемінде  2  кредит 

көлемінде  «Кәсіби  қазақ  (орыс)  тілі»  және  «Кәсіби  бағытталған  шет  тілі» 

пәндері енгізіледі. 

Көрсетілген  пәндер  тілдік  және  тиісті  мамандық  бойынша  бейіндеуші 

кафедраларға бекітіледі. 

41.  Бейіндеуші  пәндер  цикліндегі  пәндер  көлемі  үлгілік  оқу 

жоспарындағы  пәндердің  жалпы  көлемінің  25%-ын  немесе  32  кредитті 

құрайды, оның  ішінде 5 кредит  міндетті  компонент пәндеріне  және 27 кредит 

таңдау бойынша компонент пәндеріне бөлінеді. 



17 

 

42.  «Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  (медицина)» 



топтары бойынша жекелеген мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, осы 

Стандарттың 64-тармағына сәйкес  студенттердің  теориялық  білімнің  161 

кредиттен  астамын  меңгеруі,  білім  беру  процесін  аяқтаудың  негізгі  өлшемі 

болып табылады. 

43.  «Фармация»  мамандығы  бойынша  білім  беру  бағдарламасының 

мазмұны осы  Стандартқа 1- қосымшада көрсетілген. 

44. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын 

жоспарлау,  оқу  сабақтарын  жүргізу  тәсілдерін,  студенттің  өзіндік  жұмысын, 

олардың  оқу  жетістіктерін  қорытынды  бақылау  нысандарын  таңдау  арқылы 

жүзеге асырылады. 

45.  Білім  беру  мазмұнының  құрылымы  білім  берудің  есептеу-өлшегіш 

құралдары:  оқу  жоспары  мен  бағдарламаларына,  оқу  жүктемесінің  көлеміне, 

академиялық  кезеңдер  ұзақтығына,  академиялық  сабақ  түрлеріне,  оқу 

материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады. 

      

46.  Білім  беру  қызметін  жоспарлау  мен  ұйымдастыру  оқу  жоспарының 



негізінде жүзеге асырылады. 

        Оқу  жоспарлары  үлгілік  (ҮОЖ),  жеке  (ЖОЖ)  және  жұмыстық  (ОЖЖ) 

болып бөлінеді. 

        47.  ҮОЖ  осы  Стандарт  негізінде    «Фармация»  мамандығы  бойынша 

әзірленеді  және  оны  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  бекітеді. 

        ҮОЖ-да  міндетті  компоненттің  әрбір  оқу  пәнінің  еңбек  сыйымдылығы 

және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық 

жұмысты жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі 

бойынша таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі. 

        48.  ҮОЖ-ға  қосымша  жыл  сайын  жоғары  оқу  орны  таңдау 

компонентіндегі  барлық  пәндердің  жүйеленген,  аңдатпаланған  тізбесі  болып 

табылатын 

элективті 

пәндер 


каталогын 

(ЭПК) 


әзірлейді. 

        ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. 

ЭПК  студенттерге  элективті  оқу  пәндерін  баламалы  таңдау  мүмкіндігін 

қамтамасыз етуге тиіс. 

      

49.  Мамандық  бойынша  ҮОЖ  мен  ЭПК  негізінде  студент  эдвайзердің 



көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын 

анықтайды. 

        ЖОЖ-ға  ҮОЖ-дан  міндетті  компонент  пәндері  мен  оқу  қызметінің 

түрлері  (практикалар,  мемлекеттік  емтихан,  дипломдық  жұмысты  (жобаны) 

жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау бойынша компонент пәндері кіреді. 

Студенттердің  элективті  пәндерді  ретсіз  таңдауының  алдын  алу  және 

жоғары оқу орны әзірлеген білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында 

студенттердің  таңдауына  ЭПК  шеңберінде  бірнеше  білім  траекториясын  – 

еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұранысын есепке ала отырып, жоғары 

білім  мамандығы  бойынша  қызметтің  нақты  бір  саласына  бағытталған  білім 



18 

 

беру  бағдарламасын  меңгеруге  мүмкіндік  беретін  элективті  пәндер  тізбесін 



және оларды меңгеру ретін ұсынуға болады. 

        50.  ОЖЖ  оқу  жылына  мамандықтардың  ҮОЖ-ы  мен  студенттердің 

ЖОЖ-ы негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім 

беру ұйымының басшысы бекітеді. 

        ОЖЖ-да  оқу  жылында  оқытылатын  пәндер  тізбесі  және  олардың 

кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, оқу сабақтарының 

түрлері,  бақылау  нысандары,  сондай-ақ  оқу  қызметінің  басқа  да  түрлері 

(практикалар,  мемлекеттік  емтихандар,  дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазу 

және қорғау) айқындалады. 

        ОЖЖ  оқу  сабақтарының  кестесін  құруға  және  оқытушының  оқу 

жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады. 

        51.  ЭПК,  ЖОЖ  және  ОЖЖ-ның  нысанын,  құрылымын  әзірлеу  және 

бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 

        52. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. 

Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс, сондай-ақ силлабус болып бөлінеді. 

        53.  Үлгілік  оқу  бағдарламалары  (ҮОБ)  міндетті  компонент  пәндері 

бойынша  әзірленеді  және  оларды  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган 

бекітеді. 

        54.  Оқу  жұмыс  бағдарламалары  мен  силлабустар  (студенттерге  арналған 

пән  бағдарламалары)  оқу  жоспарының  барлық  пәндері  бойынша  әзірленеді 

және  оларды  жоғары  оқу  орны  бекітеді.  Бұл  ретте  оларды  әзірлеу  міндетті 

компонент  пәндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 

асырылады,  ал  таңдау  компонентінің  пәндері  бойынша  жоғары  оқу  орны  өзі 

әзірлейді.  Оқу  жұмыс  бағдарламалары  мен  силлабустардың  нысанын, 

құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 

      


55.  Білім  беру  мазмұнын  жоспарлау,  оқу  процесін  ұйымдастыру  мен 

жүргізу  тәсілін  жоғары  оқу  орны  кредиттік  оқыту  технологиясы  негізінде  өз 

бетінше жүзеге асырады. 

 

56.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  студенттердің  өздігінен 



орындайтын  жұмыстарының  –  тестілер,  бақылау  жұмыстары,  коллоквиумдар, 

рефераттар,  шығармалар,  есептер  және  т.б.  түрінде  тексерілетін,  оқу-

әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген белгіленген 

тақырыптар  тізбесі  бойынша  жұмыстардың  (оның  ішінде  өзі  бетінше  оқып 

меңгеруге бөлінген) көлемі артады. 

 

57.  Өзіндік  жұмыс  екі  түрге  бөлінеді:  оқытушының  жетекшілігімен 



жүргізілетін  студенттің  өзіндік  жұмысы  (ОСӨЖ)  және  студенттің  толығымен 

өзі орындайтын жұмысы (СӨЖ). 

 

58. ОСӨЖ жеке график бойынша оқытушымен байланыста орындалатын 



студенттің  аудиториядан  тыс  жұмыс  түрі  болып  табылады,  ол  жалпы  оқу 

сабақтарының кестесіне енбейді. 

 

59.  ОСӨЖ  бен  СӨЖ-нің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі 



арақатынасын жоғары оқу орны өзі айқындайды. 

19 

 

 



ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй 

тапсырмалары,  курстық  жобалар  (жұмыстар)  бойынша  консультациялар  және 

семестрлік  жұмыстардың,  есептер  мен  басқа  да  СӨЖ  тапсырмаларының 

орындалуына бақылау жүргізіледі. 

      

60.  Кредиттік  оқыту  технологиясының  міндеті  –  студенттердің  өзін-өзі 



ұйымдастыру  және  өзіндік  білім  алу  қабілеттерін  дамыту.  Тиісінше, 

оқытушылар  мен  студенттер  жұмыстарының  мынадай  үлгілік  циклдері  іске 

асырылады. 

1)  Оқытушының  студенттермен  жұмысының  (ОСЖ)  үлгілік  бірлік  циклі 

үш негізгі функцияны қамтиды. 

Оқытушының  бірінші  функциясы  –  бағыттаушы-бағдарлаушылық 

(тақырыпқа  кіріспе,  мақсат,  міндеттерді  қою,  практикалық  тиімділігін, 

материал  мазмұнының  негізгі  бөлімдерінің  мәні  мен  өзара  байланысын 

сипаттау,  оқу-әдістемелік  құралдармен  жұмыс  жөнінде  ұсынымдар  т.б.).  Бұл 

студенттің  алдағы  өзіндік  жұмысы  үшін  жеткілікті  болуға  тиіс. 

     Оқытушының  екінші  функциясы  –  консультативтік-түзетушілік.  Бұл  – 

студенттің  өзіндік  жұмысында  оқу  әрекетін  жүзеге  асыруда  консультативтік 

көмек беру, жеке консультация жүргізу және тиісті түзету жұмыстарын жүзеге 

асыру.  Білім  беру  процесінде  бұл  функцияны  тьюторлар  атқарады. 

     Оқытушының  үшінші  функциясы  –  бақылаушылық-бағалаушылық.  Бұл 

студенттердің  білімін,  шеберлігін  және  дағдысын  бағалауды  әртүрлі  нысанда 

жүргізу (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу және т.б.), оларға кездесетін 

негізгі  қиындықтарды  анықтау  бойынша  диалог  ұйымдастыру,  оқытушының 

сарапшы немесе бақылаушы ретінде «дұрыс» әрекеттерді, өзара әрекеттестікті, 

эталондық тәсілдерді көрсетуін көздейді. 

2)  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  студенттің  өзіндік 

жұмысының  (ОСӨЖ)  үлгілік  бірлік  цикліне  мынадай  төрт  негізгі  функция 

кіреді: 

        Бірінші  функция  –  оқу  пәні  бойынша  бағыттау-бағдарлау  сабақтары 

кезінде  оқытушы  берген  ақпаратты  студенттердің  белсенді  қабылдауын  іске 

асыруды көздейді. 

        Екінші функция оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен 

оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, 

курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді. 

Бұл  кезеңде  студенттерден  жұмыс  істеудің  әдіс-тәсілдерін  білу, 

қиындықтарды  анықтау,  өзін-өзі  ұйымдастыру  және  өзіндік  тәртіп  талап 

етіледі. 

Студенттердің  үшінші  функциясы  –  өздерінде  қиындық  тудырған 

жағдайларды  талдау  мен  жүйелеу,  оқу  материалын  түсіну  мен  меңгерудегі 

қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі 

табылмаған  қиыншылықтарды  оқытушыларға  арналған  сұрақтар  жүйесіне 

айналдырады  (оларды  саралайды,  реттейді,  ресімдейді),  бұл  сұрақтарға  өз 

жауаптарының нұсқаларын дайындайды. 



20 

 

Студенттердің 



төртінші 

функциясы 

түсініктеме, 

ақыл-кеңес, 

консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді. 

61.  Жоғары  оқу  орны  оқу  процесін  барлық  қажетті  ақпарат  көздерімен, 

атап  айтқанда,  оқулықтармен,  оқу  құралдарымен,  оқу  пәндері  бойынша 

әдістемелік  құралдармен,  нұсқаулықтармен,  өзіндік  жұмыс  бойынша  белсенді 

үлестірмелі 

материалдармен 

және 

нұсқаулықтармен, 



электронды 

оқулықтармен,  желілік  білім  беру  ресурстарының  қолжетімді  болуын 

қамтамасыз етеді. 

        Әрбір студент оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен 

қамтамасыз етіледі. 

        62.  Оқу  процесін  жоспарлау  кезінде  жоғары  оқу  орны  бакалавриаттың 

білім 

беру 


бағдарламасы 

компоненттерін 

бөлу 

нормаларын 



осы                     

стандартқа 2-қосымшаға сәйкес басшылыққа алады. 

 

 

4.



 

Студенттердің оқу жүктемесінің 

ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар 

 

63.  Студенттің  оқу  жүктемесінің  көлемі  оның  оқу  жылы  ішінде  әр  пән 



немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредит санымен өлшенеді. 

64.  Профессорлар-оқытушылар  құрамының  оқу  жүктемесін  жоспарлау 

кредитпен  немесе  аудиториялық  оқу  сабақтарын  кесте  бойынша  немесе  оқу 

жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының 

студенттермен  байланыс  жұмысының  уақытын  білдіретін  академиялық 

сағаттармен жүзеге асырылады. 

      

65.  Студиялық,  зертханалық,  сондай-ақ  дене  шынықтыру  сабақтарынан 



өзге  аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50  минутқа  тең, 

Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық 

сабақтар мен дене шынықтыру сабақтары үшін 100 минутқа тең. 

        Практиканың,  студенттерді  қорытынды  аттестаттаудың  барлық  түрлері 

үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең. 

66. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 

1)  семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойында  студенттің 

аудиториялық жұмысының

      

2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының; 



        3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша  

жұмысының; 

4)  студенттің  мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  пен 

оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру 

қажет. 

67.  Студенттің  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың  ұзақтығымен 



және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу 

сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс  сағаттары)  анықталады. 



21 

 

Аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа 



тең  болуы  мүмкін.  Студенттің  аудиториялық  жұмысының  академиялық 

сағаттары  тиісті  СӨЖ  сағаттарының  санымен  толығады,  осылайша  бір 

кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы 

жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 

        Дәріс  пен  практикалық  (семинар)  сабақтары  кезіндегі  студенттің 

оқытушымен  жұмысының  байланыс  сағаттары  жиынтығында  әр  байланыс 

сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 

        Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды. 

        Практиканың  әр  академиялық  сағаты  (оқу  практикасынан  басқа) 

студенттің  қосымша  жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  толықтырылады: 

педагогикалық  практика  үшін  –  1  сағат,  өндірістік  практика  үшін  –  4  сағат. 

        Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты 

(жобаны)  жазу  және  қорғау  бойынша  студенттің  оқытушымен  байланыс 

жұмысының  немесе  мемлекеттік  емтиханға  дайындық  және  оны  тапсыру 

бойынша  студенттің  оқытушымен  жұмысының  бір  сағаты  (50  минут)  болып 

табылады.  Студентті  қорытынды  аттестаттаудың  әр  академиялық  сағаты  6 

сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 

        68.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңінен, 

практика  мен  демалыстан  тұрады.  Соңғы  курста  оқу  жылына  қорытынды 

аттестаттау кезеңі қосылады. 

69.  Оқу  жылының  жалпы  ұзақтығы  36  аптадан  кем  болмауы  тиіс. 

        70. Академиялық кезең 15 апта көлеміндегі семестрден тұрады. 

      

71.  Әр  академиялық  кезең  ұзақтығы  1  аптадан  кем  болмайтын 



студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады. 

72.  Аралық  аттестаттау  кезеңінде  барлық  оқытылған  пәндер  бойынша 

қорытынды  бақылау  жүргізіліп,  ағымдағы  үлгерім  бағаларын  (ағымдағы  және 

межелік  бақылаулар  бойынша  бағалардың  арифметикалық  ортасы)  ескере 

отырып, пәндердің қорытынды бағалары шығарылады. 

Пән  бойынша  қорытынды  бағада  ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60 

%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс. 

        73.  Оқу  жылы  ішінде  студенттерге  кемінде  екі  рет  ұзақтығы  соңғы 

курстан өзге курстарда кемінде 7 аптаны құрайтын демалыс беріледі. 

74. 


Кәсіптік 

практика 

жоғары 

білім 


берудің 

кәсіптік 

оқу 

бағдарламасының 



міндетті 

компоненті 

болып 

табылады.  Ол 



оқу, 

педагогикалық, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді. 

Барлық кәсіптік практикалардың жалпы көлемі 6 кредиттен кем болмауы 

тиіс.  Практикалардың  ұзақтығы  студенттің  практика  кезіндегі  30  сағатқа  тең 

апта  бойғы  (5  күндік  жұмыс  аптасы  кезінде  күніне  6  сағат)  нормативті 

жұмысын  есепке  ала  отырып,  аптамен  анықталады.  Апта  санын  шығару  үшін 

практиканың  кредитпен  есептелген  көлемін  тиісті  практика  түрінің  оқу 

сағатымен  есептелген  еңбек  сыйымдылығына  көбейту  керек  және  оны 

студенттің  апта  бойғы  жұмысының  ұзақтығына,  яғни  30  сағатқа  бөлу  керек. 


22 

 

        Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу практикасы үшін 15 



сағатты  (50  минуттан),  өндірістік  практика  үшін  75  сағатты  (50  минуттан) 

құрайды.  1  кредитке  келетін  практиканың  ұзақтығы  аптамен  есептегенде  оқу 

практикасы үшін 0,5 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны құрайды. 

75.  Студенттерді  қорытынды  аттестаттауды  аптамен  жоспарлау  54 

сағатқа тең, студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік 

жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып 

анықталады. 

Қорытынды  аттестаттаудың  1  кредиті  105  (15х7)  сағат  тең,  яғни  2  апта. 

Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, 

ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады. 

  Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 

1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді. 

Дипломдық  жұмысты  (жобаны)  жазуға  және  қорғауға  2  кредит,  яғни 

тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) 

ресімдеу мен қорғау енеді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің 

өзі  алдын  ала  кәсіптік  практика  барысында  және  теориялық  оқытудың  соңғы 

кезеңінде жүзеге асады. 

76.  Студенттердің  қосымша  оқу  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін, 

оқу  жоспарларындағы  академиялық  айырмашылықты  немесе  академиялық 

қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке 

алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің 

орташа  балын  (GPA)  көтеру  үшін  ұзақтығы  кемінде  6  апта  жазғы  семестр 

(бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 

77. Маманды даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі 

өлшемшарты студенттің теориялық оқу бойынша кемінде 161 кредитті, сондай-

ақ  кәсіптік  практиканың  кемінде  6  кредитін,  дипломдық  жұмысты  (жобаны) 

дайындау,  жазу  және  қорғаудың  кемінде  екі  кредитін,  мамандық  бойынша 

мемлекеттік  емтиханға  дайындық  пен  тапсырудың  кемінде  1  кредитін  игеруі 

болып табылады. 

Сонымен  қатар,  ЖОО  іске  асырылатын  білім  беру  бағдарламаларының 

ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады. 

78.  Семестр  түрінде  ұйымдастырылған  бір  академиялық  кезең  ішінде 

күндізгі  оқыту  нысанының  студенті  18-22  кредит  игеруге  тиіс.  Аталған 

кредиттер  саны  студенттің  алдыңғы  білім  деңгейіне  қарамастан  тәуелсіз 

белгіленеді. 

        79. 

ЖОО 

оқу 


процесін 

берілген 

лицензияға 

сәйкес                           

ұйымдастырады 

және 


білім 

беру 


қызметін 

лицензиялау 

кезінде                                                             

қойылатын 

біліктілік 

талаптарын 

сақтауға 

тиіс. 


        80.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен, 

білікті  профессорлар-оқытушылар  құрамымен,  кітапхана  қорымен,  Интернет 

және  басқа  да  ақпараттық  ресурстармен,  қаладан  тыс  жерлерден  келген 


23 

 

студенттерді  жатақханамен  және  студенттерді  қолдаудың  басқа  да 



қызметтерімен қамтамасыз етеді. 

81.  Материалдық-техникалық  және  оқу-зертханалық  базаға  қойылатын 

талаптар. 

Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық жарақтандырылуы оның 

техникалық және технологиялық мүмкіндіктер ауқымын кеңейтуге бағытталуы 

тиіс. 


Жоғары  оқу  орнында  санитарлық  талаптарға  сай  келетін,  оқытудың 

нысандары  бойынша  оқу  сабақтарын  екіден  артық  емес  ауысымда  өткізуге 

қажетті  аудиториялық  қордың  негізгі  көлемі  және  қосымша  бөлмелері  болуы 

керек. 


Меншік,  шаруашылық  жүргізу  және  жедел  басқару  құқығындағы 

ғимараттардың  оқу  ауданы  оқу  сабақтарының  ауысымдылығын  ескергенде 

келтiрiлген контингенттiң бiр студентіне 6 м

2

 кем болмауы тиіс. 



Тіл  және  тілдік  пәндер  бойынша  оқу  сабақтарын  өткізу  үшін,  сондай-ақ 

студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  үшін  жоғары  оқу  орнында 

лингафон кабинеттері мен оған ұқсас басқа да жабдықтар болуы керек. 

ЖОО оқу сабақтарын және СӨЖ-ді интерактивті нысанда ұйымдастыруға 

мүмкіндік  беретін  соңғы  үлгідегі  компьютерлік  сыныптармен,  интерактивті 

тақталармен жабдықталған болуға тиіс. 

Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  үшін  жоғары  оқу  орнында  оқу 

бағдарламаларының  тиісті  тапсырмаларын  орындауға  мүмкіндік  беретін  түрлі 

тапсырмалармен  (виртуальды  зертханаларды  қосқанда),  бағдарламалық 

қамтыммен  қамтамасыз  етілген  заманауи  оқу-зертханалық  жабдықтар  болуы 

керек. 

Жоғары  оқу  орындарының  оқу  зертханаларына  қойылатын  талаптар 



қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес қабылдануға тиіс. 

82.  ЖОО  әр  студентті  мамандығының  бейініне  сәйкес  кәсіптік 

практикалар базасымен қамтамасыз етеді. 

83.  Жоғары  оқу  орнының  кадрлық  құрамына  қойылатын  талаптар 

лицензиялау  кезінде  білім  беру  қызметіне  қойылатын  біліктілік  талаптарымен 

анықталған. 

Жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу 

бағдарламаларының  талаптарын  сақтаған  жағдайда  оқу  сабақтарын 

ұйымдастыру мен өткізудің түрін және оқытудың әдіс-тәсілдерін еркін таңдауға 

құқылы. 


84.  Ақпараттық  және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етуге  қойылатын 

талаптар: 

Жоғары  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  әрбір  студенттің 

ақпараттық  ресурстар  мен  кітапхана  қорына  еркін  қол  жеткізуі,  барлық 

модульдер,  пәндер,  оқу  жұмысының  барлық  түрлері  –  практикумдар,  курстық 

және  дипломдық  жобалау,  кәсіптік  практика,  студенттің  өзіндік  жұмысы 



24 

 

бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар 



мен аудио- және бейнематериалдардың болуы арқылы қамтамасыз етіледі. 

ЖОО  студенттердің  электронды  кітапханаларда  орналастырылған 

халықаралық  деректер  көздерін  қоса  алғанда  оқу,  ғылыми,  ақпараттық 

базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

Кітапхана  қоры  мен  электронды  және  магнитті  тасымалдағыштардағы 

оқу  әдебиеттерімен  қамтамасыз  ету  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде 

қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

Ақпараттық  және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  ету  студенттердің  өзіндік 

жұмысын жүйелі түрде күшейту арқылы жүзеге асады. 

85. 


Студенттердің 

зерттеу 


қызметіне 

қойылатын 

талаптар. 

        Студенттердің  зерттеу  жұмыстары  оқу  процесінің  жалғасы  және 

тереңдетілуі  болып  табылады  және  кафедраларда,  зертханаларда,  ғылыми, 

конструкторлық  және  жоғары  оқу  орындарының  жобалау  бөлімдерінде, 

студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге 

бюролар, орталықтар, ҒЗИ және т.б.) ұйымдастырылады. 

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) жетекшілікті ЖОО 

профессорлары,  доценттері,  оқытушылары  атқарады.  ЖОО  СҒЗЖ  жүйесінің 

жаппай ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге тиіс. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

25 

 

 



 

 

 



 

Фармацевтикалық мамандық  

бойынша бакалавриаттың  

мемлекеттік жалпыға міндетті  

стандартына 1-қосымша  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет