Қосымша өлім−жітім жағдайынан болатын экономикалық шығынды есептеу
Қосымша өлім−жітім жағдайынан болатын экономикалық шығынды бағалаудың әртүрлі әдістері шекті мәліметтерінің болуына байланысты қолданылады. Аталған нұсқаулықта екі әдіс сипатталған, әлемдік тәжірибеде жиі қолданылатын шығынды бағалауда мемлекетке келтірілетін мезгілсіз өлім−жітімнен болатын шығын.
Пайданы ауыстыру әдісі
Басқа көрсеткіштері жоқ жағдайда қосымша өлім−жітімнен болатын қауіп қатерді бағалауда адамның орта статистикалық өмір сүру көрсеткішінің бағасы (VSL) пайданы ауыстыру әдісі негізінде қолданылады. Аталған әдіс экономикалық бағалауды мезгілсіз өлімді бір елден басқа елге«ауыстыруға» мүмкіндік береді. Бұл жағдай ЖІӨ көрсеткішінің аналогы мен басқа мемлекет тұрғындарының орта статистикалық өмір сүруінің бағасын айқындау үшін қажет. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
х
EDmort =∑(VSLkz Rmortx) (5)
х=1
мұнда:
VSLkz (value of statistical life) – адамның орта статистикалық өмір сүру бағасы, тeңгeмен есептегенде;
Rmortx (additional mortality risk) – ауру себебіне байланысты қосымша өлім−жітімнің қауіп-қатері x, қосымша өлім−жітімнің саны/жылына.
Қосымша өлім−жітімнің қауіп−қатері, қауіп−қатерді бағалау әдістемесін қолдану арқылы анықталады, олар эпидeмиoлoгиялық, cтaтиcтикалық, экcпepимeнтaлды зерттеулер мен тұрғындар денсаулығына химиялық факторлар әсерінен болатын бағалаудың басқа да әдістерін қолданумен жүргізіледі.
Өз кезегінде қазақстандықтардың орташа статистикалық өмірінің бағасы өмір сүрудің туынды құны мен жан басына шаққандағы ЖІӨ басқа мемлекет тұрғынының ЖІӨ көрсеткіші аналогы құнымен септеледі :
VSLkz = (CGDPkz VSLcountry) / CGDPcountry (6)
мұнда:
VSLkz – ҚР орта статистикалық өмір сүру құны, тeңгe;
VSLcountry – cалыстыруға алған мемлекеттің орта статистикалық өмір сүру құны, тeңгe;
CGDPkz (per capita GDP) – ҚР жан басына шаққандағы ЖІӨ, тeңгe/жылына;
CGDPcountry (per capita GDP) – cалыстыруға алған мемлекеттің жан басына шаққандағы ЖІӨ, тeңгe/жылына.
ЖІӨ орташа жан басына шаққандағы бағалау әдісі
Еңбекке қабілетті ересек адамның өлім жітім көрсеткіші белгілі бір аурушаңдық болу себебіне байланысты, орташа жан басына шаққандағы ЖІӨ негізіндегі қолданылатын әдіс.
Келтірілетін экономикалық шығынды бағалау аталған әдіс бойынша түрғындардың мемлекетке экономикалық «пайдасын» анықтауға негізделген. Осы негізде ескерілуі қажет жағдай ол тікелей еңбекке қабілетті ересек адамдарға ғана, яғни 18-жасқа толғандарға жүргізіледі. Есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
х
EDmort =∑(Yx CGDPw) (7)
х=1
мұнда:
Yх – аурудан болған мезгілсіз өлім−жітім себебіне байланысты өтелмеген жылдар саны x, жылдар;
CGDPw – еңбекке қабілетті тұрғындардың жан басына шаққандағы ЖІӨ, тeңгe/адам.
Өтелмеген жылдар саны мезгілсіз өлім жітім мен еңбек қызметінің аяқталу жасы айырмашылығымен, яғни зейнетке шығу жасымен және қайтыс болғандардың орташа жасымен анықталады:
Yx = p – m (8)
мұнда:
p – зейнетке шығу жасы, жылдар;
m – қайтыс болғандардың орташа жасы, жылдар.
Осы негізде ресми статистикада орта жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші барлық тұрғындар санымен есптегенде ҚР заңнамасына сәйкес еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар саны ЖІӨ бөлу арқылы алынып тасталады (орташа 18-63 жас):
CGDPw=GDP/Qw (9)
мұнда:
GDP – ҚР зерттеу жылындағы ЖІӨ ВВП PК, тeңгe;
Qw – ҚР еңбекке қабілетті /жұмыспен қамтылған тұрғындары, адам.
Алайда қазіргі заманғы әдістер адамның денсаулығына туындаған жағымсыз әсерді анықтауға байланысты жылғы химиялық заттардың іс жүзінде емес шоғырлануы, нақты жағдайда пациенттің қайтыс болған белгілеу мүмкіндік бермейді. Аталған тәуелділік қосымша өлім жітім санының (ҚӨС) артуына пайыздық қатынаста фондыққа қарағанда тәуелді. Осы негізде қосымша өлім жітімнен болған экономикалық шығынды анықтау үшін химиялық заттар концентрациясының артуымен болған деп топшалаудың аурушаңдық себебіне байланысты жалпы өлім жітім (ЖӨС) шығынын анықтау керек. Аталған көрсеткіш жоғарыда көрсетілген Edmort көрсеткішін анықтау сияқты есептеледі.
ЖӨС болған шығын көрсеткішін анықтаған соң (EDmort(OЧC)), ҚӨЖ болған экономикалық шығынды (EDmort(ДЧC)) ЖӨС санын ҚӨС көбейтіп арқылы экономикалық шығыны анықталады, aл содан соң алынған санды ЖӨС бөлеміз:
EDmort(ДЧC)= EDmort(ЖӨС) ҚӨС /ЖӨС (10)
Достарыңызбен бөлісу: |